Қазақтың ғұлама ақыны Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы мынадай кеңестер айтыпты: Адам баласы бақытты, бақуатты ғұмыр кешуі үшін ең алдымен шүкіршілік етуі тиіс. Адам алдымен Алла-тағалаға шүкіршілік қылуы қажет. Оның екі түрі бар. Біріншісі, «әлһамдулиллаһ» деп тілмен айту. Ол Алла-тағаланың барлық беріп жатқан нығметтеріне тілмен айтылатын шүкіршілік. Екіншісі, қолмен жасалатын шүкіршілік. Қолмен жасалған шүкіршіліктің сауабы тілмен айтылғаннан әлдеқайда көп. Бұл қиналған адамдарға көмек көрсету, садақа беру сынды әрекеттер. Яғни, Алла-тағаланың берген байлығы, нығметтері адам бойынан, қолынан көрініп тұруы тиіс. Кем-кетік пен жоқ-жітікті тойындырып, киіндіріп, садақа берген адамдардың байлығы да арта түспек.
|
Өзім түгілі, дәрігерлердің өзі аң-таң болды
-Ғарышқа ұшып, аман-есен елге оралған соң туған жерге бардым. Қарқаралы халқының маған деген ықыласында шек жоқ. Содан Шайтанкөлге келдік. Суды көрдім де, әй-шәйға қарамай, гүмп етіп қойып кеттім. Бір жағынан, туған жерге деген сағынышым болса, екіншіден, көлде жүзбегелі көп болыпты. Ертеңіне денемде түймедей-түймедей жаралар қаптап кетті. Дереу дәрігерлер қарай бастады. Жақпаған майы жоқ. Бірақ бәрі пайдасыз. Ақырында Алматыдан бір-ақ шықтым. Жараның жазылар түрі жоқ. Бір күні түс көрдім. Түсімде ақ киімді, ақ сақалды бір ақсақал «Әй, Тоқтар! Сен менімен амандаспадың ғой!» деді де, ғайып болды. Сонымен дәрігерлердің қарсылығына қарамай, асығып Қарқаралыға қайта келдім. Келе сала «Ассалаумағалейкум!» деп амандастым. Бір түн түнедік. Түсімде өткендегі ақсақал риза кейіпте тұр екен деймін. Бір кезде сол кейіппен үсті-бас
...
Толығымен (Подробнее)»
|
(«Ауырмаңыз» № 08 Сәуір, 2011 ж) Мамандар төмендегі кеңестерді мүлтіксіз орындаған адамның дені сау болып, ұзақ жасайтынын айтады. Ендеше Сіз де пайдаңызға асырып көріңіз. -Әр күні таңертең бір стақан су ішуден бастап, кешке дейін 2-2,5 литр су ішуге тырысыңыз. -Мүмкіндігінше жеміс-жидектер мен көкөністері көп жеп тұрыңыз. -Сүт өнімдерін көбірек пайдаланыңыз. Балалар сүтті, ересектер айранды көп ішуі керек. -Күз бен көктем айларында міндетті түрде шипалы шөп шайларды ішіп отырған пайдалы. -Үйден жалбыз, жөке, шалфей, итмұрын, райхан, зімбір, көк шай, пияз және сарымсақ үзілмеуі тиіс. -Мүмкіндігінше көп түрлі қоспалардан салат жасап, күнделікті жеп тұруың ағзаға тигізер пайдасы зор.
|
-Әрқашан мінсіздікке ұмтылыңыздар. Адам әрқашан оқып, өсіп, өркендеуі керек. Кез-келген шаруаны ойдағыдай іске асыратын болыңыз. Бастаған ісін соңына дейін апармайтын адам құзыретті бола алмайды. -Басқаларды жігерлендіріңіз. Көшбасшылар артынан ергендерді жігерлендіріп, әрдайым оларға жетекші болады. -Ерлік жасай біліңіз. Яғни өзгелердің дәті бармайтын, қолынан келмейтін жауапты, маңызды істерді, қадамды сіз жасай алуға тиіссіз және оны өзгелер іштей сезінуге тиіс. Көшбасшыға тән ерлік артынан ерушілеріне өз ісіне адал болуға дем береді. Міне, осы бірнеше қасиет кім-кімді де жүрген ортасында сыйлы, қадірлі етумен қатар өзгелерден көш ілгері болуына көмектеседі. Олай болса, бойыңыздан осы қасиеттерді табуға, оны шыңдауға тырысқайсыз.
|
Америкадағы жеке және көшбасшылық қасиеттерді барынша жоғарылатуға көмектесетін ұйымның өкілі Джон Максвеллдің «Көшбасшының 21 міндетті қасиеті» атты кітабында мынадай кеңестер бар: -Жартастай берік бол. Күйзелісте, асқан қуанышта да асып-саспай, қандай әрекет жасауды білу керек. Бұл ретте сабырлылық, салқынқандылық-кім-кімге де керек қасиет.-Адамдарды өзіңізге тарта білуіңіз керек. Егер айналаңызға мүдделес адамдарды тартқыңыз келсе, онда кіммен араласқанды жақсы көрсеңіз, соған ұқсас болу керексіз. Адамдарды артыңыздан ілестіре жүріп, оларға өзіңізде бар нәрсені сыйлаңыз. Сіздің қорларыңыз, даналығыңыз, тіпті күнделікті өмірдегі жайттар оларды да игілігіне айналсын.-Ісіңізге жан-тәніңізбен берілу керек, ол жетістікке жетуге мүмкіндік береді. Ал іске адалдықтың басы жүректе жатады.
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Әнші Мәдина Садуақасова:-Мен кадрда ғана әдемімін. Ал өмірде өзімді хас сұлумын деп айтудан аулақпын. Қазақтың қарапайым қызымын... Шыны керек, телевидение-келбетті жандарды «ұнатады». Сондықтан ажарлы көрінуі үшін жұмыс істеуің шарт. Сол мақсатта айына бірнеше рет косметологқа барып, бет күтімін жасаймын, спортпен айналысамын, сары уайымға салынбауға тырысамын. Адамның ажарына бұның да айтарлықтай септігі бар. Жалпы, сахнадан тыс уақытта жарқ-жұрқ еткен тіршілікті, бірден байқалатын бояуды құп көрмеймін: Себебі, адам баласы одан да шаршайды екен... («Керек кеңестер», №1, 2013ж)
|
Белгілі бір адамның қанша жасайтынын, яғни қанша өмірі қалғанын айтуға бола ма? Бұл орайда, әрине, жазатайым жағдайлар, оқыс оқиғалар болмағанның өзінде, адамның денсаулық күйіне қарап болжам жасау туралы сөз болып отыр. Медицина мұндай болжам жасай алмайды, өйткені дәрігерлер адамның нақты биологиялық жасын қалай дәл анықтаудың амалын білмейді. Қартайғандықтың жалпылай айтылатын, мысалы, әжім секілді белгілерінің ғылыми мәні жоқ, сондықтан оған қарап анық болжам жасауға келмейді. Вашингтонның іргесіндегі Кәрілік проблемалары ұлттық институтында қазір «биомаркерлер» деп аталатындарды іздеп табу жөнінде зерттеулер жүргізуде. «Биомаркер» деп соның өзгеру жылдамдығына қарап өмірдің қаншалық ұзақ боларына ғылыми негізде болжам жасауға болатын тән белгілер аталады. Биологиялық жасты сипаттайтын, көрінеу білініп тұратын ес-жадының, яғни есете сақтау қабілетінің көрсеткішінен бастап, ауырғанды сезудің өзгеруі секілді анық аңғарыла қоймайтын
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Гарвардтық ғалымдар әйелдердің түс көруіне қатысты қызықты жаңалық ашты. Олардың пайымдауынша, нәзік жандар түрлі мәселелердің шешімін түсінде табады екен. Ғалымдар 98 әйелдің қатысуымен зерттеу жүргізген. Қыз-келіншектер күрделі ситуациялық басқатырмалардың жауабын шешуі қажет болған. Тапсырмаға берілген уақыттың орта тұсында ғалымдар әйелдердің бір тобын ұйықтауға жібереді. Ал қалған топ бой сергітер жаттығулармен шұғылданған. Бірнеше сағаттан соң екі топ бірігіп, жұмбақтың шешуін табуға қайта отырады. Нәтижесінде, ұйықтап демалған топ бірте-бірте басқатырманың шешімін таба бастаған. Ал ұйқының орнына бой сергіткен қыз-келіншектер сол қиналған күйі отырып қалыпты. Бірінші топ өкілдері күрделі басқатырманы шешудің жолдарын ұйықтап жатқан кезде де ойлағандарын айтқан. Ғалымдардың айтуынша, бұл-жай қасиет емес, әйелдердің миында күрделі мәселелердің шешімін ағза тынығып жатқан кезде іздестіру м
...
Толығымен (Подробнее)»
|
1928 жылы Үндістанда туылған Прахлад Джандидің өмір сүру салты мен ерекше қабылеті бүкіл әлемді таңғалдырды. Сегіз жасқа дейін өз қатарластары тәрізді қалыпты өсіп дамыған бала кенеттен су мен ас ішуді біржолата тоқтатыпты. Сөйте тұра, оның денсаулығы нашарламаған. Ағзасындағы күш-қуаты еш кемімей, бұрынғыдай өмір сүріп, жүре берген. Баланы тексерген дәрігерлер оның қалайша су мен тамақ ішпей өмір сүретіне таңдай қақты. Адам ағзасының 80 пайызы судан тұратындықтан, оған үнемі қорек қажет. Ал бірнеше күн бойы ас пен сусыз қалған адам қайтыс болатыны анық. Алайда, П. Джандиді аурухана жатқызып бір апта бойы зерттеген дәрігерлер бұл құпия құбылыстың сырын аша алмады.Алғашқыда Джанди жасырынып тамақ ішетін болар деп топшылаған дәрігерлер оның бөлмесіне камералар орнатты. Тіпті анығына жету үшін үшін душқа баруға тыйым салды. Алайда оның расымен де су мен тамақ ішпейтініне көз жеткізген
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Манчестер университетінің ғылымдар тобы «Сықырлы» кілем ойлап тапты. Бұл кілем жалғызбасты қариялардың хал-жағдайы мен денсаулығын бақылайды. Кілемде адамның жүріс-тұрысын анықтайтын арнайы тетіктер бар. Егер адамның жүрісі өзгерсе немесе ол құлап қалса, кілем лезде белгі бере алады.Кілемді ойлап тапқандар медициналық сканерде пайдалынатын томография технологиясын қолданған. Кілемнің өзі жарықты өткізетін оптикалық талшықтардан тұрады. Адам қадам басқанда бұл талшықтар иіліп, арнайы сенсорлар жарық ағының сканерлеп, компьютерге белгі береді.Компьютердегі бағдарлама алынған ақпаратты талдап, адам ізіне қарап оның хал-ахуалын анықтай алады. Егер қария құлап қалса бірден белгі береді.Бұл құрылғы қарттар үйі, ауруханаларда қолданылмақ. Сондай-ақ құрылғы үйге бөтен адамның келгенін де анықтап, дабыл қаға алады
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Бойды әлсіздік билеп, мұрыннан жиі су ақса, онда иммунитет әлсіреген болуы керек. Оны терінің солғын тартуынан, бет ұшы немесе қол терісінің әр жері қызаруынан да байқауға болады. Егер Сізде осы белгілер біліне бастаса, онда күніне үш рет жаңғақ пен банан жеп, таңертең және кешке сүт ішіңіз. Ас мәзірінде жұмыртқа сарысы мен бауыр болғаны дұрыс. Ол ішекте қалдық тұруынан сақтайды, артық салмақты болдырмайды және вирусқа қарсы күресуде көмектеседі.Қыста ағзада темір жетіспеушілігі көп байқалады. Оны бастың айналуы, тіс түбінің қақсауы, қанқұрт түсуінен, тырнақ пен шаштың сынғыштығынан сезе аласыз. Мұндай жағдайда дереу ас мәзіріне қарақұмықты көбірек қосуға тырысыңыз. Алма, анарды, жасыл түсті көкөністерді де көбірек тұтыну керек.Анда-санда пісте шағып, үккіштен өткізілген сәбізге зәйтүн немесе өсімдік майы мен дәмдеуіштер қосып жеу де ағзаны қысқы қиынд
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Күнделікті асқа сәбіз бен асқабақ, бауырды көбірек пайдаланыңыз. Құрманы, жұмыртқанын сарысын жиі жеу де А дәруменінің орнын толтырып, ағзаның суық пен вирусқа қарсы күресуіне көмектеседі. Салатқа күнбағыс майын қосып жеу теріні құрғап кетуден қорғайды. Бетте аздап безеу шығып, ұштары жарыла бастаса В6 дәруменінің қоры таусыла бастады деген сөз. Кейбіреуде бұл кезде бет құрғап кетсе, енді біреулерде маңдай себепсіз майлана түседі. Оның орнын сиыр, қой етімен, жаңғақ, соя, қырыққабат, сүт, картоппен толтыра аласыз. Бұл азық түрлері ағзадағы май алмасуын реттейді.
|
Саумалдықтың (шпинат) адамның бұлшық етін жетілдіре алатын қасиеті бар. Мұндай жаңалықты Каролина университетінің ғалымдары ашты. Ғалымдардың зерттеуіне сәйкес, шпинаттың 300 грамының өзі бұлшық еттегі оттегі қажеттігін 5 пайызға азайтады,соның әсерінен ет ұлпалары жылдам дамиды. Тіпті оң нәтижеге көз жеткізу үшін көкөністі үш күн қатарынан осындай мөлшерде жесек, жетіп жатыр екен. Шипалы өнімнің құпиясы-оның құрамындағы нитраттар мен минералдарда. Бұл заттар ұлпаның қоректенуіне жауапты бөлшектері есебінен жасушаның энергиялық тиімділігін арттырады. Каролина университеті мамандарының зерттеуіне спортпен шұғылданатын бірнеше жас жігіт қатысқан.
|
Ақ мамық төсекте көп жата бермеңіз. Жүз жасаған адамдардың көпшілігі өмір бойы ерте тұрған. Тамақты көп жемеңіз. Семіздік өміріңізді қысқартады.Болашаққа сеніммен қараңыз. Зейнеркерлікке шыққаныңызда белсенділік танытыңыз.Дәріні мүмкіндігінше аз қабылдаңыз. Денсаулығыңызды көп ойлай бермеңіз.Шылым шекпеңіз. Шылым шеккендерден өзіңізді аулақ ұстаңыз. Өз хоббиіңіз болсын. Сұйықты, әсіресе, суды көп ішпеңіз.Өмірдік рахатына бөленіңіз. Нашар көңіл-күйіңізді дене еңбегімен жеңіңіз. Кофе ішпеңіз, шай ішіңіз. Шаршағанды басу үшін жарты сағат ванна қабылдаңыз.Күнде бір уақытта жатып ұйықтамаңыз. Түннің ортасына дейін кино көріңіз, қонаққа барыңыз, өздері
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Израйль дәрігерлері отбасында бақытты ер адамдардың суыққа бой алдырмайтынын, қан айналымы қалыпты болғандықтан үйінде жанжалы көп ерлерге қарағанда жүрек сырқаттарына 64 пайыз аз шалдығатынын анықтапты. Бұл зерттеуге 10 мың ер адам қатысқан. Оларды 1965-ші жылдан бері, яғни 46 жыл бойы бақылаған түрлі дәрігер-мамандар ақыры бір қорытындыға келді. Зерттеушілердің деректеріне сенсек, бақытты ер адам семіздікке, қан қысымына да басқаларға қарағанда екі есе аз шалдығады екен. Жарты ғасырға жуық зерттеуін осылай ғана қайырған израйльдіктердің пікіріне Тель-авив оқымыстылары да қосылатынын айтты. Олар мемлекеттік қызметте істейтін 10.059 ер адамның денсаулығын тексерген. Сөйтіп түрлі себеппен ажырасқан, қазіргі күнде жалғызбасты ер адамдардың денсаулығы өзгелерге қарағанда мәз емес екеніне көз жеткізіпті. Жалғызбасты еркектерде созылмалы бүйрек, бауыр аурулары, асқазан жарасы өте жиі кездеседі екен. Ал өз
...
Толығымен (Подробнее)»
| |