Бұқар жыраудың өте қартайған кезінде көңілін сұрамақ болып Қаз дауысты Қазыбек би келеді. Төсекте жатқан Бұқар жырау: -Бірден онға дейінгі санның мағынасын маған ешкім айтып бере алмады. Қазыбек, сен айтып берші,-деген екен. Сонда Қазыбектің берген жауабы: -Бір дегеніңіз-бірлігі кеткен ел жаман. Екі дегеніңіз-егесіп өткен ер жаман. Үш дегеніңіз-үш бұтақты шідерден шошыған ат жаман. Төрт дегеніңіз-төскейге шыға алмаған кәрілік жаман. Алты дегеніңіз-аймағын билей алмаған адам жаман. Жеті дегеніңіз-жетем деген мақсатына жете алмаған жаман. Сегіз дегеніңіз-серкесіз бастаған қой жаман. Тоғыз дегеніңіз-толғанғаның. Он дегеніңіз-өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз,-болған екен. Қарт жырау бас бидің жауабына риза болыпты. І. Есхожин
|
Сарыбай би аузынан Үмбетәлі ақынның айтуы бойынша жазылған қанатты сөз: Екі сөйлеген қарияның қадірі кетеді, Жетімді жетім деп қорлама, Ол да бір күн жетілер. Байды бай деп бұлдама, Ол да бір күн өкінер…
|
|
Өзінің замандасы, әрі тұрғыласы, дәулетті кісі Байғозы үйіне келгенде, өмірі кедейлікпен өткен, бірақ аты бүкіл қазаққа белгілі Байдалы шешен: -Мына тұрған біздің үй, Дәулеті жоқ ұйтқысыз. Сексен үйрек қамасаң, Бірін қармап тұтқысыз. Төрге салар кілем жоқ, Көрпе менен жастықтан Сілкіп салар сілем жоқ. Кедейлікті жеңуге- Келін шайпау, бала ынжық, Жасым жетті, шамам жоқ. Ойым-теңіз, сөзім бал, Мал дегенде тұлдыр жоқ. Байғозыға лақ сойсам жетпейді-ау, Енесін сойсам орны мүлдем бітпейді-ау!- депті.
|
Құрмысы шешен өлерінде балалары: «Әке, бізге не айтасыз?»-деп сұрағанда: «Мен не айтайын, есім дұрыс кезінде айтқан сөзімді ұмытпасаңдар жетер, әйтсе де бір сөз айтайын: «Есіктен мейман келсе-тоқтатпа, өлген мені-боқтатпа!»-депті. Т. Ысмайылов
|
Құрмысы шешен өлерінде балалары: «Әке, бізге не айтасыз?»-деп сұрағанда: «Мен не айтайын, есім дұрыс кезінде айтқан сөзімді ұмытпасаңдар жетер, әйтсе де бір сөз айтайын: «Есіктен мейман келсе-тоқтатпа, өлген мені-боқтатпа!»-депті. Т. Ысмайылов
|
|
Құнанбай би Меккеге барып, қажылыққа қол беріп келген жылдың қысында үйінде бір топ адам қонақ болып түстеніп отырады. Біреулер «шаруа қайтсе оңалады, мал-жан қайтсе аман болады?» деседі. Сонда Құнекең: -Шаруаң оңға айналған шақта, Мінген атың жүреген болады. Асыраған итің үреген болады, Қатының қадірлі болады, Қызың ажарлы болады, Малың базарлы болады, Шөбің шығымды болады, Малыңа жұғымды болады, Ұлың білімді болады, Құлың сенімді болады.-деп, бір тоқталады да, оның аяғын былайша жалғастырады: Шаруаң солға айналған шақта: Мінген атың шабан болады, Асыраған итің жаман болады, Қатының сараң болады, Қызың ажарсыз болады, Малың базарсыз болады, Шөбің шығымсыз болады, Малыңа жұғымсыз болады. Ұлың білімсіз болады, Құлың сенімсіз болады... Аумин! -деп, қолын жайып бетін сипапты.
|
|
Бірде Мөңке би өз қатарымен ойын-тойда отырғанда бұрын қалжыңдаса беретін бір құрдасы: -Би-екем сарқытын маған берді?-деп көпіре берсе керек. Оны анау-мынау әңгімемен қойдыра алмасын білген Мөңке: -Сарқытын бергенде қасында тағы кімдер болды?-деп сұрайды. -Е, ешкім де болған жоқ,-дейді мақтаншақ. Сонда Мөңке би: -Сарқытын саған бермегенде, итке берсін бе?-деген екен.
|
Қазақ халқы тарихтан бері өте меймандос халық. Қазақтар үйіне келген әр қандай мейманды (оның қайсы ұлт болуына қарамай) таныса да, танымаса да жылы шыраймен құшақ жая қарсы алып, сыйлап күтеді. Өзінің ең аяулы асын қонақасыға береді. «Қонақсы-қазақтың бөлінбеген еншісі» есептеледі. Тек мейманның өзін ғана емес, оның ат-көлігін де күтіп, аттанарда аман-есен қолына тапсырады. Бұл үшін мейманнан ешқандай ақы алмайды, алуды намыс деп біледі. «Егер қоналқы жердің бәрінде қазақ болса, бір уыс азық, бір тиын қаражат алмай жылдық жолға жолаушы жүруге болар еді» деген тәмсіл осыдан шыққан.Қонақ келсе «қой сойып, қол қусыру»-қазақтар үшін аса абыройлы іс және жалтартпайтын міндет. Өте қадірлі қонақтарға тай сойып, қонақасы беріп аттандырады.Сойылатын малды асаба алдымен қонақтар отырған үйдің босағасына әкеліп бата тілейді.
...
Толығымен (Подробнее)»
Категория:
Ел аузынан
|
Просмотров:
2053
|
Добавил:
kemel
|
Дата:
13.12.2009
|
Кісілік қасиеттер-әр адамның өмір сүру тәсілдеріне тамызық, оның өзіндік тіршілік қабілетін жан мен тәнге бойлатады. Адам тіршілік-тынысын кеңейту үшін, алдымен өзге адамға пайдалы болуы керек. Адам өзінің адамгершілік, іскер қабілет-қасиеттері арқылы ортаға сыйлы, сыйымды болады, өзге замандастарымен қарым-қатынасты үзбейді. Екіншіден, еркін қарым-қатынаста адам жақсы мінезді жинақтайды, сондай-ақ өзгенің қажетіне бөгет болатын мінездерінен арылады. Кімде-кім тұрпайы қылығын жүгендесе, өзінің кісілігін түгендейді, өз кемшілігіне тоқтам салса, қателікке ұрынбайды. Жақсы әдептен гөрі жаман әдет тезірек жұғады. Жаман әдет көңілді құлазытады. Жағымды мінез-көзқарас пен іс-әрекет үйлесімділігі, шындықтың шырайы. Адам өзі қолдайтын бағдарды бетке ұстаса, оның бәрі мінез жағымдылығының игі жақтары. Жағымдылық бірден қалыптаспайды. Ол туралы түсінік те біртекті емес. Өйткені мінез туралы көзқарас та әртүрлі жағдайда іріктілінеді. Мінездег
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Шөже ақын Алтай еліне барып, өлең айтып, мал-дүние алып жүріп «осы өңірде бір таз бала ақын бар, өзі кедей, байдың қойын бағады, әкесі ақсақ, шешесі соқыр, өзі жаннан жеңілмейді, әрі ақын әрі шешен екен» дегенді естиді. Жанында жетекші жолдасы бар екеуі сол баланы іздеп барады. Бұлар келген кезде бала өрісте қойда екен. Елге тоқтамастан қой ішіндегі балаға барып кездескен жерде Шөже баланың бар кемдігін айтады:Басында таз тақияң кішкене екен,Қолы сыңғыр бір пәле пішкен екен,Әкең ақсақ болғанда, шешең соқырҚұдайың қыр соңына түскен екен,-деп бастырмалатады.Сонда бала:Іліп-шалып қалайық әзіл сөзбенӨлс
...
Толығымен (Подробнее)»
|
|
Ойлап тұрсам дүние бір қызғалдақ, Дүние үшін біз жүрміз жанды жалдап. Оралыңның барында ойна да күл, Өте шығар бұл дүние аз күн алдап.
Дүниеде байда, мал бар, кедей малсыз, Сонда да кедей артық байдан арсыз. Еңбекпен ден сау болса күн көрермін, Қалғаннан сақта тағдыр құйрық-жалсыз.
Дүниеде әркім жүрер кең болған соң, Мен жүрмін кең дүниеде сен болған соң. Ынтықпын сенің айтқан әр сөзіңе, Әр сөзің дертке дауа-ем болған соң.
Тау әсем қарағайы, аршасы бар, Сол тауға талапты жас барса шығар. Өнер көп бұл дүниеде адам ашқан, Бойыңда сол өнердің қаншасы бар?
Ойнап-күл дүниенің жарығында, Көңілдің жан қартаяр жарымында. Туған ай толғаннан соң о да қайтар, Тұрмақ жоқ ешбір нәрсе қалыбында.
Жігіттер, күліп-ойнап көңіл аула, Жер көріп, ел танып өс денің сауда. Кетпейтін жанға ұқсама бұл дүниеден, Кез келсең айла болмас ажал жауға.
|
Бір ақынның (ақун) медресесінде екі қазақ баласы ғылым үйреніп жүрген екен. Бір уақытта түнде құптанда екі қазақ баласының біреуі намазға барып, біреуі үйінде сабақ оқып айналып қалыпты. Үйде қалған шәкірт бала сабағын пысықтап отырғанда, намазға кеткен иптесі қайтып келіпті-мыс. Бұл иптесінен сұрайды: «Менің намазда болмағандығыма ақын кейіді ме?» Иптесі айтты: «Мен де намаздың аяты тамам болмай шықтым»,-деп, ақын ол уақытта кейіген жоқ еді. Үйдегі иптесі: «Мен сабағымды айтайын, сен тыңда...» Ол «жарайды» деп айтты.Бұл сабағын айтқанында, ол тыңдап, мұның білмеген жерін түзетін отырып, кішірейе-кішірейе ақырында көз алдында жоқ болып кетіпті. Мұнан соң бұл не екендігін білмей қайран қалып отырғанда өзінің шын иптесі келіпті. Оған барлық болған уақиғаны айтқанда о да таң-тамашада қалыпты-мыс. Ақырында екеуі де қорқысып, ақынға барып айтыпты: Ақын айтты: «Ол мұсылман пері» де
...
Толығымен (Подробнее)»
Категория:
Ел аузынан
|
Просмотров:
984
|
Добавил:
kemel
|
Дата:
17.09.2009
|
Бір байдың жылқышысы кешке жылқыдан қайтып келе жатса, көп қыздардың өлең айтқан дауыстарын естіпті. Бұл өзі жас болған соң қыздардың өлең айтқанын естиін деп, сол жаққа қарай жүре береді. Баяғы өлең айтқан қыздар бұ жігітке қарсы келіп айтты: «Әй жігіт! Бізбен жүріп өлең есітпейсіз бе?»,-деп. Сонда жігіт жауап берді: «Олай болса, жақсы, қарындастарым»,-деп. Қыздар бұл жігітті ертіп көп шатырға алып келді. Сол уақытта бұл жігіттің астындағы үркіп-пысқырып жүрмеді. Жігіт ойлады: «Ой тоба! Бұ атым неге жүрмейді?»-деп, таңқалып тұрғанда, бұ жігіттің ойына келді: «Бұ қыздар тегін емес жын, шайтан шығар»,-деп қашарға ойлады. Сонда қыздар үстіндегі жақсы киімдерін тастап жігітке ұмтылады. Әрине бұ жігіт астындағы атын қамшылап, зор беріп қаша берді. Қыздар жете алмайтын болған соң жерге қиналып тұрып айтты: «Ой жігіт! Сен бақытты екенсің, егерде біздің қолымызға түссең, үйіңе зорға барар едің». Сонан соң қыздар бір-біреуімен ұрыса бас
...
Толығымен (Подробнее)»
Категория:
Ел аузынан
|
Просмотров:
1626
|
Добавил:
kemel
|
Дата:
17.09.2009
| |