Қожағұл деген момын кедей ертеде Түркстан қаласына келіп, өзінің Талжан деген таныс делдалының үйіне қонып отырады. Талжан әңгіме айтуды жақсы көреді екен. Бірақ әңгіме айтқанда малтасын езіп, тыңдаушысын әбден мезі қылады екен. Ол ұзақ жолдан шаршап-шалдығып келген. Қожағұлға қаладағы саудагерлердің бірін мақтап, біріп даттап әңгімесін соза беріпті. Шыдамы таусылған Қожағұл:-Талеке, менің сізден бір сұрағым бар, сол айтып отырған саудагерлерің өзі тамақ іші ме екен!?-депті. Көп сөйлеп кеткенін сезген Талжан сонда барып:-Бәйбіше, тамағыңды әкел,-депті.(«Күлдіргі-сықақ әңгімелерінен»)(Еркін аудармалар) Табылған бала
Біреу орман арасынан тоқылдақтар тәрбиелеп өсірген бір баланы тауып әкелген екен. Ол үш күннің ішінде деревнядағы тоқылдатуға болатын жердің бәрін түгел быт-шытын шығарыпты.Екі қайың
-Әке (папа), алқаш деген кім?-Терезеден тысқа қарашы, 4 қайың көрініп тұр ғой, ия? Ішкіштер оны 8 қайың дейді. Ұқтың ба?-Ұқтым, папа... Бірақ, көрініп тұрған төртеу емес, 2 қайың...
|