 Тамақтану институтының директоры Төрегелді Шармановпен хабарласып, ашығудың адам ағзасына пайдасы мен зияны жөнінде сұрағанымызда, ол тек пайдасы жөнінде ғана әңгімелеп, тек ашығамын деп "асырып" жіберіп, азабына қалудан сақтандырды. Дәрігердің арнайы рұқсатымен, нақтылы бір жүйе бойынша ашығуға кеңес берді. "Ашығу" деген-күрделі ұғым. Тамақ ішпеудің әдейі жасалатын көріністерінен қарағанда, бұл әлдеқайда төзімділікті қажет ететін қиындау процесс. Адамдар "арықтаймын" деп ашығады, біреуге ерегесіп, қасақана ашығады және белгілі бір аурудың түрлеріне қарсы емделу үшін ашығады. Ал жұрт айтып жүрген менің диетам мынау: Нан, картоп, май, тәтті, майлы қуырылған, ұннан жасалған тағамдарды мүлде жемеймін. Тұзды рациондардан мүлде алып тастағанмын. Таңертең жаңғақ дәндерімен шай ішемін. Түсте көк шай ішемін, тоңазыған жылқы етін, тұздалмаған балық жеймін. Содан соң қызанақ, қияр секіл
...
Толығымен (Подробнее)»
|
*Күшіген еті баспа ауруына шипалы. *Суырдың бауыры сынған сүйектің тез бітуіне көмектеседі. *Ешкінің бауыры көзге пайдалы. Миы сіңірлер мен шандырларды бекітеді. *Малдың өкпе-бауыры мен бүйрегі сол мүшелерінің сырқатына ем. *Иттің тілі жарақатты жазады.
|
Салицил қышқылы-1-бөлік, бор қышқылы-3 бөлік, тальк 20 бөлік қосып, әбден араластырып себу керек. Осы порошоктың біразын таза чулкидің, носкидің ішіне сеуіп кисе де болады. Аяқты сабынды жылы сумен кем дегенде күнара жуып отыру қажет. Дененің аса көп терлейтін жеріне формалин жағуды ұсынады. 40 процентті формалиннің 1 бөлігіне 100 бөлік су араластыру қажет.
|
Бас ауруы3 проценттік (100 мл қайнаған суға 3 грамм мумие) ерітіндіні мұрынға тамызу керек.Бүйректегі тас1 литр қайнаған суға-1 грамм мумие, 10 күн бойы тамақ ішер алдында 3 рет 1 стақаннан қабылдау керек. Үзіліс 5 күн. Ем 3-4 рет қайталанады. Нәтижесінде тас үгітіледі.Тістің қызыл етінің жалаңаштануы100 мл қайнаған суға 2 грамм мумиені ерітіп, күніне бірнеше рет ауызды шайқап, аз-аздап жұтып отыру керек.Кеңсіріктің қабынуы мен тұмау5 ас қасық суға 1 грамм мумие ерітіндісін күніне бірнеше рет мұрынға тамызу керек. Кеңсірік қабынғанда күніне 1 рет ертеңгісін ашқарынға 0,2 грамнан ішуге де болады. 5 күн үзіліс. Ем
...
Толығымен (Подробнее)»
|
-Тұз-тамақ емес! -Тұз ешқашан қорытылмайды, ендеше ағза оны пайдаланбайды. Тұздың ешқандай да тағамдық құндылығы жоқ. Керісінше, зиянды, жүрек-қан тамырлары ауруын, бүйрек, несеп жолдары ауруын туғызады. Оның құрамында ешқандай витаминдер де, органикалық заттар да жоқ. -Тұз-жүректің уы саналады, жүйке жүйесінің ауру сезімталдығын арттырады. -Тұз ағзадағы кальцийді жояды және асқазан-ішек жолдарының жұмысын бәсеңдетеді.
|
Бұл кеңестердің түсініксіз тұстарын, ылғи еске салатынымыздай, дәрігеріңізден сұрайсыз. Шаштың түсуін тоқтатуға қайың жапырағының қайнатпасы өте пайдалы. Ол үшін қайыңның 15-20 жапырағын алып, 2 литр суға салып қайнатады. Қайнаған соң жапырақтарды сүзіп алып, басты қайнатпамен аптасына екі рет жуады. Сондай-ақ қалақай (крапива) тұндырмасы да шаштың түспеуіне жақсы әсер етеді. Тұндырма дайындау үшін 1 ас қасық ұнтақталған қалақай жапырағын 1 стақан қайнаған суға салып, жарты сағат бетін жауып қояды. Кейін жуылған бастың терісін осы қалақай тұндырмасымен сүртеді.
|
Адамда тер бездерінің екі түрі болады. Бір түрі адамның сыртқы денесіне біркелкі жайылған, олар адамның денесін майландырып, жылылықты тәртіпке келтіріп тұрады. Екінші түрі, көбіне қолтық астында болады. Қолтық астындағы тер бездерінің терді көп шығаруы теріні қызартып, жұқа терінің сыртын жаралай бастайды. Қолтық астының терлегіштігін азайту үшін құрғатқыш заттар-танин (ағаш қабығының ұлпасы) және шалфей (дәрі шөп) жапырақтарының тұнбасы қолданылады. Қолтық астын 70 проценттік спиртпен сүртіп, соңынан бор қышқылы опасымен сүртсе де жақсы болады, сол сияқты салицил немесе формалин спиртімен, лизол ерітіндісімен (стақан суға бір ас қасық) сүртсе де пайдалы. Уротропинді опа сияқты үгіп сепкен де жақсы нәтиже береді. Екі хром қышқылды калийдің 0,5 проценттік ерітіндісін жақса да терді азайтып, иісті кетіреді. Бұл айтылған дәрілерді көрсетілген мөлшерден артық қолдануға болмайды, ол теріні күйдіріп, қызартып жіберуі мүмкін.
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Қойдың сүті-жылу мен әл-ауқатты арттырады, денедегі желді басады. Сиыр сүті-несеп ауруларына пайдасы мол, ойды ұшқырлайды. Ешкінің сүті-ентікпеге ем. Жылқы еті-іріңді тоқтатады, бүйрек пен белді желден тазартады. Бірақ қан қысымын көтереді. Балық еті-асқазан, жүрек ауруларына пайдалы, іріңді тияды, көзге де ем. Тауықтың еті-ұрықты көбейтеді, жарақаттарға да ем болады. Қуырылған күріш-сынған сүйектің бітуіне көмектеседі. Тұзды тамақты, консервілерді көп жеу-шаштың ерте ағаруына, түсуіне, бетке әжімнің ертерек түсуіне, қуаттың төмендеуіне соқтырады.
|
Бұл кеңестердің түсініксіз тұстарын, ылғи еске салатынымыздай, дәрігеріңізден сұрайсыз. Беттегі безеуді тез кетіретін маска-қияр маскасы. 3 дана жаңа піскен қиярды ұсақтап турап, 1 стақан қайнаған суға салыңыз да, оған 1 шай қасық бал араластырып, бетіңізге жағыңыз. 25 минут өткен соң, бетіңізді салқын сумен шаясыз. Қиярдан жасалған масканы аптасына 2 рет жасап отырсаңыз, беттегі безеудің кете бастағанына көз жеткізесіз. Осы орайда, сәбіз маскасын да жасаған жөн. Ол үшін 1 стақан сәбіз шырынына 1 шай қасық кілегей араластырып, бетке жағады. 10 минуттан соң, бетті салқын сумен жуады. Сәбіз маскасы безеуді ғана жойып қоймай, бетті тегістеп, әжімді азайтады.
|
Адамның жұмысқа жарамдылығы тұрғысына келгенде 18 жас пен 20 жастың арасы адамның зердесі мен қисынды ойлау, жұмыс істеу қабілетінің ең күшті кезеңі. Ал, адам 30 жасқа толғанда оның бұл қабілеті 4 пайыз кемісе, 40 жасында 13 пайыз, 50 жасында 20 пайыз, 60 жасында 25% кемиді екен. Бұдан 10 жылдан кейін, яғни 70 жаста адам өзінің 18-20 жастағы күш-қуатының 60 пайызын ғана сақтап қалатын көрінеді.Қай сағатта қандаймыз? Жоғарыда жылдар жөнінде айтқан болсақ, ғылым осы жылдарды құрайтын тәуліктің әрбір сағатында адамның әртүрлі күйде болатынын да анықтап отыр. Айталық, сағат таңғы 5 пен 6, сәскедегі 11 мен 12, түстен кейінгі 16 мен 17, кешкі 20 мен 21, түнгі 24 пен 1аралығында адамның жұмыс істеу қабілеті күшейіп, артатын болса, түнгі 2 мен 3, сәскедегі 9 бен 10, түскі 14 пен 15, кешкі 18 бен 19, түнгі 22 мен 23 ара
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Соңғы жылдары жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жүгері аналығының өт жүргізетін қасиеті бар екені дәлелденді. Оның әсерінен өт секрециясы артады да, билирубин саны азаяды, өт сұйылады, қандағы протромбин саны артады, диурез күшейе түседі. Жүгері аналығын басқа да дәрілік өсімдіктермен қосып холецистит, гепатит кезінде өт жүргізетін және өт бөліп шығаратын дәрі ретінде, сондай-ақ қан кетуін тоқтататын препарат ретінде қолданады. Соңғы кезде жүгері майы шипалы дәрі ретінде пайдаланып жүр. Жүгері майының құрамына кіретін май қышқылдарының қандағы холестерин санын кемітетін қасиеті бар, сондықтан жүгері майын күнбағар майымен бірге атеросклероздың алдын алуға және оны емдеуге қолдану ұсынылады.
|
Асқазанның қыжылдауы, астың дұрыс қорытылмауы, жел қарысу, гастрит секілді ауруларға ерте кезде ең қарапайым ем қолданып, таңертең аш қарынға бір стақан шикі картоп сөлін ішкізетін болған. Тамақты одан бір сағат өткен соң ішкізген. Он күн осылай ішкен соң он күн демалдырып барып емді қайта бастаған. Одан әрі екінші рет он күн демалдырып, қайтадан он күн емді бастаған. Халық ем-домында бауырдың ауырғанына ем ретінде жарты стақан ашыған капуста сөлін жас помидордың жарты стақан шырынымен араластырып, тамақтың соңынан күніне үш мәрте ішкізген.
|
Әдетте қуықтың қабынуы (цистит) несеп жолдарына суық тигеннен пайда болады. Циститпен ауыратындар қатты тоңбауы керек, сондай-ақ, жазды күндері де аяқты жылы ұстау қажет. Егер қуықтың қабынуымен ауыра қалсаңыз, төмендегідей рецепт бойынша ем жасаңыз. 15 г танап қырықбуыны (полевой хвощ), 15 г қазтабанның тамырсабағы (корневища лапчатки) мен 20 г жолжелкенді (подорожник) 2 стақан қайнаған суға салып, 1 сағаттай бұқтырады. Осылай әзірленген тұндырманы күнде жатар алдында 1 стақаннан жылытып ішсеңіз, нәтижесі көп күттірмейді.
|
Бүйрек ауруларының түрлері көп. Олардың арасында тұрмыста жиі кездесетін бүйректің төмендеуі (нефронтоз), іріңді нефрит, пионефроз (бүйрек түбінің іріңді несеп бөлуіне байланысты кеңуі), паранефрит (бүйрек айналасындағы үлпершек тканьдарының қабынуы) т.с.с. кеселдер баршылық. Олардың әрқайсысы ерекше тәсілдермен, түрлі дәрі-дәрмекпен емдеуді қажет етеді.Диагноз нақты анықталғанда ғана бүйрекке ем-дом қолдануға болады. Науқас адам қатты әбігерге түскен кезде бүйректі "емдеу" үшін резеңке ыдыс (грелка), ыстық ванна пайдалану да қауіпті екенін еске сала кету артық емес. Бүйректен бөлінген несептің көмегімен жиналған тасты, құм қиыршықтарын "су екпінімен жылжыту, шығару" тиімді әдістер қатарына жатады. Ол үшін науқас адам бірнеше күн бойына тәулігіне екі рет (таңертең және кешке) 30-50 минут аралығында 6-8 стақан су ішуі керек. Осы кезде бүйрек қызметі күшейеді. Несептің бөлінуі артады. Ал, тасты
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Халқымыз ежелден сыйластықты қадір тұтқаны аян. Тіпті айнала қоршаған аң-құстың өзін барынша қадір тұтқан: "Қасқыр да қас қылмайды жолдасына" деп, қасқыр екеш қасқырға да жаны ашыған. Жаз айларында күшіктерін тойындыру үшін қасқыр алысқа жортып, бірнеше күн болмай қалса, бөлтіріктері аштан өліп қалмас үшін оған ет әкеліп тастап отырған. Осыны сезген қасқыр да "жақсылықты жақсылық" дегендей, қойшы малына бөтен бөрілерді жолатпай қорғайды екен. М. Қазбеков
| |