Қоғалы көлдер, қом сулар,Кімдерге қоныс болмаған,Саздауға біткен қара ағаш,Кімдерге сайғақ болмаған.Жағына жалаң жібек байлағанАрулар кімнен қалмаған.Жағы түкті жылқы айуанИесін қайда жаяу салмаған.Жалп-жалп еткен жапалақЖазыда кімге жолдас болмаған.Сар шыпшықтай шырлатыпҒазырейіл кімдерге құрық салмаған,Сақалына сары шіркей ұялап,Миығына қара шыбын балалап,
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Бір насихат айтайын,Тыңда мұны, балалар!Есіткендер ұмытпа,Қайсыңда сенің сана бар?Жақсың аттан жығылса,Жаманың тұрып табалар.Ендігі сорлы бейшараҚорыққанға барып паналар.Қария қалды ақылдан,Қастық шықты жақыннан.Ендігі күнің кем болған,Тәубе қылмай қапы өттіңӘуелгі бұрын жасыңнан.Бай кедейді көрмейді,
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Толғау (Үзінді)
Жарасар ер кемде-кем,Егес болса қабақта.Әшейінде әркім-ақӨтіп жүрер санаққа.Баяны жоқ дүние-ай,Бітсейші дәулет талапқа!Жаманнан жолдас ертсеңіз,Болмайды сірә амалы.Басыңа мехнат-күш боларДостай болған жаманы.Ой жіберіп көрейін,Қөңілді қозғап шамалы.Алдымдағы жақсылар,
...
Толығымен (Подробнее)»
|
«Жалп-жалп ұшқан жапалақ...»
Жалп-жалп ұшқан жапалақАттансаң жазы түзде көрерсің,Жаман туған бар болса,Жаман жолдас көп болса,Жазаны содан көрерсің.Туырлықсыз қара үйгеТу байламақ не керек!Туғаны жоқ жалғызғаКөп ішінде суырылып,Жауға шаппақ не керек!Күпшек санды тіл жалмаған күреңдіТілеген достан аяман!
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Бір күні ауылдың даңғой жігіттерінің бірі тұзды әбден мақтапты.-Тұз-жеті қазынаның бірі, онсыз еттің де, нанның да дәмі болмайды,-дей беріпті әлгі жігіт.-Бір нәрсені айтпай кеттің,-дейді сонда шешен,- тұз сөздің де дәмін кіргізеді.Бізде қоразсыз-ақ күн шығады
Бөлтіріктің үйіне қонған бір қонақ ұйқыдан өте кеш тұрыпты. Ол ұялғаннан былай дейді:-Біздің жақта таң атарда қораз шақырушы еді...- Бізде қоразсыз-ақ күн шығады,-депті сонда үй иесі.
|
«Айналасын жер тұтқан...»
Айналасын жер тұтқанАйды батпас демеңіз,Айнала ішсе таусылмасКөл суалмас демеңіз.Құрсағы құшақ байларданДәулет таймас демеңіз,Жарлыны жарлы демеңіз,Жарлы байға тең келіп,Жайлауға жарыса көшпес демеңіз.Жалғызды жалғыз демеңіз,Жалғыз көпке теңеліп,Бір жапанда соғысып,Кегін алмас демеңіз.
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Бір ақынға
Аптығыңды баспасам жөн болмайды, Тәңірі бақ берген жан кем болмайды. Томар су тасығанмен көл болмайды, Шіркінде иманы жоқ өң болмайды. Терең сай шөккенімен бел болмайды, Бұл ақын тым есіріп бара жатыр, Біраз соғып алмасам, ем болмайды.
Сұрасаң, менің атым-Құлтума-ды, Момыннан Құлтумадай ұл тумады. Қолға алып домбыраны шырқағанда, Тамсантып, шіркін көмей, бұлтылдады!
|
"Қазаққа пайда мынау...."
Қазаққа пайда мынау: малын бақсын,Отқа жайып, суарып, бағып-қақсын,Ұлда бір көз, жалшыда екі көз жоқ,Соқыр кісі мал жайын қайдан тапсын.Байлар малын бақса екен өзі жүріп,Кедей де өлмес еді күнін көріп,Өз малын өзі бақпай бос қаңғырар,Бір кедейді жалдайды пайда көріп.Жаман бай кімді ондырар өзі оңбаған,Жанын қорттап, суыққа бір тоңбаған,Іштей,
...
Толығымен (Подробнее)»
|
«Ақсаңнан биік тау болмас...»
Ақсаңнан биік тау болмас,Бауырынан қашқан күзен көрінбес.Ақсам батпай түн шықпас,Ажал жетпей жан шықпас,Етекті кессең жең болмас,Ежелгі дұшпан ел болмас.Қара қойдың терісінСабындап жусаң ағармас,Қалған көңіл табылмас.Қараша торғай қаз болмас,Шағала келмей жаз болмас,Шаңқан болмай боз болмас.Іштен қыңыр туғанды
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Термелер
Жаман туыс-бір масыл,Арқалаған құммен тең.Жақсылығың істегенЕлекке құйған сумен тең.Келіннің зекіп айтқаны-Езіп құйған умен тең.Көңілсіз берген тамағы-Құм аралас күлмен тең.Жаман болса әйелің-Көрген күнің түнмен тең.Атадан жаман ұл туса-Елестеген жынмен тең.Жақсы болса әйелің-
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Не жетім?
Ел қонбаса жер жетім, Құс қонбаса көл жетім. Кемпірі жоқ шал жетім, Иесі жоқ мал жетім. Соқыр болса көз жетім, Тыңдалмаған сөз жетім. Тыңдаушысыз дана жетім, Ата-анасыз бала жетім, Қағазсыз қалам жетім, Ақылсыз адам жетім!
|
Жалғасы...Даудың мәселесі талқыланып, таманың қариясы:-Найманның жігіті бесеу, бұл біреу, байлап тастамай ма? Таяқ жесе нашарлығы, не деп айып төлейміз?-дейді.Сонда Шілменбет:-Найманның жігіттері бесеу екен,Бесеуі күйелеш көсеу екен.Көсеуде құн бола ма?Сұрағаны нешеу екен.Көзіне құн жоқ, айыпты өзі.Жігіт келмейді, болмаса қыздың сөзі,Көзіне қоса қарындасын берсін,Таяқ жейді жігіттің өзі.-деп шешім айтады.
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Қаратаудың теріскейін қоныстанған Балталы Найманда Бидаш атты әйел болыс болады. Шілменбет пен Бидаш бірде былай кездеседі.Таманың бір жігіті Найманның бір қызымен көңіл қосып, түнделетіп барып жүреді екен. Оны сезген найманның 5 жігіті оны тәубесне келтірейік деп бір түн аңдып кездестіреді. Таманың жігіті алғыр, жаужүрек екен, бесеуін де сабап, біреуінің көзі шығады. Дау басталып, Тама жағы Наймандарға айып төлемейді. Шілменбет ара би болып, бітістіруге Найман Бидашқа келіп жолығады. Сонда Бидаш салған жерден Шілменбетті сынайын деді ме:-Шілекең, Шілекең деп Қаратаудай көтергенге көрікті екен десем қара кемпірдей неме екен ғой-депті.Сонда Шілменбет:-Қара деме көмірді,Балқытады темірді.<
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Бекболат биге
Мен пайғамбардан бастасам,-Әңгімеге кетермін,Едігеден бастасам,-Ертегіге кетермін.Келтесінен қайырсам-Сөз түбіне жетермін.Енді сізге не дермін:Бай болмаған бай болса,-Жайламаған сай қоймас,Би болмаған би болса,-Айтылмаған сөз қоймас,Хан болмаған хан болса-Қанамаған ел қоймас.Баласын мақтар бас жаман,<
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Толғау
Ойламаңдар жігіттер,Баста дәурен тұрмайды.Өтіп кеткен сұм жалған,Қайтып мойын бұрмайды.Адам қонақ өмірге,Бір күні қолын бұлғайды.Тірліктің түбі белгісіз,Ағын бір судай зырлайды.Опасыз мынау дүние,Тұтқа болған кімдерге.Өмірдің соңы өкініш,Санамен ойлап білгенге.Қадірі болмас адамның,Ортаңда тірі жүргенде.
...
Толығымен (Подробнее)»
| |