Воскресенье, 07.12.2025, 06:31
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 12
Гостей: 12
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » Ел аузынан
« 1 2 3 4 5 ... 7 8 »
Бірде Мөңке би өз қатарымен ойын тойда отырғанда бұрын қалжыңдаса беретін бір құдасы:
-Би-екем сарқытын маған берді?-деп көпіре берсе керек. Оны анау-мынау әңгімемен қойдыра алмасын білген Мөңке:
-Сарқытын бергенде қасында тағы кімдер болды?-деп сұрайды.
-Е, ешкім де болған жоқ,-дейді мақтаншақ.
Сонда Мөңке би:
-Сарқытын саған бермегенде, итке берсін бе?-деген екен.
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 806 | Добавил: модератор | Дата: 22.02.2013

Белгілі сықақшы-қаламгер Сейіт Кенжеахметұлының есімі көпке таныс. Ел ішінде «Сейіт айтыпты» деген сөздерді жиі естуге болады. Біз соның екеуін назарларыңызға ұсынып отырмыз.
«Мал өрістен оралмай ма?»
Сейіт жас кезінде өз ауылына барып, ауыл үлкендеріне сәлем беріп жүрсе, сараң ағайындарының бірі:
-Шырағым-ай, сирек келетін бала едің, мал өріске кетіп қалып еді,-деп қипақтай беріпті.
Сонда Сейіт:
-Ақсақал, малыңыз «бүгін өрістен оралмаспыз» деп айтып кетіп пе еді,-депті.
Тапқыр студент
Арқалық педагогикалық институтының доценті С. Кенжеахметұлы емтих ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 854 | Добавил: модератор | Дата: 13.02.2013

Қаз дауысты Қазыбектің әкесі Келдібек би қыз таңдап, үйленбей біраз жүрсе керек. Сонда ойламаған жерде бір жиында аяғы ақсақ, көзі қыли жас қызға көңілі ауып, құда түсіп, айттырып алады. Әке-шеше баласының айтқанына келіскенмен, аса қолдай қоймайды. Тіпті әкесі: «Таңдаған тазға жолығадының» кебі келді. Сөз байласқан бұрынғы құдалардың бетіне қалай қараймыз?-деп айтып та тастапты.

Қаймағын піскен сүттің алдым қалқып,

Аяғы ақсақ болғанмен, ақылы артық.
Көзі қыли, сөзі мен ісі түзу,
Сөйлескеннен өн бойым кетті балқып,-

деп жауап қайырады Келдібек би.

-Жетер. Енді көңілім орнықты. Табашығы да жауап табылар,-дейді әкесі.
Келдібектің замандастары әзіл ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1008 | Добавил: модератор | Дата: 03.02.2013

-Бал салмаса, ара қасиетсіз,
Жанбай қалған, шала қасиетсіз.
Әдепсіз болса, бала қасиетсіз,
Әділетсіз болса, дана қасиетсіз

Көк шықпаса, жер қасиетсіз,
Ойсыз болса, ер қасиетсіз.
Жылуы болмаса, түбіт қасиетсіз
Жігері болмаса, жігіт қасиетсіз.
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1160 | Добавил: модератор | Дата: 23.01.2013

Қасымбектің бір туысы тұрмысты болса да, өзінде барды азсынып, өзгенікін басқаларға ұрлатып қосып алып отыратын, мысық тілеу, үйіне қонақ қондырмайтын, қытымыр кісі болатын. Сол туысы бірде Қасымбек датқа келіп үйіне түссе, бай оған қырын қарап жақтырмай, сөйлескісі келмейді.
-Неменеге келдің?-деп, мінез көрсетеді.
Сонда азулыға сөз, аяқтыға жол бермеген Қасымбек былай дейді:
-Неге келдің-деме,
Саған айтар сөзім бар.
Көн садақты деме?
Сұр жебелі оғым бар.
Аттандырған жігітің,
Ұрлаған соң жылқымды,
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1162 | Добавил: модератор | Дата: 09.01.2013

...Ауылдың төрт түлігі түгел өскен дәулетті адамы дүние салады.
-Бұ кісі жалғанды жалпағынан басып-ақ еді, міне, енді дүниеден бір кебінмен кетіп барады,-дейді көп ішінен біреу.
-Аз дүниемен кетіп бара жатқан жоқ,-дейді сонда Бөлтірік шешен.-Бұ кісі жарық дүниеге жалаңаш келген болатын.

Теңізден өзен шықпайды
Бір кедей жеке бөліп бағуға келмейтін төрт-бес тұрғын дәулетті ағайынының малына қосқанын айтып, Бөлтірікке қуанышын білдіреді.
-Теңіз өзенге кет демейді,-дейді сонда Бөлтірік. Келесі көктемде әлгі кедей Бөлтірікке қайта келіп, байдан өз малын ала алмай қалғанын айтады да мұның мәнісі не?-деп сұрайды.
-Мұның мәнісі ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1181 | Добавил: модератор | Дата: 20.12.2012

Нұралыны шаппақ болғанда ағайыны бөгет жасай беріпті, сонда Сырым: «Табалдырықтан биік тау жоқ, жаман ағайыннан мықты жау жоқ»,-деген екен.
Отын олжа, су нұрлық
Сырым он бес жасында бір құшақ отын құшақтап Нұралы ханның ауылының сыртынан өтіп бара жатса, иығына шапан жамылып далада тұрған хан баланы шақырып алып:
-Үй ішінің кемдігі отын-сумен жетіледі, ауыл сыртынан отын ұрлап, бала, есің неден кетіп еді?!-дейді.
-Тақсыр, даланың оты олжа, суы нұрлық, біреудің малы мен ақысын жеу ұрлық,-деп жөніне жүре береді.
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 2089 | Добавил: модератор | Дата: 08.12.2012

Құрмысы шешен өлерінде балалары: «Әке, бізге не айтасыз?»-деп сұрағанда: «Мен не айтайын, есім дұрыс кезінде айтқан сөзімді ұмытпасаңдар жетер, әйтсе де бір сөз айтайын: «Есіктен мейман келсе-тоқтатпа, өлген мені-боқтатпа!»-депті.
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 922 | Добавил: модератор | Дата: 27.11.2012

Ел ішінде Қойбек би айтыпты деген нақыл сөздер, мақал ұшырасады.
Құдайдың құрығы ұзын.

***
Күйелі ағашқа жолама, күйесі жұғады.
***
Кедейді құдай ұрайын десе,
Биесін атқа айырбастайды.
Ағайынды құдай ұрайын десе,
Туысын жатқа айырбастайды.
***
Қауын пәлегінен ұзамайды.
***
Мал мал күйінде-пұл
Ақша күйінде-тұл. ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 961 | Добавил: модератор | Дата: 16.11.2012

Досбол Қарауыл Ордабайды ертіп Екі Шектіге дауға барады. Сөз арасында Ордабай жеңілдік қып күле беріпті. Сонда Досболдың Ордабайға айтқаны:

Көлде жүрген қоңыр қаз
Шөл қадірін не білсін.
Шөлде жүрген дуадақ
Көл қадірін не білсін.
Таудай жүріп, таста өскен,
Ағайыннан басқа өскен
Ордабай күлмей, кім күлсін!

Жылқының сүті шекер, еті бал

Ертеде Ташкент ұлығы Нарымбет: «Жылқыға қандай мақтау сияды?»-деп Досболдан сұрапты.
Сонда Досбол: « ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1199 | Добавил: модератор | Дата: 03.11.2012

Бірде Кенжалы би аға сұлтан Құнанбайдың еліне барады. Барса Тобықтының күллі атақты атқа мінерлері жиналып, Күнекеңнің жаңадан салдыртқан үйін тамашалап отыр екен. Кенжекең жайғасқан соң Күнекең одан:
-Мына үйіме неше адам сияды?-деп сұрайды.
-Арғын, Тобықтыдан алпыс адам сиса, Найманнан отыз адам сияды,-дейді би.-Онысы сол кезде арғын, тобықты елі киімді жұқа, ықшам киеді екен.-Ал есек мінген сарт келсе, неше кісі сиярын кім білсін,-депті.
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 943 | Добавил: модератор | Дата: 05.10.2012

Досбол бір жиында, жарлыларды жамандай сөйлеген шешен-сымақты былай тойтарған:

Ханға бергісіз қара бар.
Қылышқа бергісіз ара бар,
Кей қараның сөздері,
Хан сөзіне барабар,-деген.

Енді бір сөздің кірісінде:

-Арамменен жолдас болсаң,
Көңіліңді қаралар.
Жаманменен жолдас болсаң,
Жүрегіңді жаралар,-

деп түйген.
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 827 | Добавил: модератор | Дата: 21.09.2012

  Тоқа ішінде Алтай елінің ұрылары көрші ауылдың малын айдап әкетіпті. Екі ел арасында дау шығыпты. Билік бітімге Атығай Арық би мен Тоқа Шоң би шығыпты. Шоң би ірі денелі насат кісі болса керек те, Арық би кішкене ғана ажарсыз адам екен. Шоң сөз бастапты:
  -Арқаның Арық биі сапарың оң болсын! Елің де, өзің де жүдеп шыққан екенсің, сөйле?
Сонда Арық би:
  -Әлей болсын. Аққу құстың төресі, жеке жүріп оттамас. Асыл ердің жақсысы бұралқы сөзді бұттамас. Мен арық болсам, елімнің жоғын жоқтап жүрген болармын. Өлеңді жерде өгіз семіз, ұрылы жерде би семіз деген. Сіздің семіз болатын ретіңіз бар ғой,-депті.
  Шоң би басқа сөзге келмей, жанындағы жігіттерге қарап:
  -Мына Арық бидің малын беріңдер, малына қоса жолын ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1140 | Добавил: модератор | Дата: 05.09.2012

Қопа шешен 1806-1809 жылдар шамасында қазіргі Семей облысының Абыралы ауданында туған, қайтыс болған жылы белгісіз. Қопа Арғынның Қозған руынан. Ол байлардың, бектер мен билердің бет-жүзіне қарамай, ойындағысын айтып салатын өжет шешен болған. Бір күні Қопа қадірлі шежіреші Саққұлақ ақсақалға сәлем бере келеді. Саққұлақ оған:
  -Тоқта алдымен бір ауыз сөз айт, сосын үйге кір?- дегенде Қопа:
Сөз сұрасаң Қопадан,
Тартысты жерден тартынбан,
Емен, ағаш, бәйтерек-
Бұтағым көкке шарпылған.
Керегің болса сұрап қал,
Тіршілікте мына мен тұрған.
Қадірін білмей айырылма,
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1818 | Добавил: модератор | Дата: 27.08.2012

 (Бекболат Қанайұлы 1714-1795)
  Уақ Қозыбай шешен жер аударылып Семей еліне барып, Бекболаттың қолында тұрады. Сонда Қозыбайдың көңілін аулап бір мәжілісте Бекболат былай деген екен:
Елінде жақсы көп болса пайдасы тиер,
Содырлы, сотқар көп болса найзасы тиер.
Қоғамшыл, кең қолтық болсаң халқың сүйер.
Жақсыға жаманнан кесір,
Ішінен жақсы кетсе ел жесір,
Өзіне жамандық қылған пендеге,
Жібектей болып есіл.
Қисық ағаш тезінен мұқар,
Асқынған дау сөзінен мұқар.
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1337 | Добавил: модератор | Дата: 15.08.2012

Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2025  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz