Воскресенье, 07.12.2025, 06:31
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 6
Гостей: 6
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » Ел аузынан
« 1 2 ... 5 6 7 8 »
Абылай ханның Кенжетай, Нияз деген екі биі болыпты, басқа он биі бұларды күндеп "Кенжетай мен Нияз ханды қалжақтайды, ал, оларды хан жақтайды",-деп мәтел қылып халыққа таратыпты. Мұны Абылай есітіп бір күні күндеуші он биден: "Жердің құты, елдің құты, ауылдың құты, аймақтың құты не?"-деп сұрапты. Билер шеше алмайды. Сөйтіп отырғанда Кенжетай, Нияз келіпті. Келіп отырысымен Абылай: "Белдеріңді шешпес бұрын мына жұмбақты шешіңдер",-деп әлгіні айтыпты. Нияз: "Меніңше жердің құты-жаңбыр; елдің құты-азамат; ауылдың құты-жақсы әйел; аймақтың құты-әділ басшы",-депті.
Ж. Құсайынов, Қолжазба п. 1061. 57 б.

Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1063 | Добавил: модератор | Дата: 19.11.2010

Қобызды Қорқыттың қалай шығарғанын, оны қандай әдіспен ойнағанын қазақ аңыздары өз алдына бір хикая етіп сөйлейді. Қорқыттың қобызы ескі күйші, ақындар үшін бір сұлу әлем.
Бұл туралы қазақ аңызы былай дейді: Қорқыт бала күнінде дала кезіп, Желмаясын мініп, елсізде қараңғы түнде келе жатса, алдынан сарнап шыққан бір әдемі үн естіледі. Үн шыққан жерге келсе, айналада өзі тартылып жатқан бір қобызды көреді. Қорқыт Желмаядан түсіп, қобыздың сарынын тыңдап, көп уақыт оның қасында отырады. Қобыздың сарыны басылған кезде Қорқыт қобызды бауырына басып, "бұл енді менікі" деп қатты қуанады. Желмаяға отырып үйіне алып келеді.Ел-елді аралап, ғажайып сұлу күйлер тартып жүреді. Қорқыттың бұл қобызбен бірінші тартқаны "Тәңірі күй", ең соңғы тартқаны "Елмен қоштасу".
 Ә. Қайнарбаев
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 990 | Добавил: модератор | Дата: 09.11.2010

Бұқар жыраудың өте қартайған кезінде көңілін сұрамақ болып Қаз дауысты Қазыбек би келеді.

... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1212 | Добавил: модератор | Дата: 04.11.2010

Күтпеген жерден "құдайы қонақпыз" деп төрт қария ауылдың шетіндегі бір үйге түседі. "Күн жаз, ет аз екен". Үйдегі әйел қысылып қалады. Өйтіп-бүйтіп тапқанын асады. Ет піскен соң табақты қонаққа тартады.
Дұрысы дәстүр бойынша төрт қарияға төрт сүйек салынуы керек. Бірақ, оған қол қысқа. Ақыры әйел малының тапшылығын амалын тауып жаппақ болып:
-Айналайын қонақтар, алдарыңызға асықты жілік әкеліп тартып отырмын. Бары осы. Бірақ осы сүйектің алты аты бар. Сол алты атты тауып атасаңыздар, мен өзімді сіздерге тай сойып бергендей сезінер едім,-дейді.
Бірақ, қариялар әрі ойлап, бері ойлап, сұрақтың жауабын таппапты. Сонда әлгі әйел:
-Бұл сүйектің бірінші аты-алшысынан тұрғаны, екінші аты-тәукесінен тұрғаны, үшінші аты-бүгесінен тұрғаны, төртінші аты-шігесінен тұрғаны, бесінші аты-омпасынан тұрғаны, алтыншы аты-томпасынан тұрғаны,-деп өзі қойған сұраққа өзі жауап беріпті.
И. Құлманбет

Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1240 | Добавил: модератор | Дата: 05.10.2010

Ақтайлақ би Дулаттың әкесі Бабатайға: "Солтабайдың Барағы әкесінен өте туып, ел билеп аға сұлтан атанды. Айбарынан ешкім аса алмады, алыптығына да жан тең келтірмеді. Батыр атанып қол бастады. Ал, сенің ұлың Дулат қолдағы бар дәулетіне ие болмай, ел кезіп, сөз қуғаннан аса алмады. Әкеден кете туды",-дегенде Бабатай:
Жақсы да болса қарағым,
Жаман да болса қарағым.
Солтабай төре бере ме,
Жақсы туған Барағын?-
деп Ақтайлақты сөзден тосылдырса керек.
І. Есхожин
(Ескерту: ақын-жыраулар шығармалары, "ел аузынан" материалдары "Жазушы", "Қайнар" секілді мемлекеттік баспалардан шыққан әр жылғы кітаптардан алынып отыр)


Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1155 | Добавил: модератор | Дата: 05.10.2010

Бекмағамбет Омбы еліне бара жатып, жолда Жауке дегеннің үйіне қонады. Тамақ ішіп отырғанда Жауке еттің майын Бекеңе қарай итере беріп: «Беке алыңыз, бұл жүрекке тиетін сары май емес қой»,-дей беріпті. Олай дейтіні Бекмағамбет Сары май дейтін әйелді аламын деп, көп әуреленіп, ақыры ал алмай қалған жайы бар екен. Бекмағамбет жауаптан тосылып қалыпты. Сонда Бекеңнің жанындағы жолдасы Хасен деген жігіт аңдып отырып:
-Бәкең, әрине, майды талғап жейді ғой, көңіліне жақпаса құлағына сырға тақса да қайтсін ондайды,-депті. Онысы-Жәуке де «Сырға» деген әйелді алам деп ала алмай айырылып қалған екен.
Жауке сөзден тоқтап, үндемей қалыпты
Д. Шақанұлы
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1110 | Добавил: модератор | Дата: 17.09.2010

Құнанбай би Меккеге барып, қажылыққа қол беріп келген жылдың қысында үйіне бір топ адам қонақ болып түстеніп отырады. Біреулер «шаруа қайтсе оңалады, мал-жан қайтсе оңалады?» деседі. Сонда Құнекең:
-Шаруаң оңға айналған шақта,
Мінген атың жүреген болады.
Асыраған итің үреген болады,
Қатының қадірлі болады,
Қызың ажарлы болады,
Малың базарлы болады,
Шөбің шығымды болады,
Малыңа жұғымды болады,
Ұлың білімді болады,
Құлың сенімді болады,
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1203 | Добавил: модератор | Дата: 09.09.2010

Бір жолы баласы Жалмамбет «менікі жөн, олардікі теріс» деп, бір жаулау дауын әкесіне айтып отырады. Сонда Байдебек би баласына:
-Өткелді саяз деме,
Таяғыңды салып бойлат.
Ісімді мақұл деме,
Ағайынға салып ойлат,-
деп ақыл айтыпты деседі қариялар.
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 951 | Добавил: модератор | Дата: 09.09.2010

Кешке жақын Бұдабай ақын ауылдан өтіп бара жатқанда, бір жас қыз ауыл маңындағы көлден су әкелуге бара жатады. Атты кісілер қызға жақындап жанай өте бергенде, бір еті тірі пысық бала Бұдабайға бұрылып: "Мына қызға бір ауыз өлең айтып жіберіңізші",-деп өтініш білдіреді.
Сонда Бұдабай ақын ойланбастан бір шумақ өлең айтады.

Қамысы мына көлдің буын-буын,
Жігіттер, көрдіңдер ме қыздың қуын?
Қолында екі қауақ әпкіші бар,
Барады таусайын деп көлдің суын,-

дейді. Сонда бүлдіршіндей жап-жас қыз іркілместен өтіп кетіп бара жатқан жолаушы салт аттыларға жалт қарап, мына бір шумақ өлеңді айтқан екен.
Қыз:
Дейді екен бұқа-буға, тентек-дуға,
Құдайым кездестірді қандай сұмға.
Құдайдың жалпақ жатқан көлін қорып,
Итаршы бұл кім еді қара суға,-

дейді. Бұдабай жұмған аузын ашпай жеделдетіп жүріп кетеді.

И. Ақылов
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 861 | Добавил: модератор | Дата: 15.08.2010

Бір күні Қаражігіт би Қазыбектің үйіне келіп қонады. Әңгімелесіп отырғанда Қазыбек:
-Уа балам, атадан жақсы ұл туса, елдің туы болады деп еді, атадан жаман ұл туса, көштің соңы болады деп еді. Соның қайсысы боласың?-дейді. Сонда Қаражігіт:
-Ораздының кәрісі қартайғанда қазына болады деп еді, шиырлының кәрісі қартайғанда қазба болады деп еді. Сіз өзіңіз соның қайсысы боласыз?-депті.
-Еншалла, қазынамыз ғой,-дей беріпті сонда Қазыбек.
-Еншалла, біз елдің туымыз,-депті Қаражігіт.
Ә. Мәметова
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 930 | Добавил: модератор | Дата: 04.08.2010

Абылай қалмақтың қарғысшылынан қарғыстың жаманы қандай деп сұрағанда, қарғысшыл, бірінші: "Шөбің жапырылмасын!"-депті. "Мені кедей бол-дегенің ғой, бұл қарғыс емес. Халқым бай болса бір менің кедейлігім кемшілік емес",-депті Абылай. Екінші, "Күлің шашылмасын",-депті. "Бұ да қарғыс емес, балаң болмасын" дегенің ғой, өзім жақсы болсам, халықтың бәрі де менің балам",-депті. Үшінші: "Өзің білме, білгеннің тілін алма"-депті. "Міне жаман қарғыс!"-депті Абылай.
Б. Бөбеков
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1658 | Добавил: модератор | Дата: 03.08.2010

Айбары жоқ айтарыңды қайтейін,
Барары жоқ, қайтарыңды қайтейін.
Қауқары жоқ қайратыңды қайтейін,
Қаһары жоқ айбатыңды қайтейін?

Келін балаң жаман болса ұлыңнан көр,
Күйеу балаң жаман болса қызыңнан көр.

Арқан бойы соқпақтың,
Тұсау бойы төтелігі бар.

Адамды арығыңда сыйла
Білгенді жөнімен қина.

Әке тілін алмаған ұлдан без,
Шеше тілін алмаған қыздан без.

Адал болса алғаның,
Жан серігің емес пе?
Сұлудан да сүйкімді,
Жан көрігің емес пе?
 
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1175 | Добавил: модератор | Дата: 16.07.2010

Бір жігіт Мөңке биді көруге құмар болып, іздеп келеді. Есіктен кірген жігітке Мөңке:
-Түлкім, жоғары шық,-дейді.
Шай келеді. Бір-екі аяқ шай ішкен кезде Мөңке:
-Сыншым, сөйле,-дейді. Жігіт түсінбей отыра береді. Жігіт кетер кезде:
-Жыршым, енді ұлықсат, үй-ішіңе аман жет, ел-жұртыңа сәлем айт!-дейді.
Жігіт сауал қояды:
Сіз маған үш сөз айттыңыз. Осы тұспалдарыңызды мен түсінбедім. Нені меңзегеніңізді айта кетсеңіз.
Мөңке сонда былай деп жауап қайтарыпты:
-Түлкі құсап құбылып келдің. Әр мейман кірер кезде сен сияқты толқып келетіндіктен-соны айттым. Қонақ біраз отырған соң үйдің оң жақ, сол жағына қарап сынай баст ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1008 | Добавил: модератор | Дата: 10.07.2010

Ақтайлақ шешен Қанай шешеннен:
-Ер басында неше бақыт нешеу? Кемдік нешеу? Құлазу нешеу?-деп сұрайды.
Сонда Қарауыл Қанай шешен былай деп жауап береді:
-Ер басында бақыт-бесеу, кемдік-үшеу, құлазу-төртеу.
Астындағы атың жүрдек болса,
Жалғанның пырағы:
Алғаның жақсы болса,
Үй мен қонақтың тұрағы:
Әкең-асқар тау,
Шешең-қайнар бұлақ,
Балаң жақсы болса
Екі көздің шам-шырағы.
Міне-бес бақыт осы.
-Атың шабан болса,
Жалғанның азабы:
Алғаның жаман болса,
Дүниенің тозағы:
Балаң жаман болса,
Көрінгеннің мазағы.
Міне,-үш кемдік осы.
-Қалың ел көшсе,
Көл құлазиды,
Қаптаған мал кетсе,
Бел құлазиды.
Нарқын танымаған
Сөз құлазиды,
Қатарынан айрылған
Шал құлазиды.
Міне,-төрт құлазу осы.
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1317 | Добавил: модератор | Дата: 05.07.2010

Ертеде Қаракесек пен Қыпшақ руларының арасында бір дау болады. Дауға Қаракесек Қаздауысты Қазыбек келіпті.
Амандасып болған соң Қыпшақ биі: "Арғынның арық биі сөйле!"-депті.
Сонда Қазыбек:
Арық емес қатумын,
Қара жермен татумын.
Көшершілік кезде түйе азады,
Жетімдік көрсе қыз азады.
Елі жаугершілік болса,
Тағында хан азады,
Табындағы би азады,-депті.
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1035 | Добавил: модератор | Дата: 11.06.2010

Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2025  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz