Воскресенье, 07.12.2025, 07:29
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 6
Гостей: 6
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » Әзілдер
« 1 2 3 4 5 6 ... 9 10 »
Ақыл
Әйелі дүкенге баруға әзірленіп жатқанда күйеуінің айтқаны былай болды:
-Сен ақша алдың ба?
-Алдым.
-Байқа! Бір тиынын уысыңнан шығарма!

«Кәсіпкер»
-Сенің күйеуің қандай шаруамен айналысады?
-Сырамен.
-Өндіре ме, жоқ болмаса, сатуға дайындап жүр ме?
-Сатып алады да ішеді.

«Өзгерістер»
Егер күйеуіңді еркелетсе ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Әзілдер | Просмотров: 980 | Добавил: модератор | Дата: 08.09.2012

Жақсыға жаман кесір
  Патша заманында Көкше өңірінің Қозыбай деген бір жақсы адамы Семей жаққа жер ауып келіпті. Сонда Темірғали шешеннің айтқан жұбату сөзі:
-Жақсыға жаман кесір, жақсы кетсе-жесір. Табында жақсы болса пайдасы тиер, еліңде тентек болса найзасы тиер, кең қолтық қоғамшыл болсаң халқың сүйер. Шошынбас жүрек болмас, тосылмас жүйрік болмас, дәміңді алыстан жазса, бармасқа басыңда ерік болмас.
  Қисық ағаш тезден мұқайды, дау сөзден мұқайды, ел ішінен шыққан дұшпан жаман, өзінен-өзі мұқайды. Ер жігітке тағылған шынжыр, арқан-ар емес, қайратпен оны сүйретпеген нар емес. Біздің елдің жаманы басыңыздан пәле кетпестей көріп жүрген шығар, Сіздің елдің жаманы енді оралып келместей көріп жүрген шығар. Дәміңізді алыстан жазса, топырағыңызды туған жерден жазар, еш нәрс ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Әзілдер | Просмотров: 3154 | Добавил: модератор | Дата: 01.09.2012

Ілгеріде Аралбай деген шешен өтіпті. Ол кісіні жеңем деп келген адам алғашқы сөзден-ақ тосылып, жеңіліп кете береді екен.
Мұны естіп жүрген Майлықожа деген қоңқақ мұрын би бір күні «қандай шешен болсаң да, сені бір сүріндірермін» деп жолға шығыпты. Қасына бірер кісіні ерте шықса керек.
...Кешке жақын ауыл жанындағы төбенің басына шығып, жан-жағына көз жіберіп қарап отыру Аралбайдың әдеті екен. Осылай таза ауада тамашалап отырған оған Майлықожа:
-Ассалаумағалайкүм,-деп алдына келе беріпті.
Мұның жәй емес адам екенін сезе қойған Аралбайдың көзіне ең алдымен Майлықожаның мұрны түсіпті.
-Уағалайкүмассалам, шырағым, мұрныңды әрі тартшы, тасаңдағы кісіні көрейін,-деген екен.
-Уа Аралбай, мен сені қ ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Әзілдер | Просмотров: 1005 | Добавил: модератор | Дата: 17.08.2012

Байқа
-Әйеліңді еш нәрсеге нандыра алмайсың, басын мың айналдырып, айтқаныңа көндіруге болады...

«Қиын жағдай... »

Дәрігер науқас еркектің әйеліне былай деді:
-Күйеуіңіз аса қиын жағдайға тап болып отыр. Бұл жөнінде өзіңіз ептеп айтып жеткізерсіз.
-Немене?! Сонда ол өліп қала ма?!
-Одан да жаман жағдайға ұшырап отыр. Енді ол сыраны аузына татып ала алмайды...
Қонақтар
Үй иесі қонақтарға:
-Ойбай-ау кеткейі жатырсыздар ма?
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Әзілдер | Просмотров: 1021 | Добавил: модератор | Дата: 07.08.2012

  Баяғыда бір кемпір болыпты. Ол жасаулы үйде жалғыз тұрады екен. Ұрылар жалғыз кемпірдің жиязына қызығып күнде аңдып келіп, тыныштық бермепті.
  Бір күні ымырт жабыла, қараңғы үйде кемпір қаннен-қаперіз тегенедегі көжесін сапырып ішіп отырады. Осы кезде сырттан тасыр-тұсыр дыбыс білінеді. Жабықтан сығаласа ұрылар үйді қоршап алыпты. Санаса сегіз екен.
  Сонда кемпір дауыстап келініне айтқан болып, былай дейді:
-Сапырып-сапырып Сабырбайға бер.
Өзің ішіп, маған бер.
Төрдегі төртеуге,
Есіктегі екеуге де бер...

... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Әзілдер | Просмотров: 972 | Добавил: модератор | Дата: 27.07.2012

Айтты...
Көршілер әңгімесі...
-Кеше сіз әйеліңізге неге соншама қатты айқайлап тиістіңіз?
-Ол ақшаны қайда жұмсап жібергенін айтпай қойды.
-Ал, жарайды, солай болсын дейік, бүгін неге айқайладыңыз?
-Бүгін ол ақшаны қалай жұмсағанын түп-түгел айтып берді...

Азғана
Тұрмысқа шыққан қызына шешеснің  берген сұрағы:
-Күйеуің қалай, қандай адам екен?
-Тамаша адам екен. Не сұрасам, бәрін сатып алып береді!
-Демек, аз сұрай ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Әзілдер | Просмотров: 982 | Добавил: модератор | Дата: 15.07.2012

Есі ауысқан ба?...
-Мен Джонның есі ауысып кетті ме деп қалдым. Өзің ойлашы, кілем сатып алған екен, енді үйіне кірген қонақтардың бәріне аяқ киімдеріңді шешіңдер дейді екен!
-Жаңа кілемді былғамасын дейтін шығар?
-Кілемі қабырғада ілулі тұр ғой!..

Мақтаншақ па?
-Менің әйелім үйге кешірек келсем болды, айқай-шу шығарып ақыл-есімнен тандыра жаздайтын. Бәлемнің жазасын тарттырдым ғой! Енді жұмған аузын аша алмай қалды.
-Апыр-ай, ә! Сонда не істедің?
-Ымырт үйірілсе болды, үйден шықпайтын болдым...

... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Әзілдер | Просмотров: 906 | Добавил: модератор | Дата: 02.07.2012

Қап жоғалтпақ, арқан жоғалтпақ
Ертеде аңқау базарға барып, апарған арқандарын, қаптарын, ұрлатып жұрдай болып қайтыпты. «Жалғыз жоғалтқан мен десем әйелім ұрсып жүрер, жұрттың көбі-ақ қабы мен арқандарын жоғалтты дейін» деп ойлапты. Үйіне келген соң әйелі:
-Базар қалай болды?-депті.
-Базары құрысын: қаптап жүрген қап пен арқан жоғалтқандар,-деп күмілжіпті.

Ұқсауын ұқсайды...
Бір бай құрбандыққа қой шалыпты. Онысы өте семіз шығыпты. Құрбан иесі қуанып кетіп:
-Аппақ май, семіздігі нақ шошқадай екен!-дейді, сонда қасында отырған батагөй молда:
-Бұл қ ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Әзілдер | Просмотров: 1154 | Добавил: модератор | Дата: 21.06.2012

Қорқақ қу
Үш адам жолаушы келе жатып далаға түнейтін болады. Жапан дала, түн тастай қараңғы.
Жолаушылардың екеуі өздерінің қорқақ екендіктерін білдіреді. Сонда үшінші қорқақ та болса қу жолаушы тұрып:
-Қорықсаңдар, бірің оң жағыма, бірің сол жағыма жатыңдар,-депті.

Шіңи дегенің шиқа май ғой
Ертеде бір байдың екі қатыны бар екен. Тоқалы сақау, аңқау екен де, бәйбішесі қатал, қу екен. Тоқалды тамақтан қағып күн бермейді екен.
Бай тоқалын аяп, бір күні ет турап отырып, оған:
-Мына бір сіңірді шайнап тасташы!-деп, бір жапырақ майлы етті лақтырып жібереді.
Тоқал байдың қулығын түсінбей:
-Шіңи-шіңи дегенің шиқа май ғой!-депті.
Категория: Әзілдер | Просмотров: 878 | Добавил: модератор | Дата: 09.06.2012

Жарнама
-Көгілдір экранға ауа райын әлсін-әлсін хабарлап тұратын түрі келісті, тартымды келген өтірік айтуға майталман бойжеткен қажет.

Әйел қоңырауы
Зайыбы құдай қосқан еркегіне қоңырау шалды:
-Менің мәшинем сынып қалды,-деді ентігіп.
Күйеуі күйіп-пісіп айқайға салды:
-Оған не болып қалды аяқ астынан?!
Әйелі:
-Карбюраторына су кіріп кетті!
Еркегі:
-Қайдағы карбюраторды айтып тұрсың?! Сен оның қай жерде орналасқанын да білмей ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Әзілдер | Просмотров: 955 | Добавил: модератор | Дата: 01.06.2012

Ақылды бала
Баяғыда бір бала жеті жасында ақылды бала атаныпты. Сол ақылды бала туралы әңгімені естігенде бір шал:
-Оның несі жақсы дейсің. Адам бала күнінде ақылды болса, қартайғанда ақымақ болады,-депті.
Мұны әлгі ақылды бала тыңдап тұр екен. Ол дереу шалдан:
-Ата, сіз бала күніңізде өте ақылды болған шығарсыз,-дейді.
(«Қазақтың күлдіргі-сықақ әңгімелерінен»)

Үйге кіргенде
(орысша әзілдерден)
< ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Әзілдер | Просмотров: 923 | Добавил: модератор | Дата: 19.05.2012

Түсінбедім
Көгілдір экран дикторы менің миымды жарты сағат ашытып, үрейге бөледі: шахтада жарылыс болыпты, жол-көлік оқиғасында 10 кісі өлген екен, коммуналдық төлемақы 50 пайызға көтеріліпті, шошқа тұмауы тауықтыкімен бірігіп кетіпті, жер сілкінісі мен топан-судың қаптауы хауіпі бар көрінеді, бұған қоса қалада кісі өлтіргіш әңгүдік пайда болған екен... Ал осылардан кейін маған қарап күлімсіреп, пәлен жердегі зоопаркте бір піл босанды дейді-түсінбедім... Жаңа ғана өзі айтқан қым-қуыт жағдайларды естіген соң, менің пілдің туғанына қуанып, көңілім жайлансын дегені ме?! Жымияды. Неге ғана езуі құлағына жетіп отырғанына түсінбедім... Бәлкім кішкентай туған піл мендейлердің жүректерін қуанышқа бөлеп, кірбің атаулыны жуып-шайып кетеді деп ойлаған шығар...

Категория: Әзілдер | Просмотров: 973 | Добавил: модератор | Дата: 07.05.2012

Бір заманда тышқандар жиналыпты, мысықтан қалай құтылуды кеңесіпті. Ұзақ әңгімеден кейін бір тышқан тұрып:
-Мысықтың мойнына қоңырау тағып қою керек. Сонда оның келе жатқаны алыстан естіледі. Біз інге тығылып үлгереміз,-дейді. Көпшілік:
-Бұл табылған ақыл екен,-деседі.
Сонда манадан үндемей отырған бір ақылды тышқан тұрып:
Жарайды, мысықтың мойнына қоңырау тағу керек дедік. Ал, сонда оның мойнына қоңырауды кім, қайсың барып тағасың?-депті.
(«Қазақтың күлдіргі-сықақ әңгімелерінен»)
Категория: Әзілдер | Просмотров: 983 | Добавил: модератор | Дата: 21.04.2012

Аз-мәз қулық:
-Дүкеннен сатып алған кеспеңізді, орысша айтқанда, басқа біреудің құлағына іліп қойғыңыз келсе, онда оны өсімдік майына бөктіре сылап іліңіз, сонда кеспенің (лапша) тауарлық түрі ұзаққа сақталады деген сөз бар.

Тамақ ішкен сайын...
-Менің әйелім ас әзірлеуге өте шорқақ. Сондықтан тамақ ішіп болғаннан кейін ылғи бір шешімімді орындаймын: «құдай-ау, денсаулығымды сақтай гөр» деп жалбарынамын...

Қоңырау
-Бұл телефонның шырылы құлағыма аса жағымды естіліп, көңілім жайланды. Өйткені өзім танысқан бойжеткенге «үйлеріңе барсам қайтеді?» деп едім, ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Әзілдер | Просмотров: 964 | Добавил: модератор | Дата: 13.04.2012

Ертеде бір жігіт үйленеді. Өлмелі ауру анасы бар екен. Оны әйелі жақтырмайды. Өлсе екен деп тілейді. Күйеуіне:
-Анаң әбден бәле болды. Онан қалай құтыламыз?-дейді.
Жігіт анасын жақсы көреді екен, өлмесе игі еді деп тілейді. Әйеліне:
-Онан құтылу оңай: күнде майға өкпе-бауыр қуырып бере бер, сонда ол өзі-ақ өледі,-дейді.
-Әйелі аңқау екен. Күйеуінің айтқанын істейді. Кемпір ауруынан айығып кетеді.
(«Қазақтың күлдіргі-сықақ әңгімелерінен»)
Категория: Әзілдер | Просмотров: 881 | Добавил: модератор | Дата: 09.04.2012

Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2025  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz