Воскресенье, 07.12.2025, 07:56
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 11
Гостей: 11
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » Ел аузынан
« 1 2 ... 4 5 6 7 8 »
Тобықты Әнет баба қартайып, жасы 90-ға келгенде ел дауы, жер дауы, жесір дауына көп араласпай "Кәләм Шәриф", Қожа Ахмет Иассауи, Сопы Аллаяр, "Нұрнама" секілді кітаптарды оқып оңаша жатады екен. Қоржын-қоржын кітаптарды ақтарып, кейде көзінің жасы сақалын жауып жылап алады екен, кейде балаша мәз болып күледі екен. Кейде тұңғиық ойға батып, орнынан тұрып ешкімге ештеңе айтпай қыр асып қыдырып кетеді екен.
-Әнет баба, не іздеп жүрсіз, кімді іздеп жүрсіз?-деп сұрапты бірде ауыл сыртында жолығып қалған Қазыбек би.
-Өзімді іздеп жүрмін, шырағым,-деп жауап беріпті Әнет баба.
Жас Қазыбек ештеңені ұға алмай аңтарылып тұрып қалыпты.
-Түсінбегеніңді біліп тұрмын. Өзімді іздеп жүрмін дегенімнің мәнісі мынау, шырағым. Адам баласы Алланың әмірімен жарық дүниеге келгенде пәк, адал, таза ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1240 | Добавил: модератор | Дата: 05.04.2011

Ескелді, Балпық, Жолбарыс, Орақты әрі батыр, би-шешен, әрі әулие, аруақты кісілер болған. ("Жерұйық", 8 қазан 1992 ж) газетінде мынандай бір аңыз жарияланады.
"1939 жылы кәрістер жер аударылып келгенде отын-судан тапшылық көріпті. Күндердің күнінде бір кәріс атаның зиратынан шеңгел орып жүреді. Соны көрген жергілікті қазақтың бірі "әй, бауырым, қасиетті бейітке жолама, киесі ұрады" деп ескертеді. Кәріс бой бермепті.
-Тоңып өлетін болдық қой,-деп шеңгелмен қоса ата зиратының кебу ағаштарын да арқалап үйіне алып кетеді. Сол күні зират ағашымен бойы жылынған кәріс тоғыз баласымен қоса үй-ішімен опат болыпты.Содан кейін кәрістің қариялары атаның басына барып молдаға құран оқытып, аруағына сиыныпты,-дейді.
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 916 | Добавил: модератор | Дата: 23.03.2011

Жантай деген бай малшысымен төбелесіп, сол төбелесте байдың бір күрек тісі сынады. Жалшы "сенен шығамын" деп ақысын сұрайды. Бай "тісімді сындырдың, соның төлеуі үшін алдым" деп ақысын бермейді. Екеуі Қазыбекке келеді.
Жантай тұрып: "Мынау менің жалшым еді, өзіммен төбелесіп, бір күрек тісімді сындырды. Бұның құнын сұрасам бермейді. Жалға берген ақымды бер деп жүр",-дейді. Сонда жалшы тұрып:
Мен жалға жүрдім Жантайға,
Бір тай алмақ болып алты айға.
Бұл асына жарытпады
Мен күшіме жарытпадым,
Содан барып төбелес туды,
Жазым болып күрек тісі сынды.
-Байдың аты бай емес пе, ақымды бермейді, үйінен қуады. Би ата, әділдігіңізге жүгінгелі келдім,-деп сөзін аяқтапты. Бұл дауға Қазыбек мынандай билік айтыпты.
-Ас адамның арқауы еді. Жантай асқа жарытпаған соң жалшыға күш қайдан дарысын. "Аш кісі ұрысқақ" деген, төбелестің шығуына да өзің себеп болғансың. Сондықтан мынаның ақысын бер, күрек тісің құнсыз. Еркектің ет ж ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1456 | Добавил: модератор | Дата: 17.03.2011

Қақсалбай күзде ел аралау сапарынан қайтып келе жатып, Мүзлипа қыздың үйіне әдейі бұрылып, қонуға "сөйлес қып" ат үстінен:
Жоқ еді бұл ауылға таныстығым,
Кім білер Баянауыл алыстығын.
Сыпайы жолаушымыз, рұқсат керек,
Бірің шық сөйлесуге жарықтығым,-

депті. Сонда Мүзлипа:
Түседі қонақ таңдап үйді байқап,
Түнгі ұры басынғанын кетер жайпап.
Түс деуге қой өрісте, жылқы жонда,
Ұйытулы айран да жоқ берер шайқап.

Қақсалбай:
Әзілмен айтқан сөзді теремісің,
Жүдеген түрімізді көремісің?
Түн қатып тоңазыған жолаушымыз,
Құрт езіп бір-екі аяқ беремісің?

Мүзлипа:
Қиылса қызыл ағаш қын болады,
Қонақты қуса бойға мін болады.
Атынан түспей бұрын құрт сұраған,
Жолаушы әкімсінген кім болады?

Қақсалбай:
Таныдым: Мүзлипа қыз-ау деймін,
Төрт аттың сортаң жерде ізі-ау деймін.
Болғанда сіз-Қуандық, біз-Сүйіндік,
Жігіті Жанғ ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1013 | Добавил: модератор | Дата: 26.02.2011

Қозыбай жер аударылып Семей еліне барып, аға сұлтан Бекболаттың қолында тұрады. Сонда Қозыбайдың көңілін аулап бір мәжілісте Бекболат былай деген екен:

Еліңде жақсы көп болса пайдасы тиер
Содырлы-сотқар көп болса найзасы тиер.
Қоғамшыл, кең қолтық болса халқың сүйер,
Жақсыға, жаманнан кесір,
Ішінен жақсысы кетсе ел жесір.
Өзіңе жамандық қылған пендеге
Жібектей болып есіл.
Қисық ағаш тезінен мұқар,
Асқынған дау сөзінен мұқар.
Жақыннан шыққан жау жаман,
Алмас қылыш өзінен мұқар.
Жаңылмас жақ болмас,
Сүрінбес тұяқ болмас.
Ер жігітке еңбек ар емес,
Оны көтермеген ер нар емес.
Жігітке серуен де серуен, сергелдең де серуен,
Уа, Қозыбай, дәм тұзыңды елден жазсын,
Топырағыңды жеріңнен жазсын.

Қ. Қаңтарбайұлы, М. Медірбайұлы
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1120 | Добавил: модератор | Дата: 22.02.2011

Едіге батыр, әрі би жөнінде аңыз-жырлар мол. Соның бірінде оның жастайынан мысы басым болғаны мегзеледі.
Бірде Тоқтамыс ханның зайыбы "Осы қасыңызда жүрген жалшы балаңыздың аруағы сіздің аруағыңыздан басым көрінеді",-дейді. "Ей, тентек қатын, есігімдегі жалшының аруағы неғып менен артық болады",-деп хан шамданады. Ханым: "Ендеше сіз байқамай жүр екенсіз". Едіге: "Аллаң жар болсын" деп кіріп келгенде қашанда сіз селк ете түсесіз, сескенетініңізді өзіңіз де білмейсіз.
Егерде менің сөзіме иланбасаңыз: киіміңіздің етегін кілемге тебен инемен түйреп қояйын, сол уақытта селк ететініңіз мәлім болар",-дейді. Ханым ханның етегіне тебен ине түйрейді. Сол уақытта Едіге: "Алла жар болсын" деп есіктен кіріп келгенде, хан селк ете түседі, тебен ине ортасынан шорт сынып, аспанға ұшады. Ханым: "Енді білдіңіз бе аруағының зорын?!"-деп ханға қарайды
. ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1114 | Добавил: модератор | Дата: 08.02.2011

Бір сараң үйінде нанға бал жағып, жеп отырады. Үстіне бір танысы кіріп келеді.
Сараң нанды жасырып, балды жасырып үлгермейді. Құр балды жей бермес деп ойлап, келген танысына:
-Бал жей отыр,-дейді.
Ол балды нансыз-ақ асап жей береді. Барлығын жеп қояды деп сараңның зәресі ұшып шыдай алмай:
-Балды көп жей берме, жүрегіңді ауыртады,-дейді.
Танысы сараңның ниетін түсініп:
-Сенің жүрегіңді ауыртпаса, менің жүрегімді ауыртпайды!-депті.
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 883 | Добавил: модератор | Дата: 26.01.2011

Ертеде бір қолынан іс келмейтін олақ адам бар екен. Сонысына қарамастан ол оны-мұныны істеуге әуес болыпты.
Бір күні әлгі олақ өткір шотпен ағаш шауып отыр екен, қасынан өтіп бара жатқан бөгде біреу оқыс бұрылып, бірден шотқа жармасып:
-Бұл менің әкемнің шоты, сен мұны қайдан алдың?-деп пәле салыпты.
Олақ:
-Бұл өз шотым!-деп өзеурейді.
Ақыры бірін бірі жеңе алмай, қазыға жүгініске келеді. Даукес қазыға олақтың шотын да, шауып отырған ағашын да ала келген екен.
-Тақсыр, бұл менің әкемнің шоты, оған дау болмасқа керек!-депті Даукес.
-Оны қайдан білдің?-депті қазы.
-Оны білгенім, әкемнің шоты шапқан сайын өрлейтін, міне мына шотта дәл сол қасиет бар екен?-деп әр жері қиқа-жиқа болған ағашты көрсетіпті.
Сөзден жеңілген қазы шотты Даукеске бергізіпті.
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 891 | Добавил: модератор | Дата: 22.01.2011

Мөңке байдың үйіне арық құнанына мініп Сырым бала келеді. Баланы көзге ілмеген бай: "Балаға айран әкел" деп, ет бергізбепті.
Таңертең аулада семіз қызыл тұсақтың үйелеп өліп қалғанына қайғырған Мөңке:
-"Құтты қонақ қонса, қойы егіз табады; құтсыз қонақ қонса, малын қырсық шалады" деген қызыл тұсақ үйелеп өліпті, бала, құтсыз қонақ болдың. Енді үйімнен кет,-деп ызғар шашады. Сонда Сырым бала:
-Олай болмас, "Құтты қонақ қонса, малы өліп, басы аман қалады; құтсыз қонақ қонса, өзі өліп малы иесіз қалады" деген. Менің қандай қонақ екенімді өзіңіз біліңіз, байеке,-депті мысқылды үнмен.
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1106 | Добавил: модератор | Дата: 14.01.2011

Малайсарының аулы төменгі Топайлы қаласының аузында екен. Сырым ауылына келгенде қарт азғантай қойының алдында жүр екен.
-Аға кім болдыңыз?-деп сұрапты.
Малайсары:
-Шырағым, кім болайық, осы жердегі аз үй танамыз-дағы,-депті. Сонда Сырым:
-Тананың қайсысың? Жеті үй-Жиенбекпісің? Бес үй Бессарымысың? Тышқан құлақ-Асанбысың? Төлеуден алған Құнанбысың?-дегенде, Малайсары:
-Шырағым, Тананың пәленімін деп неғылайын. Танысаң танырсың? Мен де сені танып тұрмын. Даттың аузына шайтан түкірген, бір қу аяқ баласы атқа мінді деп естіп едім. Сен сол бала боларсың! Сонда Сырым:
-Бәлі аға, сол бала боламын. Ауылдан шыққанда сізді сөзден ұтсам, Тананың алжыған шалы деп күлкі қылайын, сөзден ұтылсам, ат мінгі ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1319 | Добавил: модератор | Дата: 03.01.2011

Сырым он бес жасында бір құшақ отын құшақтап Нұралы ханның ауылының сыртынан өтіп бара жатса, иығына шапан жамылып далада тұрған хан баланы шақырып алып:
-Үй ішінің кемдігі отын-сумен жетіледі, ауыл сыртынан отын ұрлап, бала, сенің есің неден кетіп еді?-дейді.
-Тақсыр, даланың оты олжа, суы нұрлық, біреудің малы мен ақысын жеу ұрлық,-деп жөніне жүре береді.
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1031 | Добавил: модератор | Дата: 31.12.2010

Досбол мен Бала би бір үйде түстеніп отырса керек. Үй иелері түстікке сүтке күріш бұқтырып, үстіне сары май салып әкеліп қояды. Бала би сонда сары майды өз жағына қарай жақындатуды ойлап:
-Досеке жасымыздан бірге өскен егіз еді. Атам өлді-келмедің, шешем өлді-келмедің,-деп күрішті бетінен өзіне қарай екі жол тартып қояды.
Жолдасының қулығын сезе қойған Досбол:
-Рас-ау, мен сені ұмытайын деп жүр деймісің. Жүргіншілік көп. Ел іші ұйқы-тұйқы болған кез ғой,-деп сары май мен күрішті араластырып жіберіпті.
М. Қазбеков
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1318 | Добавил: модератор | Дата: 12.12.2010

"Бірі етек, бірі жең болған" деп басталатын қысқаша терме сөзінің айтылу себебін Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің айтуы бойынша былай екен:
…Абылай хан бастаған қалың қол Қоқан шапқыншылығының бетін қайтарып, үлкен жеңіске жетеді. Жерімізді қоқандықтардан азат етіп, бітім болған соң Абылай хан Орта жүз бен Кіші жүз батырлары бастаған әскерін елді-еліне қайтарады. Өзінің хан ордасында Ұлы жүз сарбаздарын ғана сақтап қалады. Осындай өзгерісті сезген қоқандықтар қайтадан бас көтере бастайды. Осы бір жағдайды күні бұрын болжап аңғарған Бұхар би Абылай ханға кейіп былай дейді:
Бірі етек, бірі жең болған,
Ежелден саған ел болған.
Орта жүзден кісің жоқ,
Найзасының ұшы алтын,
Кіші жүзден кісің жоқ.
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1003 | Добавил: модератор | Дата: 07.12.2010

Қара кісі руының Жағал деген бір азаматы жасы сексенге келіп қартайып отырған кіші жүз Жахайым Жетес бимен әңгіме үстінде:
-Иә, Жетеке сіз сексенге келдіңіз, әрбір он жылды бір белеске қойғанда, не нәрсеге теңер едіңіз?-деген екен.
Сонда Жетес сәл ойланып алып:
-Е, қарағым-ай, мен он жасымда асық ойнадым, қызығына тоймадым, қатар балалардың асығын ұтып қоймадым; жиырмаға келдім, бойға жетіп бойладым, онда да балалықты қоймадым. Жиырма беске жеттім, жақсы іске сүйіндім, жаман іске күйіндім, барымды бойға киіндім, сұлу қыз-келіншек болса, соған шүйілдім; отызға келдім: қызыл алтайы түлкі болдым, қыран бүркітке алдырмадым, құмай тазыға шалдырмадым, қатар құрбымның көңілін қалдырмадым; қырыққа жеттім: арғымақтай аңқылдадым, тау қырандай шаңқылдадым, ақ алмастай жарқылдадым, дариядай сарқылдадым. Елуге келдім: биік бір қара төбенің басына шықтым, алды-артымды тегіс көрдім, бірақ қай жағы алыс, қай жағы жақын екенін біле алмадым; а ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1821 | Добавил: модератор | Дата: 27.11.2010

Қазақтар қыз мезгілінде жаппай соғым сояды. Соғымға семіз малдар таңдап сойылады. Соғым сою-мал қыстың суығынан арықтап союға жарамай қалған кезде азықтан қысылып қалмаудың алдын-ала жасалған дайындығы. Соғым еті тұздалып, ысталып сүрленеді. Сүр ет келесі жылы көктемде ақ молайып, мал семіріп союға жарағанға дейін жететін етіп дайындалады. Соғымның кесек еттері сүйегімен бірге сүрленеді де, ұсақ еттерінен қимай, шұжық, үлпершектер жасалады. Жылқы етінен қазы айналдырып сүрленеді.
Қазақтар мал еттерінің ішінде жылқы еті мен қой етін қадір тұтады, ең қадірлі қонақтарға қысырдың тайын сояды. Сыйлы қонақтарға жылқының қазы-қарта, жал-жая сияқты кәделі еттерін тартады. Қыстыгүні езген құрт ішу де кәделі тамақтардың бірі.
Б. Қожабекова
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1053 | Добавил: модератор | Дата: 21.11.2010

Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2025  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz