Воскресенье, 07.12.2025, 06:31
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 6
Гостей: 6
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » Тәлім өлең
« 1 2 3 4 5 ... 8 9 »
Мінезді болса алғаның,
Одан артық жар бар ма,
Екі жаман қосылса,
Күнде жанжал, күнде шу,
Ұяларлық ар бар ма.
Білімді туған жақсыға
Залал қылмыс мың қарға,
Жаман туған жігітке
Рақатты күн бар ма.
Өз мінін білген жігіттің
Тәлімінде мін бар ма.

Мал-басы өскен адамның
Алды-арты бұрқар бу болар.
Көтере алмай дәулетін
Көрінгенге бу қыл ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 1382 | Добавил: модератор | Дата: 31.07.2013

«Араз бол, кедей болсаң ұрлықпенен...»
Араз бол, кедей болсаң ұрлықпенен,
Кете бер кессе басың шындықпенен.
Қорек тап бейнеттен де тәңірің жәрдем,
Телмірме бір адамға мұңдықпенен.

Адамға бір өзіңдей көзің сүзбе,
Бір әділ қазнасы кең патшаңды ізде.
Қорексіз еш пендесін қалдырмайды,
Жаратқан бір тәңіріңнен күдер үзбе.

Мақтанба бақыттымын деп бағыңызға,
Қартаймақ қиын сауда тағыңызда.
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 904 | Добавил: модератор | Дата: 13.07.2013

Адамдық іс
Күн туса, нұр қашады айдан дағы,
Жарлы жақсы, қайырсыз байдан дағы;
Бұрынғы қариялардан қалған нақыл,
«Бұл сөзді таптың,-деме,-қайдан тағы?»
Тұлпардың тұқымының туымы бар,
Белгілі ат болуы тайдан дағы.
Алда-аға, артта-іні жетіп тұрса,
Жігітке ол бір құрал, сайман дағы.
Деген бар: «төртеу түгел-төрге шығар!»
Төрің сол-бақыт құстың айналғаны.
Алтау боп-аузың ала бола қалса,
Дұшпан ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 2598 | Добавил: модератор | Дата: 29.06.2013

Асқар, асқар, асқар тау,
Асқардан биік тау болмас,
Басына балапан шырлап ұшып қона алмас,
Бүркіттен қыран құс болмас,
Баулуы жетпей бөрі алмас.
Бидайықтан алғыр құс болмас,
Бұйырмаса екеу түгіл бір де алмас.
Сұңқардан сұлу құс болмас,
Қауырсыны қатпай ұша алмас,
Ағайынның ішінде
Бір жақсысы бар болса,
Қоңқалаған көп жаман
Сол жақсыны көре алмас.
Сол жаманның басына
Қиын қ ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 4064 | Добавил: модератор | Дата: 18.06.2013

Қоштасу
Қош бол, досым, жақыным!
Уақыт тығыз, сөз қысқа.
Кетіп бара жатырмын
Сұрапыл бір соғысқа.
Тепкісінде соғыстың
Дүние меңзеп жатқанда,
Ажал бейне фашист сұм
Қасқыр болып шапқанда,-
Қоян емен, адаммын,
Қайтып бұғып жатармын!
«Жаны тәтті жаманның»,
Сыналар күні мақалдың.
Сыналар күні жігіттің,
Қош бол, досым, сөз қысқа!
Зіл боп ойым, мен кеттім
Сұрапыл бір соғысқа!
1941ж

Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 878 | Добавил: модератор | Дата: 07.06.2013

Арғынмын, атым-Әсет арындаған
Арғынмын, атым-Әсет арындаған
Арындап ән сала ма дарымаған.
Аспанның аясында ән шалқытқан,
Бұлбұлмын, даусы көкте дамылдаған.
Көмекей көк қапысын әнмен ашса,
Төгіліп меруерт, маржан сауылдаған.
Тұлпармын топтан озған, тосырқаман,
Шаршы топ қарсы өрім жоқ шабылмаған.
Жорғамын, жұрттан озған жортарманмын,
Майдамын, майда желіс мамырлаған.
Жұртымның аса топыр жиынында
Бүгінгі ән адыра қалсын салынбаған!..
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 1502 | Добавил: модератор | Дата: 23.05.2013

«Болжаусыз осы екен ғой өлім деген...»
«Болжаусыз осы екен ғой өлім деген...»
Болжаусыз осы екен ғой өлім деген,
Күн бұрын көзге келіп көрінбеген.
Артыма сөз қалдырмай ала кеттім,
Айғайға қайран даусым ерінбеген.
Абайдай арт жағына сөз қалдырып,
Жақсы еді-ау, әттеген-ай, өлу деген.
 Ертең жазып, бүрсігүн бітірем деп,
Баянсыз тіршілікке сенуменен,
Қатын, бала асырау амалында
Кеттім-ай үнемі көңіл бөлуменен.
Менен со ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 997 | Добавил: модератор | Дата: 14.05.2013

Болжаусыз осы екен ғой өлім деген...
Болжаусыз осы екен ғой өлім деген,
Күн бұрын көзге келіп көрінбеген.
Артыма сөз қалдырмай ала кеттім,
Айғайға қайран даусым ерінбеген.
Абайдай арт жағына сөз қалдырып,
Жақсы еді-ау, әттеген–ай, өлу деген.
Ертең жазып, бүрсігін бітірем деп,
Баянсыз тіршілікке сенуменен,
Қатын, бала асырау амалында
Кеттім-ай үнемі көңіл бөлуменен.
Менен сорлы ақын да өтті ме екен,
Бір сөзі баспа орнына берілмеген?!
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 928 | Добавил: модератор | Дата: 03.05.2013

Барлы-барлы, Барлы  тау;
Басы есеннің дені сау,
Ұйықтамаса қабақ жау,
Ішпей жүрсе тамақ жау.
Арық атқа қамшы жау.
Жыртық үйге тамшы жау;
Ұрысқақ болса ұлың жау,
Керіскек болса келін жау.
Қашаған болса атың жау,
Қарыспа болса қатын жау.
Тебеген болса биең жау,
Сүйкеншек болса түйең жау.
Түйең менен биеңді,
Алып кетсе жиен жау.
Ұл он беске келгенде,
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 1727 | Добавил: модератор | Дата: 19.04.2013

  Төле би қатты дертке ұшырап, төсек тартып жатқан ауыр күндері Қаз дауысты Қазыбек би науқастың бас жағында, Көкі би, Мәлік би мен Ержан би аяқ жағында отыр екен. Үйге сәлем беріп жақсы киінген қару-жарақты үш қария кіріпті. Біреуінің көзі қылилау, екіншісі қасқа бас, үшіншісі доғал тұмсық екен дейді. Әлгілер Төле биге: «Үшеуіміз үш жүзден көңіліңізді сұрай келдік. Қазақ сорлының ендігі бақыты қайда, ардақты еліңізге қандай өсиет-өнеге айтып қалдырасыз?»-депті пысықтық танытып доғал тұмсық.
   Сонда Төле би басын көтеріп:
Жүзге бөлінгендердің жүзі қара,
Руға бөлінгендердің құруға асыққаны.
Атаға бөлінгендер адыра қалады,
Көпті қорлаған көмусіз қалады.
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 2860 | Добавил: модератор | Дата: 08.04.2013

«Белгілі биік көк сеңгір...»
Белгілі биік көк сеңгір
Басынан қарға ұшырмас,
Ер қарауыл қарар деп,
Алыстан қара шалар деп;

Балдағы алтын құрыш болат
Ашылып шапсам дем тартар,
Сусыным қанға қанар деп;

Арғымақтың баласы
Арыған сайын тың жортар,
Арқа мен қосым қалар деп;

Ақ дария толқын күшейтер,
Құй ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 6443 | Добавил: модератор | Дата: 30.03.2013

Ассалаумағалейкүм, нар Кемпірбай...
Қадірменді оқырмандар!
Кемпірбай ақынның Әсет ақынға жауабын өздеріңіздің өтініштеріңіз бойынша қайталап толықтырып беріп отырмыз.

Кемпірбай ақын ауырып жатқанда Әсет ақын көңілін сұрай келеді. Әуелі Әсет Кемпірбайға көңілін сұрай өлең айтады.
Боз шапса, боз озбай ма буырылдан,
Мен шапсам жер танабы қуырылған.
Жай тастап құлашымды алып жылдам
Жабының күнде озушы ем тұғырынан.
Біреумен алтын жүзді дос-жар болмақ
Өзіңнің бойға біткен пиғылыңнан.
Келсе де тоқс ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 1226 | Добавил: модератор | Дата: 18.03.2013

«Саясы жоқ бәйтерек...»
Саясы жоқ бәйтерек
Саздауға біткен талмен тең,
Жақсы ағаңыз бар болса,
Алдында сары белмен тең,
Ағайының көп болса,
Ұлық бір шеру қолмен тең,
Ақылсызға сөз айтсаң,
Алды бір тұйық жармен тең,
Молдадан сабақ алсаңыз,
Алуа, шекер балмен тең,
Пайдасы жоққа жалынсаң,
Семіз бір жемқор малмен тең,
Жақсы қатын алсаңыз,
Алла ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 1193 | Добавил: модератор | Дата: 06.03.2013

Қазаққа пайда мынау: малын бақсын,
Отқа жайып, суарып, бағып-қақсын,
Ұлда бір көз, жалшыда екі көз жоқ,
Соқыр кісі мал жайын қайдан тапсын.

Байлар малын бақса екен өзі жүріп,
Кедей де өлмес еді күнін көріп,
Өз малын өзі бақпай бос қаңғырар,
Бір кедейді жалдайды пайда көріп.

Жаман бай кімді ондырар өзі оңбаған,
Жанын қорттап, суыққа бір тонбаған,
Ішпей, жемей, киместен кетеді өтіп,
Кей жаман мал бітсе де бақ қо ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 814 | Добавил: модератор | Дата: 24.02.2013

Қара өлеңінен» үзінді)
Кәрілік
Үзінді
Кәрілік жарлылықпен екеуледі,
Бала би, қатын шайпау-төртеуледі.
Шағырдың шала жанған ұшқынындай,
Барлығы жан-жағымнан кеукеуледі.

Шаппай, желмей жемдей бер кәрі бозды,
Күш-қуат, ақыл-қайрат бәрі тозды.
Төрт бұрышын дүниенің сайрандаған,
Мінеки екі аяқтан таяқ озды.

Кәрілік қара нарға тас артқандай,< ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 978 | Добавил: модератор | Дата: 16.02.2013

Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2025  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz