Воскресенье, 07.12.2025, 07:56
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 11
Гостей: 11
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » Тәлім өлең
« 1 2 3 4 5 6 7 8 9 »
Аққулар көркем көрінер,
Айдын шалқар көлдегі.
Құралайдың балдары,
Бұл да көркем көрінер,
Орғып қашқан шөлдегі.
Қатарланған қалың көш,
Бұл да көркем көрінер,
Сағым шалған белдегі.
Қыз, жігіт көркем көрінер,
Қалың дара елдегі.
Аруанадан туған кез өркеш,
Бұл да көркем көрінер
Айт-айт деген жердегі.

Қыз бала көркем көрінер,
Беттегі нұ ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 1075 | Добавил: модератор | Дата: 30.08.2012

Тілек
Бірінші тілек тілеңіз,
Бір аллаға жазбасқа.
Екінші тілек тілеңіз,
Ер шұғыл пасық залымның
Тіліне еріп азбасқа.
Үшінші тілек тілеңіз,
Үшкілсіз көйлек кимеске,
Төртінші тілек тілеңіз,
Төрде төсек тартып жатпасқа.
Бесінші тілек тілеңіз,
Бес уақытта бес намаз
Біреуі қаза қалмасқа.
Алтыншы тілек тілеңіз,
Алпыс басты ақ орда,
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 977 | Добавил: модератор | Дата: 18.08.2012

Түркмен халқының абыз ақыны
Мақтымқұлының термесі
Биік таулар, бойшаңмын деп шіренбе,
Тасың құлап, сен де типыл боларсың.
Терең теңіз, тәкаппарсып шіренбе,
Суың кепсе, сен де бір шөл боларсың.
Үлгі тұтса тыңдаған жұрт сөзіңді,
Менменсімей төмен ұста өзіңді.
Данаға ерсең күндей ашар көзіңді,
Наданға ерсең қараңғы көр боларсың.

Тұлпар мініп, сұлу құшқан, әуре жан,
Не әкетпек, шіркін мына ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 2883 | Добавил: модератор | Дата: 06.08.2012

Не жаман?
Біріншіде не жаман?
-Білімсіз болған ұл жаман.
Екіншіде не жаман?
-Ананың тілін алмаған,
Қасарысқан қыз жаман.
Үшіншіде не жаман?
-Үш жерінен буғызып,
Көрге салған сол жаман.
Төртіншіде не жаман?
-Төресін ғаділ бермеген,
Парақор болған би жаман.
Алтыншыда не жаман?
-Алғашқы алған әйелің,
Көп ішінде кеңкілдеп,
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 2446 | Добавил: модератор | Дата: 26.07.2012

Ассалаумағалейкум, нар Кемпірбай...
Кемпірбай ақын ауырып жатқанда Әсет ақын көңілін сұрай келеді. Әуелі Әсет Кемпірбайға көңілін сұрай өлең айтады:
Ассалаумағалейкүм, нар Кемпірбай,
Науқасқа шипа берсін патша, құдай.
Аспанға айнала ұшқан ақ сұңқарым,
Кез келіп жайған торға бопсың мұндай.
Науқасың меңдеу тартты дегеннен соң
Жыладым бәйіт айтып үш күн ұдай.
Дауысым танимысың, атым-Әсет,
Мен келдім әдейі іздеп көңіл сұрай.
Япырау, жауап қатпай кеткенің бе,
Алашқ ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 1858 | Добавил: модератор | Дата: 14.07.2012

Біздің көңіл қайда жатыр
Ой, қалқа, біздің көңіл қайда жатыр,
Толқыған он төртінде Айда жатыр.
Ат тұрса, атан тұрса көз салмайтын,
Арғымақ мың теңгелік тайда жатыр.
 Қош иісі жарқыратып көңіл ашқан,
Аққұйрық памилный шайда жатыр.
Гүл шашақ, жұпар иісті жайлауында
Көңілім ел қонбаған сайда жатыр.

Қиядан торға түскен ақсұңқардай
Көңілім қапаланған жарда жатыр.
Білетін асыл жайын жан болмаса,
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 1222 | Добавил: модератор | Дата: 01.07.2012

Ерейментау
(үзінді)

Сарысуды ауылым жанай қонған,
Әкем-Құтпан, ағайым-Шоңай болған.
Қазы, қарта әкелсе жемеуші едім,
Түрменің қара наны балдай болған.

Іші жаман түрменің темірлеген,
Шіркін көңіл қайғымен семірмеген.
Жан-жағымның, қарасам, әскер бәрі,
Терезеден кім қалды телмірмеген?

Болған екен несібем менің түзден,
Күдер үзіп жүр ме екен ел-жұрт бізден?
Оқта-текте қайран ж ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 1740 | Добавил: модератор | Дата: 20.06.2012

Жас жігіт надандықпен алданады
Жас жігіт надандықпен алданады,
Атақты адам деген малданады.
Байқамай пайдасыздың жолына еріп,
Жолынан өнер-сымбат құт қалады.
Сұлу ат, келте киім, керім-кербез,
Сүйініп сипатына таңданады.
Пысықпын деп көп сөйлеп мылжың болып,
Ант ішіп бір сөз айтса қарғанады.
Шұғыл мінез, сұмпайы, сөзі әдепсіз
Біреумен қалжыңдасса шамданады,
Өтірікке өлгенше шебер болар,
Сүйкімсіз ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 1897 | Добавил: модератор | Дата: 08.06.2012

Еділ бол да, Жайық бол,
Ешкімменен ұрыспа,
Жолдасыңа жау тисе,
Жаныңды аяп тұрыспа.
Ердің құны болса да,
Алдыңа келіп қалған соң,
Қол қусырып барған соң,
Аса кеш те қоя бер,
Бұрынғыны қуыспа.
Ақың болса біреуде
Айыбын тап та ала бер,
Ерегесіп ұрыспа.
Сенікі жөн болса да
Атың шықпас дұрысқа.
Мінезі жаман адамға
Енді қайтіп жуыспа. ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 975 | Добавил: модератор | Дата: 31.05.2012

Лұқпандай мың жас әркім жасай алмас,
Жаратқан бұйрығынан ешкім қалмас.
Дүниенің төрт бұрышын ұстағанмен,
Дем бітсе, кесер басты ажал алмас.
Шылдырмақ жас баланың ойынындай,
Азды күн дүние ғой көңіл алдас
Басты иген көп құлшылық неге керек,
Де де қой: «Екі дүниенің өзің оңдас!»
Тар заман құрсауында өтсе де өмір,
Адамдық қасиетке жастан жармас!
Мәз болмай азды күнгі күн көріске,
Есіңе ал келешекті, жора-жолдас!
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 1047 | Добавил: модератор | Дата: 18.05.2012

Қарамас  ешкімге тік қадап көзді,
Қайтарар жұмсақ жауап, тосып сөзді.
Сынаптай қозғалысы ылпып тұрған,
Қалпында қашан көрсең бір мінезді.

Әдемі ағы аралас қызыл бетті,
Ерсі сөз ешкімге де айтпас тіпті.
Қыр мұрын, қызыл ерін, аппақ тісті,
Әдепті әзіл сөзге ауызы епті.

Саусағы жүзіктен де іске ыңғайлы,
Бітірмей үй шаруасын еш тынбайды.
Тұрады күйеуіне күле сөйлеп,
Қит етсе әбжыландай ысқырмайды.
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 1709 | Добавил: модератор | Дата: 10.05.2012

Өлеңін жазған Т. Тәжібаев
Әнін жазған С. Рысбаев

Кеудемді тербеп жыр-ана,
Самғаттым көңіл құстарын.
Басылар ма екен сірә да,
Өмірге деген құштарым.

Жастық шақ өтті ойланбай,
Түсіндік оны кешігіп.
Туған күндерді мейрамдай
Тойлаушы ек әр кез қосылып.

Адамның жастық ғұмыры
Қайта бір қолын созбайды.
Достықтың алтын тұғыры
Өтсе де жылдар тозбайды.

Тойларсың менсіз тағы да,
Бүгінгі туған күніңді.
Сыйлаушы ед ләззат жаныма
Сағындым, достым, үніңді.

Кез келер тыным табатын,
Өмірін кім бар өлшеген.
Қаққанда жылдар қанатын
Алыстап кеттім мен сенен.
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 928 | Добавил: модератор | Дата: 03.05.2012

Осы күн жолдас болдым сексенменен

Осы күн жолдас болдым сексенменен,

Кез болды кәрілік, шіркін, сескенбеген.
Қартайсаң күнің қандай аянышты,
Талтақ бұт, ойдық желке, күржік жаурын,
Тартылып бауыр шандыр бүршеңдеген.

Кесірі болады екен қартайғанның,
Өлеңді қартайған соң айта алмадым,
Айт деген қатар, құрбы, жеңгейлердің,
Назарын ол күндерде қайтармадым.

Жатқаным-жанға жақсы жантайғаным,
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 2890 | Добавил: модератор | Дата: 25.04.2012

Өлім туралы

Баладан, мал мен жиһаз болмас пайда,
Қазір біз тексерусіз жүрміз жайға.
Тірлік бітсе өлмегің шын емес пе,
Бұрынғы ата-бабаң-бәрі қайда?

Сыбызғы, сырнай қызық әлі-ақ кетер,
Білдірмей жүргеніңде ажал жетер.
Бақи санап жүргенің бәрі фани
Өкініш сонда қалар, өмір өтер.

Өлімнің жанды затқа болмағы хақ,
Өлімге өлшеулі дем арналған шақ.
Тірлікті босқа өткізбей ғапылатп ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 1776 | Добавил: модератор | Дата: 11.04.2012

Жұмыққа
Атың емес, Жұмық-ай, оның жұмық,
Бір басыңнан шығады нелер қылық.
Сүйінбайдың аты бар, өлеңі жоқ,
Жүргендей боп кеттім-ау көзді жұмып.
Сүйінбайды апарып көмгеннен соң,
Отырарсың жотада жалғыз ұлып.

Өмірді келген, кеткен аңдамайсың,
Адамның болашағын болжамайсың.
Асыл сөздің білмейсің қасиетін,
Жаман ойға келгенде талғамайсың.
Қиял мінез, томырық от пен жалын,
Қайтейін, о ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 1694 | Добавил: модератор | Дата: 03.04.2012

Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2025  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz