Воскресенье, 07.12.2025, 07:29
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 5
Гостей: 5
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » Салауатты өмір салты
« 1 2 3 4 5 6 ... 9 10 »
Мұхаммед пайғамбардың хадистеріне ой көзін салыңыздар:
-Кімде-кім өз ісін ойлап-пішіп, төзімділікпен атқарса, оның тілегі қабыл болады немесе соған жақындайды. Кімде-кім асықса-шатасады немесе соған жақындайды.
-Сіздің бойыңызда Алла тағала сүйетін екі нәрсе бар, олар әрбір істегі жұмсақтық (көнгіштік) және төзімділік.
-Кімде-кім өз ашуын баса білсе, Алла оған деген өз жазасын қайтып алады. Егер кімде-кім тіліне тиым салса, Алла тағала оның кемшілігін жасырады.
-Алла тағаланың көмегі де мұқтаждыққа қарай беріледі. Қайғы қандай болса, соған лайық төзім беріледі.
-Егер кімде-кім басына түскен қайғыға төзімді болса, Алланың бергеніне риза болса, өзіне жамандық жасаған адамды кешірсе, өзі жасағандарына кешірім сұраса, ол жолдағы адам деп ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 1059 | Добавил: модератор | Дата: 24.06.2012

-Таңертең ұйқыдан оянғанда дене температурасы біршама төмендейді. Мұндайда мүмкіндік болса, душтың суын бір-бірте ысыта отырып, жуынып шыққан дұрыс. Бұл шаршағаныңызды басып, денеңіздің тыңайып қалуына септігін тигізеді.
-Кешегі ауыр жұмыстан кейін аяқ-қолыңыздың бұлшық еттерін қыздырап алған жөн. Ол үшін 10-15 минут жоғарыға тартылып, жауырынға салып, екі жаққа қарай керетін құрал арқылы жұмыс істеу керек. Табанмен басып тұрып жоғары қарай керу, белге салмақ салып отырып, аяқпен теуіп керетін құралмен айналысқан дұрыс.
-Басты оң және сол жаққа асықпай бұру. Сосын алақанды жылытып алып, мойынды сылау қажет. Жоғарыдан төмен қарай және иектен бастап сылау кезінде қалқанша безіне күш түсіріп алмау керек.
-Екі қолдың саусақ ұшымен желкенің ойығын басып, төмен-жоғары сылау керек. Басты алға қарай оздыра отырып, бірнеш ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 939 | Добавил: модератор | Дата: 12.06.2012

Ағзаны ара-тұра тазартып тұру керек. Ол үшін апта сайын тағамға күріш қосып отырған абзал. Апта сайын 250 г. (каша болса тіптен жақсы), құрамындағы калий арқылы қажет емес шлактарды шығаруға көмектеседі. Сонымен қатар күрішті көкеністермен пайдалану тазарту жұмысын екі есе жақсартады.

Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 1152 | Добавил: модератор | Дата: 04.06.2012

Жалғасы...
Жай тұрмыста аз мөлшердегі сәуледен қорғануда йодтың пайдасы бар. Оның дәрі түріндегі күнделікті мөлшері болады. Йодты ең көп қолданатындар-жапондар. Олардың түрлі тағамдар мен сусындарына да йод қосылады. Жапондар йодты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымы белгіленген күндік мөлшерден 108 есе артық қолданады. Ағзаға енген қоздырғыш таяқшалары йодқа төтеп бере алмайды. Жапондардың интеллектуалдық деңгейі жоғары мен ұзақ өмір сүруінің себебі осы йодқа байланысты болуы да мүмкін.
Жапонияның зерттеушілері 1945-жылы атомдық шабуылға ұшыраған Хиросима және Нагасаки тұрғындарының иммундық жүйесі 35 жылдан кейін де қалпына келмегенін анықтаған. Ал Қазақстандағы Семейдің осы күнгі тұрғындарының қанында ағзаның қорғанысы үшін өте қажетті ақ жасушалар жетіспейді. Ол аймақтағы қатерлі ісік ауруына шалдыққандарға лейкоз, яғни қан ісігі тән. Зерттеулер көрсеткеніндей, лейкоз ауруы әлі 10 ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 1462 | Добавил: модератор | Дата: 21.05.2012

Қазіргі уақытта дүние жүзін радияцияға байланысты үрей жайлаған. Жапониядағы атом электр станцияларындағы апат салдарынан радиактивті тозаң АҚШ, Ресей, Қытай жерлеріне түсіп жатыр. Ол желмен, жаңбырмен жетеді. Құдай бетін аулақ етсін, ондай тозаң Қазақстанға жетпейтінін Қоршаған ортаны қорғау министрі мен «Қазгидромет» мекемесінің директоры айтып отыр.
Мамандардың айтуынша, радиактивтік сәуле адамның денесіне ешбір кедергісіз ене береді. Ал одан қорғаныс амалы мен ағзадан шығарып тастау жолын ғылым мен медицина әзірге таппай келеді. Сондықтан адам өзінің сәулеленгенін сезбейді. Радиация қуаты денеге енгенде ет пен тері ауырмайды. Ондайда бүкіл дененің жасушаларындағы атомдар қозғалады да, биохимиялық процестер өзгереді. Оның соңы ағзаның тұтастай жүйесі бұзылуына, ішкі органдардың істен шыға бастауына апарып соғады.
Ми, жыныс бездері, аш ішек, сілекейлі ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 2331 | Добавил: модератор | Дата: 20.05.2012

Қазір құрт-құмырсқаның көбейіп, улы жәндіктердің бас көтеретін кезі. Сақтық шараларын қарастырмаса олардың шағып алуы әбден мүмкін.
Жылан, шаян, қарақұрт, улы ара шаққанда уы бүкіл денеге тарамас үшін шаққан жерді мүмкіндігінше қатты етіп таңып тастау керек. Содан кейін жәндік шаққан жерді пышақтың ұшымен шертіп қанын ағызады да, ешкінің күні бұрын әдейілеп кептірген өтін жағады. Оны жиі-жиі қайталап отыру керек. Халық емшілері ешкінің өтін көк дәрі деп атайды. Оның уды тез қайтаратын жақсы қасиеті бар.
М. Жұмабек.
Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 1420 | Добавил: модератор | Дата: 04.05.2012

Адам кейде ауруды өз мінезінен де табатын көрінеді. Ғалымдар мынандай болжам айтады:
-Шексіз қатты қуану инфарктке әкеп соғатын көрінеді.
-Үнемі қайғырып, аһлап-үһлеп жүру өкпені зақымдайды екен.
-Ызақорлық, ашуланшақтық бауырды ауыртады.
-Қызғаншақтық, біреуді көреалмаушылық бауыр мен бүйрекке зардабын тигізеді.
-Жылауықтық жүрек қабының қабынып ауруына шалдықтырады.
-Шошынып, үнемі үрейленіп отыру өт жолын қабындырады және қант диабетіне ұшыратады.
 -Біреудің қамын жеп үнемі шыр-пыр болып жүру көк бауырдың ауруына алып келетін көрінеді.
Аурудың асқынуына адам бойындағы негізгі үш жаман қасиет ықпал жасайды ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 1081 | Добавил: модератор | Дата: 20.04.2012

  Кейде таңертең ұйқыдан тұрғанда көзіңіздің алды ісіп, желкеңіз кері тартып ауырып тұрғанын сезесіз. Бұл көбінесе күні бойы ауыр жұмыс істегеннен кейін ертеңіне байқалады. Яғни, бұл ми тамырларының тарылып, қан қысымының артқанын білдіреді. Бұндай кезде арқаңыз орнықты болатындай етіп орындыққа отырып, басыңызды кейінге жіберіңіз. Иығыңызды түсіріп, саусақ ұшымен мойынның жоғарғы екі жағынан төменгі жақ сүйектің бұғанасына дейін 1-2 жайлап уқалаңыз. Оң қолдың бас бармағымен ортаңғы саусағының ұшын омыртқа мен желкенің қосылған жеріне апарып, ал сол қолдың алақанын маңдайға қойып, бастапқыда қатты батыра уқалап, соңына қарай уқалауды баяулатады. Мұны 3 минуттай жасайды. Одан соң оң қолдың саусақтарымен желкедегі шаштың түбіне массаж жасап, тағы біраз уақыт жоғары-төмен уқалаңыз. Ең соңында екі қолдың саусақтарымен желкеден иыққа дейін 3-4 рет сипап, массажды аяқтаңыз.
   Одан кей ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 1022 | Добавил: модератор | Дата: 01.04.2012

Бұқаралық-ақпарат құралдарының жарияланып жатқан медициналық жаңалықтарына көз салсаңыз, адам тәулігіне 8 сағат жұмыс істеу керек. Одан артық жұмыс ағзаға, санаға салмақ түсіреді. Тәуліктік 8 сағаттың өзінде адам кемінде 3 рет үзіліс жасап, қимыл-қозғалысты көбейтуі керек. Дегенмен соңғы зерттеулер өткен ғасырдың 80-жылдарымен салыстырғанда адамдарда қимыл-қозғалыс 40 пайызға азайғанын, ал отырықшы жұмыс істейтіндердің қатары 70 пайызға артқанын анықтапты.
Әрине, мұның бәрі заманауи техниканың арқасы, адамның ары-бері жүгіруі азайды деп мақтанармыз. Алайда мұның зиянды жағы басым болып барады. «Медикал биллинг энд кодинг» ұйымы түрлі медициналық зерттеу жүргізіп, қозғалысы аз өмір салты адамды қатерлі ісік, жүрек-қантамыр, диабет ауруларына алып келеді деген тұжырым жасады. Мамандар зерттеу кезінде 3 жыл бойы тәулігіне 6 сағаттан артық бір орында отыратын адамдар мен үнемі қимыл-қозғалыс ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 988 | Добавил: модератор | Дата: 26.02.2012

Емдеуі келген ер өлмес.  (М. Қашқари.)

Ауру-өлімнің түрткісі.  (Ю. Баласағұни.)

Тәуіптен ауруыңды жасырма.  (Құтып.)

Емнің сыры бірақ затта болады.  (Құтып.)

Аурудың өсиеті-ізгі.  (М. Қашқари.)

Ауырған жерін ауру біледі.  (Қорқыт.)

Тірі адам ауырмай тұрмайды,
Ауырғанның бәрі өле бермейді.  (Құтып.)
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 1200 | Добавил: модератор | Дата: 17.02.2012

Әр адам күтініп жүргені-салауатты өмір салтының дәстүрі деп жиі айтамыз. Ендеше жейтін нанымызға шейін мән бергеніміз дұрыс.
Сақталып (бір тәуліктей), аздап қатая бастаған нан сілекеймен және ас қорыту сөлімен жақсы шыланып, тез сіңеді. Сондықтан асқазанның, бауырдың кейбір аурулары кезінде осындай аздап қатая бастаған нан жеу ұсынылады. Ал дені сау, сырқаты жоқ адамның қалауы біледі.
Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 913 | Добавил: модератор | Дата: 23.01.2012

Мамандардың пікірінше күтіне білген кісілер ұтады. Өмір де мұны көрсетіп жүр. Назарларыңызға солардың ойларының ұшқындарын ұсынамыз. Алайда, әдеттегідей ескертеріміз бар: әр уақытта емделіп жүрген дәрігеріңізбен ақылдасудан танбаңыздар:
-Көз іріңдеп, қызарып, көз тамырлары шаршағанда шикі картопты немесе алманы таңып қою керек.
-Асқабақты бұқтырып жеу ағзаны шлактардан тазартады.
-Балада энурез ауруы басталғанда дәкені шым жылы сүтке салып, баланың қуығына таңып қою керек.
-Артрит пен буын ауруларына шалдыққан адам көк шәй ішкені жөн. Ол ағзадағы тұздарды айдайды.
-Аяқ жиі қақсап ауыратын жағдайда күнделікті жатар алдында күйдірілмеген пісте майды ауырған жерлерге жағып, жылы шүберекпен орап жатқан жақсы.
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 1070 | Добавил: модератор | Дата: 11.01.2012

Педагогика ғылымдарының докторы, ақын, жазушы Әдібай Табылдиевтің ұлағатты ойларына назар аударыңыздар.
(«Elraji.kz» сайтында) үлкенге де, кішіге де өнеге болар өсиет сөзі жарияланды. Бұл ұлағатты ойлар біздің оқырманға ой салары анық.
Қазақта «тірі адам тіршілігін жасайды» деген мақал бар. Сол тіршіліктің қисыны, тірліктің тәртібі, әдебі бар. Әрбір адамның негізгі тірліктері: ұйықтау, ояну, киіну, жуыну, сергу, еңбек ету, тынығу. Бірақ бұл «тірліктің» өз тегі, қалпы тәртібі болады, соны біле жүру маңызды.
«Әбілет басқанды ұйқы басады» деп халқымыз бекер айтпаған. Ұйқы қалпынан асса, ол-ауру. Әрбір әдепті адам уақытысында жатып, дер кезінде тұрып тіршілік жасамаса, адамдық қасиетінен айырылады. Ал ерте тұру үшін ерте жату ләзім. «Еліктеткіш» теледидар көріп немесе бос сандалып көше кезу әдептілік еме ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 1180 | Добавил: модератор | Дата: 06.12.2011

Жалғасы ...
Құлақтың қызметі, құрылымы

Құлақ-есту органы.
Ол дыбыс өткізетін және қабылдайтын екі бөлімнен тұрады. Сыртқы есту түтігі, дабыл жарғағы, ортаңғы құлақ қуысы, балғашық, төс, үзеңгі, шағын дыбыс қуысы, ұлу, евстахий түтігі. Сыртқы құлаққа: құлақ қалқаны, сыртқы есту түтігі, ортаңғы құлаққа: есту сүйекшелері жатады.
Ішкі құлақта құлақ құрышы, онда сезімтал есту клеткалары мен вестабулар аппараты-тепе-теңдік органы орналасқан.
Құлақтың әр түрлі бөлімдері қабынып ауырады. Сол кезде адам естімей қалып, қиналады. Мұрын мен мұрын-тамақ жолдары сырқаттанса, евстахиев түтігі қабынуының салдарынан дабыл қуысына ауаның келуі қиындайды, дыбыс өткізгіштік бұзылады. Бұл қабыну ұзаққа созылса, ортаңғы құлақта жапсырма және тыртық ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 1750 | Добавил: модератор | Дата: 29.11.2011

Мұрын-адамның тыныс алу, иіс сезу мүшесі. Оның үстіндегі тері жұқа да тығыз. Май бездері мұнда  көп. Ең көп май бездері мұрынның екі танауында орналасқан. Оны көзбен де көруге болады. Өйткені, ол үлкен. Осы бездерге шаң, тозаң қонғанында ол тығындалып қалады да мұрында қара нүктелер пайда болады. Адам мұрнының ұшы тез қызарып шыға келетіні мәлім. Егер де адамның терісі өте сезімтал болса, ол ашық аспан астында, ауада жұмыс істегенінде мұрыны ең бірінші қызарып, сыр беріп қояды. Мұрын үстінің қызаруына, терісінің түлеп түсуіне ең басты себептер мыналар: мұрын терісінің өте жұқалығы, тым тартыңқылығы, оған күннің көп түсуі. Мұндай жағдайда сақтану шарасы: мұрынға опа немесе крем жағу.
Мұрынның ішкі жақтарында түктер бар. Адам егде тартқан сайын ол жуандап, сыртқа шығады. Оны жұлған дұрыс емес. Олай жасасаңыз, мұрын ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 2938 | Добавил: модератор | Дата: 28.11.2011

Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2025  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz