Воскресенье, 07.12.2025, 07:56
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 11
Гостей: 11
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » Ел аузынан
« 1 2 3 4 5 6 7 8 »
Отырсам опақ дейсіңдер,
Тұрсам сопақ дейсіңдер.
Ел шетіне жау келсе,
Ізбастыдай ұл тумас дейсіңдер.
Жау кеткен соң-қубас дейсіңдер,

Аласаны атқа санама,
Жаманды затқа санама.
Бір сынаған жаманды
Егіз екі сынама,
Тіріде сыйласпаған туыс,
Көзге құм құйылсын,
Өлгенде жылама!

Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1095 | Добавил: модератор | Дата: 21.01.2012


Ата тұрып ұл сөйлесе, ержеткені болар
Сырым жиырма алты жасында бір жолдасымен Нұралы ханның үйіне барса, Қараман тана Малайсарымен сөйлесіп отыр екен.
-Балалар аман ба?-депті де, елемей өздері сөйлесе беріпті. Сырым жолдасына дауыстап:
-Жүр кетейік, бұлар бізді адам деп отырған жоқ қой!-дейді.
Малайсары жалт қарап:
-Ата тұрып ұл сөйлегеннен без.
Сырнайдай сарнаған мына бала кім еді?-дейді.
-Ата тұрып ұл сөйлесе, ер жеткені болар,
 Ана тұрып қыз сөйлесе, бойжеткені болар,- дейді Сырым.
-Сен толған екенсің, мен тозған екенмін,-деп Мала ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 2025 | Добавил: модератор | Дата: 12.01.2012

Елден бөлектеніп бір кісі отырады екен. Ешкіммен араласпайды. Сол кісі Шілменбетті үйіне шақырса ол бармапты. Себебін сұрағанда былай деп жауап беріпті.
-Бір үй-оба, екі үй-шола, үш үй-жоба, төрт үй-қоғам, бес үй-той думан, елге қосылса қой соймай қоян сойса да құрметті қонағы болам,-депті (бұл аңыз-әңгімелер Шымкентте тұратын М. Рүстемов жинаған деректерден алынды).
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 911 | Добавил: модератор | Дата: 20.11.2011

Жер дауымен байланысты Орта Жүзде Ормамбет биге бір сөзінде Әйтеке: «Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін, батыр болсаң, жауға найзаң тисін, бай болып елге пайдаң тимесе, батыр болып, жауға найзаң тимесе, елден бөтен үйің күйсін» деген.
Суалмайтын суат жоқ,
Тартылмайтын бұлақ жоқ,
Құйрығы суда тұрса да,
 Уақтысы жеткенде,
Қурамайтын құрақ жоқ.
Дүние деген фәни бұл,
Баласы жоқта мият жоқ,
Бәрінен қиын сол екен,
Артыңда жанған шырақ екен...»-
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 3088 | Добавил: модератор | Дата: 30.09.2011

Бір күні Қаражігіт би Қазыбектің үйіне келіп қонады. Әңгімелесіп отырғанда Қазыбек:
-Уа балам, атадан жақсы ұл туса, елдің туы болады деп еді, атадан жаман ұл туса, көштің соңы болады деп еді. Соның қайсысы боласың?-дейді. Сонда Қаражігіт:
-Ораздының кәрісі қартайғанда қазына болады деп еді, шиырлының кәрісі қартайғанда қазба болады деп еді. Сіз өзіңіз соның қайсысы боласыз?-депті.
-Еншалла, қазынамыз ғой,-дей беріпті сонда Қазыбек.
-Еншалла, біз елдің туымыз,-депті Қаражігіт.

Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1780 | Добавил: модератор | Дата: 16.09.2011

Ертеде бір кісі ауылдың сыртына келіп, кездескен жігіттерден маған қонақасыны тәуір беретін үйді сілтеңдерші дейді. Қу жігіттер шетте тұрған ақ үйді нұсқап:

-Анау үйдің жақында қадірлі кемпірі өлген, соған барып құран оқыңыз. Құран оқыған кісіге олар қазан асып, бар сый-сипатын жасайды,-дейді.

Жолаушы әлгі үйге кіріп келеді де, елдің баяғыдан келе жатқан салты бойынша, амандаспастан, төрге шығып отырады да, заулатып құран оқи бастайды. Үй иесі ашуланып:

-Өй, өз басыңа көрінгір, қайдағыны қайдан шығарып отырсың,-деп таяқ ала жүгіріпті.

Ана жігіттердің қулықпен әдейі алдап жібергенін біледі де, құранды қоя салып, үй иесіне:
-Е, сен өлгенде қолым тие ме, тимей ме деп алдын ала оқып тұрғаным ғой,-дейді.

... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 864 | Добавил: модератор | Дата: 29.07.2011

Бір мәжілісте бас қосып сөйлесіп отырғанда Шоң биге Мұса мырза:

Ақ сауыт деп нені айтамыз,
Арғымақ деп нені айтамыз?
Ақылды деп кімді айтамыз,
Ер жігіт деп кімді айтамыз?-
деп сұрақ қойыпты.

Бұған Шоң:
Ақ сауыт деп айтамыз,
Атқанға оқ өтпесе.
Арғымақ деп айтамыз,
Желкенде жылқы жетпесе.
Тозған елді септесе
Ер жігіт деп айтамыз,
Жауға тастап кетпесе!- депті.

Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1259 | Добавил: модератор | Дата: 14.07.2011

Қарадос би бір жолы Қарақалпақтың 90 жасқа келіп отырған Маман би деген қарт биіне сәлем бере келсе, үйінде бір жас әйел жұмыс істеп жүреді. Ол әйел Маманның кімі екенін Қарадос біле алмайды, әйел сыртқа шығып кеткенде, Қарадос Маман биге:
-Мәке, жасыңыз нешеге келді?-деп сұрақ қояды. Оған Маман түсіне қалып:
-Ой, шырағым Қарадос. Менің жасымның несін сұрайсың? Мен алпысымда алпері, жетпісімде желпері, сексенімде ару ері болдым. Тоқсанымда топтан торай шалдырмадым, жүзге келсем де алғанымның көңілін қалдырмаймын,-депті.
Оған Қарадос:
«Мен сіздің ерекше қабілетіңізге таласым жоқ. Бірақ та жалпы алғанда кісі алпысында әрлі-берлі, жетпісінде жер таянып тұрады, сексенінде сегіз көзінен айырылады, тоқсанында тоқалы келмейді қасына, жүзге келгенде қарға-құзғын да қонбайды-ау басы ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1297 | Добавил: модератор | Дата: 02.07.2011

Қаз дауысты Қазыбек ел аралап жүріп бір үйге түсепті. Ерінің үйде жоғына қарамастан, әйелі қонақтарды жақсы күтіпті. Сонда Қазыбек-«Әйелі мұндай, мұның ері қандай екен?»-деп тамашалап, жүре қоймай отырғанда үйіне ері келеді. Қараса, ері ұя бөріктеу ғана адам екен, Қазыбек әзілдеп, жолдастарына қарап былай депті:

Жараңдар, бұл сөзімнің мәнісі бар,

Мәнсіздің мәндіменен не ісі бар?
Құданың құдіретіне қарап тұрсам,
Жапалақ үйрек алған бір ісі бар.
 
Сонда әйел Қазыбектің сөзіне түсініп қалып:
Биеке, ол сөзінің мәнісі бар,
Мәнсіздің мәндіменен көп ісі бар.
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1370 | Добавил: модератор | Дата: 28.06.2011

Момынқұлдың үйінен аттанар алдында, екі күннен бері оның әңгімесін зер сала тыңдап отырған Тілеғабыл, Айтқұл, Кәдірсіз деген құдалары Қожамжар шешеннен «Ақылды мен ақылсыздың парқы қандай?» деп сұрағанда, ол мынаны айтыпты:

-Ақылсыз адам қайғысыз өмір сүреді. Оған дүние күйіп кетсе де бәрі бір. Ал, ақылды адам-қайғылы өмір сүреді. Ол әрбір ақымақтың бүлдірген ісіне күйініп жүреді. Әрбір бұзық-тентектің мінезіне күйіп-пісіп, шашы ағарады. Оларды тезге, жөнге саламын деп жүріп, өзінің есіл өмірін өкінумен өткізіп ақырында қор болғаны өзі де сезбей қалады,-деген екен.

Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1411 | Добавил: модератор | Дата: 18.06.2011

Ізбасты жетпіс бес жасқа келгенде әйелі өліп, Шолтай дегеннің Көбе деген қызын айттырады. Қыз Ізбастыны кәрісініп былай деген екен:

-Қиса қиуы келе ме,

Қарағайдың талменен.

Дәмі бірдей бола ма,

Қара судың балменен.

Бізге лайық бола ма,

Айттырғанмен малменен.

Қайтіп ойнап-күлерміз

Жетпіс бестегі шалменен.
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1138 | Добавил: модератор | Дата: 31.05.2011

Енді бір аңызда ауылына келіп отырған Төле би мен Қазыбек Әйтеке баладан:-«Жігіттің жақсысы қандай болады?» деп сұрапты.

-Дұрыс сөзге тоқтай біліп, басқаны сөзіне тоқтата білген,-дейді Әйтеке.

Сол уақытта үйге бір түлкіге дауды екі кісі келіп кіреді.

-Бала, осы даудың төрелігін сен бере қойшы,-дейді билер.

-Мен түлкінің жүні жетілсін деп жаз басынан сыртынан бағып жүр едім,-дейді жауапкер.

-Мен кешегі қансонарда ізімен келіп індеттім,-дейді ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1180 | Добавил: модератор | Дата: 24.05.2011

Қожамжар шешен жасының  ұлғайған шағында Қаражан деген ауылдас, замандасымен бірге Қаратаудың күнгей бетіндегі Керегетас ығында отырған Момынқұл деген күйеу баласының аулына жолы түсіп, ат басын бұрады. Таздар Момынқұлдың келіншегі Сүлгетай Қаражанның қызы еді. Оның аты Базар болатын. Екі бірдей төркіні келген қыз қуанышы қойнына сыймай оларды қарсы алады. Оншақты жасқа келіп қалған Сарыпбек деген жиені «Нағашылап», олардың атын байлайды. Момынқұл тынбай еңбектенетін орта шаруа кісі болатын. Дереу бір қойын сойып оларға қызмет етеді. Дастарқан үстінде өткен-кеткен әңгіме айтылады. Біреулердің әдепті балалары енді біреулердің есерсоқ, әдепсіз ұл-қыздары сөз болады. Сонда Қожамжар шешен:

Есерсоқ болса ұл жаман,

Есуас болса қыз жаман,

Татымсыз болса тұз жаман,

Ерімесе мұз жаман,

Асу бермес құз жаман,

Табаннан ө ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1290 | Добавил: модератор | Дата: 16.05.2011

Тоқтамыс би Арқадағы Арғын ішінің беделді биі болған. Елдің сүйіп қойған аты «Тоқаш» және «Әйе». Өзі өте семіз кісі екен. Егде кезінің өзінде 15 пұт шамасында болған. Тоқаш соны азсынып:
-Өй, балалар-ай, қартайған екенмін. Бұрнағы жылдары өлшенгенімде 19 пұттан артық едім,-депті.
Бұның замандасы-Мәлике дейтін қылыш тілді қатын болған. Ол да семіз-ақ болған. Бір сапарында Тоқаш, Мәликенікіне ат басын тірепті. Үйге кірсе, әйел үйде жоқ екен. «Үйге кісі келдіні» естіп, Мәлике кешікпей келіпті.
-«Әйел семіз болса-үйдің жұты, еркек семіз болса-елдің құты»,-дегендей, үйіңді жұтатып қайда жүрсің?-депті Тоқаш. Сонда Мәлике:
-Ел аузынан: «Еркек семіз болса-есек, әйел семіз болса-төсек» дегенді естіп едім-депті.

Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1140 | Добавил: модератор | Дата: 22.04.2011

Уақ Қозыбай шешен жер аударылып Семей еліне барып, Бекболаттың қолында тұрады. Сонда Қозыбайдың көңілін аулап бір мәжілісте Бекболат былай деген екен:

Еліңде жақсы көп болса пайдасы тиер,
Содырлы, сотқар көп болса найзасы тиер.
Қоғамшыл, кең қолтық болсаң халқың сүйер.
Жақсыға жаманнан кесір,
Ішінен жақсы кетсе ел жесір.
Өзіңе жамандық қылған пендеге,
Жібектей болып есіл.
Қисық ағаш тезінен мұқар,
Асқынған дау сөзінен мұқар.
Жақыннан шыққан жау жаман,
Алмас қылыш жүзінен мұқар.
Жаңылмас жақ болмас,
Сүрінбес тұяқ болмас.
Ер жігітке еңбек ар емес,
Оны көтермеген нар емес,
Жігітке серуен де серуен,
Сергелдең де серуен,
Уа, Қозыбай, дәм-тұзыңды бізден жазсын,
Топырағыңды жеріңнен жазсын!
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1162 | Добавил: модератор | Дата: 14.04.2011

Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2025  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz