Воскресенье, 07.12.2025, 07:29
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 6
Гостей: 6
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » Ел аузынан
« 1 2 3 4 5 6 7 8 »
  Бірде Шымкентте өткен ояздық жиналысқа Шойынбет би төрелік жасайды. Келгендердің кейбіреуі оның шағын денесіне, жұпыны киіміне қарап «Мыны түріңмен қандай билік айтып жарытарсың» дегендей сыңай танытады. Сонысын дәлелдегісі келген әлгілердің бірі: «Шойеке, менің сізге сауалым бар, соған жауап беріңіз»,-деп қолқа салады. Шойекең бұған қарсылық білдірмейді.
  -Байлық жақсы ма, бақ жақсы ма, бала жақсы ма?-дейді әлгі. Сонда Шойынбет:
  -Байлық-қолда ұстаған мұз, бақ-ұзатылған қыз, бала-адамнан қалған із,-деп жауап қайырыпты.
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 905 | Добавил: модератор | Дата: 04.08.2012

Ерден Сандыбайұлы өзі батыр, әрі шешен, би замандастарымен бір жиында отырғанда былай депті:
Батырлықтан не пайда?
Ажалға қылар пайда жоқ,
Сараң байлықтан не пайда?
Халыққа келер пайда жоқ.
Қанша жақсы болсаң да,
Ағайының білмейді,
Өлгеннен соң өкінер,
Уа, дүние, дүние боқ!

                ***

«Болар бала қандай болады, болмас бала қанда ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1312 | Добавил: модератор | Дата: 24.07.2012

Балпық би бір жазда Ақтайлақ шешенге кездесіпті:
-Сені Ақтайлақ екен десем, боқ тайлақ екенсің ғой,-дейді.
-Сені мен Балпық екен десем, ақылы жоқ тантық екенсің ғой,-депті оған Ақтайлақ.
-Пайғамбар ақ түйесін қайда жоғалтты, ал сен ақылды болсаң соны айтшы,-депті Балпық.
-Ақ түйе жоғалтып іздеп жүрген пайғамбарды көргенім жоқ, сен көрсең, қане өзің айтшы,-депті Ақтайлақ.
-Мен айтсам пайғамбар ақ түйесін жоғалтқан жоқ. Ақ түйе дегені ол жарықтықтың ақ көңіл, ақ ниет, ақ тілегі ғой. Әркімде сондай асыл қасиет болсын деңіз,-депті Балпық би.

Категория: Ел аузынан | Просмотров: 884 | Добавил: модератор | Дата: 12.07.2012

Бала би қартайған шағында халқын жинап:
Жерде ауыр не?
Судан терең не?
Оттан ыстық не?
Көктен биік не?

-деп төрт сұрақ берген екен. Ешкім шеше алмапты. Сонда Бала би өзі айтқан сұрақтарын өзі былай деп шешіпті:
Жерден ауыр дегенім-ақыл, білім,
Судан терең дегенім-оқу, ғылым,
Оттан ыстық дегенім-фәни, жалған, адамның өмірі,
Көктен биік дегенім-тәкаппардың көңілі.
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 846 | Добавил: модератор | Дата: 29.06.2012

Қарашаш өліп, Жиренше қартайып, ақылсыз әйел, парықсыз бала сыйламай, Жиреншеге бұзау баққызып, тезек тергізіп қояды. Көріскелі келген әз Жәнібек Жиреншеге далада кездесіп:
Уа, шешенім, тезек теріп жүргенің қалай?- дейді. Сонда Жиренше шешен іркілместен:
Қатын шайпау, ұл тентек,
Екеуледі, ей ханым!
Кәрілік жеңді, мал тайды,
Төртеуледі, ей ханым!
Басымнан бақтың тайғанын
Көрмейсің бе, ей ханым!
Арқамдағы қу тезек,
Әркімге келер бір кезек,-депті.
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1274 | Добавил: модератор | Дата: 18.06.2012

Жақсы дос қандай болады дегенде Бала би айтыпты:

Екі жақсы дос болса,
Біріне-бірі өш болмас.
Бақ қонбайтын жігітке,
Іздегені дос болмас.
Бұлақсыз сай тасқынмен көл болмас,
Жаманның қанша айтқаны ем болмас.
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1362 | Добавил: модератор | Дата: 28.05.2012

Қарашаш Жиренше орта жасқа келгенде қаза болады. Жиреншенің бұрынғы жас күні емес, қыз қарастыруға ыңғайы келмей, бірер жыл жүреді. Бір күні әз Жәнібек хан Жиреншеге: «Шешен, сенің үйленбей жүргенің жарамайды; пәленшенің қатыны ерінің тұсында жақсы әйелдің бірі еді, соны сен ал!»-дейді. Жиренше шешен: «Сіз ұйғарған болсаңыз жарайды»,-деп сол қатынды алады. Арада біраз уақыт өткенде хан: «Шешен, мына қатының бұрынғылардай болатын ба, қалай?»-дейді. Сонда шешен: «Күндіз екеуміз, түнде төртеуміз»,-дейді. Хан: «Түнде төртеуің қалай?»-дегенде, Жиренше шешен былай дейді:
Ері есіне түседі,
Теріс қарап жатады,
Оныменен ол екеу.
Қарашашты ойлаймын,
Мен де теріс қараймын,
Оныменен м ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1082 | Добавил: модератор | Дата: 16.05.2012

Қатының жаман болса сата алмассың,
Еліңе жақсы жігіт атанбассың,
Үйіңе бір құрбыңды ертіп келіп:
«Әй, қатын, ас қазан»,-дей алмассың.

Жылға сай, батпақ болса өте алмайсың
Жастан шыққан жүйрікке жете алмайсың.
Дүниенің жүзінде осы қиын,
Жаман деп ағайыннан кете алмайсың.
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 883 | Добавил: модератор | Дата: 02.05.2012

Тоғыз жасар Жетес тоқсандағы Төле биге сәлем бере барыпты: сонда Төле би былай деген екен:
-Бата басқа, қына тасқа, ақыл жасқа, не қалайсың, балам?-депті.
Сонда Жетес бала:
-О, қасиетті баба! Ат берсеңіз өліп қалады, тон берсеңіз тозып қалады. Ат, тонға бергісіз өлмейтін, өшпейтін, өмірі естен кетпейтін бір өсиет айтсаңыз соған ризамын,-депті.
-Онда қолыңды жай, балам,-деген Төле би:

-Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің санасы бол!
Бір елдің атасы болма,
Бар елдің данасы бол!
Бір тонның жағасы ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1506 | Добавил: модератор | Дата: 14.04.2012

Жас кезінде бір құрдасы Қашағанға:
-Өзіңе атың сай келмейді-ау,-дегенде Қашаған:
-Тіл-көзден құдай сақтасын деп, атымды тергеп қойған болар,-деген екен.

***
Қызылбөрік Мақсұт Қашағаннан:
-Елдің бірлігі неден бұзылады?-деп сұрайды.
-Өсек пен  көре алмаушылықтан,-деп жауап беріпті би.
(Н. Төреқұлұлы "Қазақтың 100 би-шешені" Алматы "Қазақстан" 1995ж)
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1279 | Добавил: модератор | Дата: 02.04.2012

Бір келіншекті көріксіз деп күйеуі менсінбейді екен. Ал, дұрысында келіншек әп-әдемі болу керек. Оны қайын сіңлісі жақсы көреді екен.
Қайын сіңлісі бір күні жеңгесін әдемісің деп мақтайды. Ол келіншекке ұнап кетеді. Жеңгесі қайын сіңлісіне:- Осыны сен ағаңның алдында айтшы!-деп жалынады.
(«Қазақтың күлдіргі-сықақ әңгімелерінен»)
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 872 | Добавил: модератор | Дата: 26.03.2012

Қашаған би қыдырып келген құдасына кетерінде бүкіл елге әйгілі Қаракеш жорғасын мінгізіп жібереді. Бұған баласы Әбіттің ренжімегенін сезген би:
-Алғаныңды білгенде, бергенді білмесең, жетесіз боларсың,-депті. Сол құдасы қонақ болып барғанда Әбітке құда бала деп атан түйе сыйға тартқан екен.

***

Қашаған би жігіт болып қалған баласы Бәтжаннан:
-Балам байлық пен кедейліктің арасы қандай жол?-деп сұрапты. Сонда Бәтжан кідірместен :
-Заманына қарай өзгеріп отыратын бұлдыр жол,-депті.
-Алдыңнан ақ күн тусын!-деп батасын беріпті.
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1176 | Добавил: модератор | Дата: 13.03.2012


Жалғасы...
Қашаған би қыдырып келген құдасына кетерінде бүкіл елге әйгілі Қаракеш жорғасын мінгізіп жібереді. Бұған баласы Әбіттің ренжімегенін сезген би:
-Алғаныңды білгенде, бергенді білмесең, жетесіз боларсың,-депті. Сол құдасы қонақ болып барғанда Әбітке құда бала деп атан түйе сыйға тартқан екен.
***
Қашаған би жігіт болып қалған баласы Бәтжаннан:
-Балам байлық пен кедейліктің арасы қандай жол?-деп сұрапты. Сонда Бәтжан кідірместен:
-Заманына қарай өзгеріп отыратын бұлдыр жол,-депті.
-Алдыңнан ақ күн тусын!-деп батасын беріпті.
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 919 | Добавил: модератор | Дата: 19.02.2012

Орманбек батыр бірде Қашағаннан:
-Қарадан хан туа ма?-деп сұрайды.
-Ешкім анадан хан боп тумайды. Хан болу адамның даналығында,-деп жауап беріпті Қашаған би.

***

Бірде атақты бай:
-Қашекем, армандамайтын адам бола ма?-дегенде.
-Армандамайтын адам жоқ. Қол жетпейтінді армандағанша, еңбегіңмен жететіңді армандап, зейнетін көрген жақсы,-депті.

***
Орман шешен Қашаған биден:
-Қашекем кімді пір тұтасыз?-деп сұрағанда:
-Анам мен әкемді, елім мен жерімді пір тұтамын,- деген екен.
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1015 | Добавил: модератор | Дата: 15.02.2012

Сырым сынамаққа Бөкен биге сәлем бере барса, қарт:
-Қай баласың?-депті.
-Даттың баласымын,-депті Сырым.
-Қой баға алмайтын жаманнан да қолақпандай ұл туады екен-ау!-дейді Бөкен.
-Отандық ағаштан оқтық мүсін шығады деген қайда? Шалдың үш түрі болады деуші еді: қадірсіз шал, қызымыр шал, қыдырма шал. Өзің соның қайсысың?-депті Сырым.
Сонда Бөкен қарт селк етіп:
-Бала, қадірсіз десең халқымнан сұра, қызымыр десең қатынымнан сұра, қыдырма десең көршімнен сұра?-деген екен.
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1339 | Добавил: модератор | Дата: 24.01.2012

Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2025  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz