Воскресенье, 07.12.2025, 06:32
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 13
Гостей: 13
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » Ел аузынан
« 1 2 3 4 ... 7 8 »
  Толыбай деген кісі әрі батыр, әрі шешен болыпты. Ас пен тойда кедеймін деп ығыспай батыр, билерге бай-мырзаларға сөз бермейді екен. Бір жолы тойдан қайтқан бір топ бай-мырзалар қонақасыдан ұялтып кету үшін Толыбайдың үйіне сау ете түсіпті. Бұл кезде Толыбай жалаңаяқ, жалаңбас тары түйіп жатса керек. Келген мырзалар үй сыртынан:
  -Ассалаумағалейкум, Толыбай батыр!-дейді.
  -Уағалейкуміссалам, жайсаң мен қасқалар,
Кедейшілік ердің түсін басқалар.
Дүзде жүрсек батырмыз,
Үйде отырсақ қатынбыз,
Қатын ауру, бала жас,
Тары түйіп жатырмыз.
Таудан үлкен талабым бар,
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1014 | Добавил: модератор | Дата: 10.08.2013

  Бейбіт жатқан ауылды жоңғарлар шауып, қазақтың малын айдап, егісін таптап кетеді. Жау қорлығынан тоз-тоз болған ел-жұрт таулы жерге қашып, жан сауғалайды. Босқын халық арасында екіқабат келіншек бесікті арқалап бара жатады. Қара жолда Төлемен үзеңгі қағысып келе жатқан егде кісі:
-Мына бишараның көрпе-жастығын тастап, бос бесікті арқалап келе жатқанын-ай-дейді.
-Баланың бесігі-кең дүниенің есігі,-депті сонда ақылгөй Төле би.
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 945 | Добавил: модератор | Дата: 26.07.2013

Бірде атақты бір бай:
-Қашекем, армандамайтын адам бола ма?-дегенде.
-Армандамайтын адам жоқ. Қолы жетпейтінді армандағанша, еңбегіңмен жететінді армандап, зейнетін көрген жақсы,-депті.
***
Орман шешен Қашаған биден:
-Қашекем кімді пір тұтасың?-деп сұрағанда:
-Анам мен әкемді, елім мен жерімді пір тұтамын,-деген екен.

***
Қашағаннан содырлау бір құрдасы:
-Сені ел көреген дейді, сол рас па?-депті.
-Халқым&nb ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1166 | Добавил: модератор | Дата: 12.07.2013

  Сыйқым елінде бір байдың үлкен баласы ұрдажық даңғазалау екен. Көрші ауылдың өзі сұлу, ақылды қызын алмақ болады. Тәрбиелі қыз оның нетіне қарсылық жасап, өзін аулақ ұстап жүреді. Бір жолы оңашада қызды ұстап алып, мойнына қыл шылбырды салып, буындырмақ болады. «Шылбырыңды тарт әрі, мойнымның қытығы бар» депті сонда қыз өжеттеніп.
  Осы оқиға ауылға тарап кетеді. Жігіт әкесі намысқа тырысып Төлеге келеді. Бай қыздың қалай болған күнде де баласының тұзағына түсетінін айтады.
  -Қыз тілімен түйілген түйінді, балаң тісіңмен шеше алмайды,-депті сонда шешен.

Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1468 | Добавил: модератор | Дата: 27.06.2013

  Кісі үйіне кірерде төмендегідей әдеп салттарын сақтау керек болады:
  1.Алдымен үй иесін алдын ала хабардар етіп, содан соң есікті қағып, яки жөтеліп белгі беріледі.
  2.Егер үй иесі сізді естіген болса, сыртта тұрып-ақ «Ассалаумағалейкум!» деп дауыстап сәлем беріңіз. Үйге кіруге рұқсат сұраңыз. Егер сәлеміңізге жауап естімесеңіз, арасына үзіліс салып, үш мәрте қайталаңыз.
 3.Бұдан соң да үй иесі тарапынан «Кіріңіз» деген жауап естілмесе, тез арада кетіп қалғаныңыз дұрыс.
 4.Ал үй иесі есігін ашпай: «Бұл кім?» деп сұраса, сіз өз аты-жөніңізді, кім екеніңізді нақты айтуыңыз керек. Әрі-бері бұлтаруға, «сіздің досыңыз едім», «пәленшенің-екеңнің танысы едім», «туыс-жақыны едім» деп міндетсінуге қақыңыз жоқ.
 5.Әрине, кісі үйіне оның иесімен бірге барсаңыз, ешкімнен рұқсат сұрап әуре болмайтыныңыз түсінікті.

Категория: Ел аузынан | Просмотров: 727 | Добавил: модератор | Дата: 21.06.2013

Қазыбек биге бір адам «кім жақын, не қымбат, не қиын?» деген үш сұраққа жауап беріңізші деп қиылып отырып алыпты. Сонда Қазыбек былай деп жауап қайтарған екен:
1.Тату болса, ағайын жақын,
Ақылшы болса, апайың жақын,
 Инабатты болса, келінің жақын.
Алдына тартқан адал асың,
Қимас жақын-қарындасың.
Сыбайлас болса, нағашың жақын.
Адал болса, досың жақын.
Еркелейтін немерең жақын.
Өз ұрпағың-шөберең жақын.
Жан серігің жас кезіңнен
Бәрінен де әйелі ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 2035 | Добавил: модератор | Дата: 15.06.2013

Шоңға сәлем берем деп Байдалының бір жас баласы келіпті.
-Қай баласың?-дейді Шоң.
-Байдалының баласымын,-дейді бала.
-Байдалының мен көрмеген қай баласысың?
-Жалға жүріп бұланбаған баласымын.
Топқа түсіп сыналмаған баласымын.
Әкем тірі болды, ағам ірі болды,
Сондықтан билік құра алмаған баласымын,-дейді.
Сонда Шой балаға тура қарап: «Қасқа айғырдың баласы қасқа тумаса да, төбел туады деген осы екен-ау»,-депті.

Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1030 | Добавил: модератор | Дата: 05.06.2013

  -Бір жігіт Мөңке биді бір көруге құмар болып, іздеп келеді. Есіктен кірген жігітке Мөңке:
  -Түлкім жоғары шық,-дейді.
  Шай келеді. Бір аяқ шай ішкен кезде Мөңке:
  -Сыншым сөйле,-дейді. Жігіт түсінбей отыра береді. Жігіт кетер кезде:
  -Жыршым енді рұқсат, үй-ішіңе жет, ел-жұртыңа сәлем айт,-дейді.
  Жігіт сауал қояды.
  -Сіз маған үш сөз айттыңыз. Осы тұспалдарыңызды мен түсінбедім. Нені меңзегеніңізді айтып беріңіз. Мөңке сонда былай деп жауап қайтарыпты:
  -Түлкі құсап құбылып келдің. Әр мейман кірер кезде сен сияқты толқып келетіндіктен, соны айттым. Қонақ біраз отырған соң үйдің оң жақ, сол жағына қарап с ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 990 | Добавил: модератор | Дата: 21.05.2013

  Уақ Қозыбай шешен жер аударылып Семей еліне барып, Бекболаттың (Бекболат Қанайұлы 1714-1795 жылдар аралығында қазіргі Көкшетау облысында туып, ғұмыр кешкен шешен, би) қолында тұрады. Сонда Қозыбайдың көңілін аулап бір мәжілісте Бекболат былай деген екен:
Еліңде жақсы көп болса пайдасы тиер,
Содырлы, сотқар көп болса найзасы тиер.
Қоғамшыл, кең қолтық болсаң халқың сүйер.
Жақсыға жаманнан кесір,
Ішінен жақсы кетсе ел жесір.
Өзіңе жамандық қылған пендеге,
Жібектей болып есіл.
Қисық ағаш тезінен мұқар,
Асқынан дау сөзінен мұқар.
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 817 | Добавил: модератор | Дата: 12.05.2013

 Сырым бір үйге қонса, бір келіншек шай құйып отырады. Келіншектің өзі жас, күйеуі шал адам екен. Сырым отырып өз жолдасына қарап:
 -Япырай, аққудың қасында жапалақ жараспайды екен-ау!-дейді.
 Сонда келіншек түсіне қойып:
 -Батыр, сіз бір кезде тай жейтін Сырым едіңіз, енді қой жейтін Сырым болдыңыз, әр нәрсе өз уақытысында емес пе?!-депті.

 Сырым шөлдеп келе жатып, бір үйден түсіп сусын ішіпті.
 -Япырай, бір аяқ сусын бір кісінің құны екен ғой!-депті Сырым маңдайының терін сүртіп.
 -Жоқ батыр, бір аяқ сусын бір емес, екі кісінің құны. Бұл сусын табылмаса шөлдеп сіз де өлер едіңіз, ұялып мен де өлер едім,-депті үй иес ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1418 | Добавил: модератор | Дата: 01.05.2013

Мөңке бидің қартайған шағында үйіне арық құнан мініп Сырым бала келеді. Баланы көзге ілмеген би: «Балаға айран әкел» депті.
Таңертең аулада семіз қызыл тұсақтың үйелеп өліп қалғанына қайғырған Мөңке:
-«Құтты қонақ  қонса, қой егіз табады, құтсыз қонақ қонса, малың қырсық шалады» деген, қызыл тұсақ үйелеп өліпті, бала, құтсыз қонақ болдың, енді үйімнен кет,-деп ызғар шашады.
Сонда Сырым бала:
-Олай болса, биеке,-депті. «Құтты қонақ келсе, малы өліп, баласы аман қалады, құтсыз қонақ қонса, өзі өліп малы иесіз қалады». Менің қандай қонақ екенімді қайдан білесіз? Мүмкін құтты қонақ шығармын, Мөңке баланың бұл сөзіне аң-таң болыпты да:
-Рас айтасың балам, сен шынында құтты қонақ екенсің,-деп оған сый-сыяпат көрсетіпті.
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1114 | Добавил: модератор | Дата: 17.04.2013

Қарағайлы көдік бойында
Қамшым қалды ойымда:
Бүлдіргесі бұлан терісі,
Өрімі құнан білдің қайысы,
Шырмауығы алтын, сабы жез,-
Бейазының бойында
Күзен, қарсақ жер ме екен!..

Алғаным Әли ағаның қызы еді,
Қас арудың өзі еді.
Маңдайы күнге тимеген,
Желге шашын үрмеген,
Серпіліп адам бетін көрмеген,
Қалай күні кешті екен!
Қосақай, Қосай, Ер Досайдың анасы
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1268 | Добавил: модератор | Дата: 10.04.2013

Таймас шешен бір досының кісі барғанда сыйламас, салақ қатынын көргенде мынаны айтыпты:
Атың жаман болса,
Қамшылай, қамшылай,
Дәрменің кетер.
Балаң жаман болса,
Айқайлай, айқайлай,
Қадірің кетер.
Қатының жаман болса,
Кедейлік жуық болар,
Шайың сұйық болар,
Наның күйік болар,
Көңіліңе қайғы толар,
Үйіңнен мейман кетер,
Кедейлік қуып жетер.

Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1058 | Добавил: модератор | Дата: 27.03.2013

  Бірде төре кедей адамға егін ектіріп, ақы төлемей өзі пайдаланып жүреді. Кедейге бала-шағасын асырау қиын болыпты. Келесі күзде егін жақсы шығып, кедей егінді төреге айтпай жинап алыпты. Төре кедейді ұрып, басын жарыпты. Таяқ жеген кедей Төле биге арыздана барыпты. Төле төренің жағдайын естіген болса керек.Төрені шақыртып алып:
Таласқандарың қара жер,
Төрем, болдың босқа тер.
Егіншіңмен айтысып,
Қор болмасты ойласаң,
Мүсәпірдің қақын бер,-
деген соң, әлгі төре ұялып, кедейдің ақысын беріп, риза қылыпты.
 

Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1005 | Добавил: модератор | Дата: 15.03.2013

Қазығұрт тауының баурайында өткен ас-тойдан Түркістанға қайтып келе жатқан Төле би, Есен би бастаған бір топ игі жақсылар жолда Қарабас өзенінің бойындағы сазда бие байлап отырған Досай би аулына ат басын бұрады. Аталас, ағайын, би-болыстар бірер күн қона жатып, ел жағдайынан біраз әңгіменің басын қайырады. Ел арасындағы кикілжің, жанжал, кейбір бозбалалардың жағымсыз мінездерін есіткенде Төле би былайша термелепті:
Арғымақ баптап не керек,
Жабы қуып жеткен соң.
Ағайын-туған не керек,
Аңдысып күні өткен соң.
Бес күн жалған өтеді
Ажал қуып жеткен соң.
Бір төбенің басына
Тыға салып кеткен соң.
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1189 | Добавил: модератор | Дата: 04.03.2013

Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2025  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz