Өмір белестерінің өткен шақтарын кейде оймен шолып отырғанда кейбір жолдастардың барынан жоғы жақсы ма деп қалатының шындық. Ол кезде осы өзіміздің қаланың "Масақ" деген дүкені маңында көп пәтерлі үйлердің бірінде, бесінші қабатында тұратын едім. Жасым отыз бестен жаңа асқан кез еді, тегінде ауылда өскен кісі өзінің ауылдастарын ұмыта қоймайды ғой, бір күні өзімен бірге оқыған Хасенғазы деген сыныптасым кездесе қалды. Үйден жаңа шыққан бетім-Хасенғазыны көріп қарқ болып қалдым. Шілденің ыстығына әбден мезі болып, салқын сыра ішемін бе деген арам ойым бар еді, Хасенғазыны көріп ол ойымды ұмыттым. Жаңағы магазиннің алдына таман жақындағанымда Хасенғазы да мені көрді ғой деймін, маған қарай жедел басты аяғын. Ауылда оқып жүргенімізде ол оқуға нашар болып, алтыншы сыныпта қалып қойған бізден. Содан қала берді, оқу қонбады мыйына. Кінә өзінде, ешкімде жазығы жоқ. Бірақ, бұрынғысынша үстіне не ілінсе, с
...
Толығымен (Подробнее)»
|
бар. Қарашы өздерінің айлакерлерін!.. Оның үстіне бұл үйді тыраштанып салдық емес пе? Келгендердің алты-аласы, бес-бересісі жоқ, оларға неменеге жалпаңдаймын. Бүйтсем, елдің бәрі пенжақтарын ашып күлмей ме?! Бастығым басылған жоқ. Қайта асығып тұр-ау шамасы, сөзін жалғады. Оның ойынша келгендерге рахмет айтып сөйлеушілердің белсендісі-сұлулау келіншек болуы керек. Түрі қара торы ма, сары ма-бәрі бір, тек шашын орыс халқының жұлқымданған әйелдеріне ұқсатып сарыға боятуы қажет. Сөйлегенде қазақша жөнді білмейтін қатындар құсап орыс сөздерін араластырып, қазақшасын орысшаға бұрап, қылмыңдаңқырап сөйлесін дейді. Ондай қатынды қайдан табам? Өзінің есі дұрыс па?! "Неге өйтіп сөйлеуі керек?" деп пәлеге қалдым: "Ой! Ақмақ!-деді ол ақырып,-сенің қызмет істеуге қабілетің азайып бара жатқан сияқты ма, қалай өзі?! Айттым ғой, телефонмен бәрін сарнай берсек, пәлеге қалармыз!" Ойланып сәл үндемей қалып едім, анау ашудан жарыла жаздады:
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Құдайдың құдіреті! Тіпті есімді білгелі бастық болайын десем бір сәрі, армандаған жерім жоқ, күні осы уақытқа шейін яғни зейнетақы алғанға дейін ондай ой басыма кіріп шықпаған. Әдетте армандаған, қиялдаған нәрселерің түсіңе енеді деуші еді, бұл жолы бұлай болмай шықты. Қайта-қайта жаңбыр жауып әлсін-әлсін соғып маза кетіргендікі ме, немене, ұйқым бұзылып жүр еді, бүгін түнде түс көріп, түнімен қиналып есім шығып, шаршап-шалдығып әрең ояндым.Түсімде жойпан бастық екенмін деймін. Қайдан екенін білмеймін өзімнен де үлкен бір бастық телефон шалып: "Сендерден беш тыйын пайда жоқ! Шалжиып жата бересіңдер! Айтқандарыңның бәрі өтірік! Халықтың қамын ойлау деген мыйларыңа кіріп шықпайды. Қолым босамай жүр, қолым босаса, сендерді бір шыбықпен айдап, көздеріңе көк шыбын үймелетер едім!.. Жоғарыдан кісілер келе жатыр, білесің бе?!" деп ақырды. Тегі бастықтың орн
...
Толығымен (Подробнее)»
|
|
Бақыты оянған ерлердің Әрбір ісі оң болар. Дәулеті күнге артылып, Не қылса да, мол болар. Тазылары түлкі алып, Қаршығасы қаз іліп, Сөз сөйлесе жөн болып, Не десе де жарасар. Бай, байсын деп ат қойып, Ел аузына қарасар. Арғымаққа міндім деп, Артқы топтан адаспа. Күнінде өзім болдым деп, Кең пейілге таласпа. Артық үшін айтысып, Достарыңмен санаспа. Ғылымым жұрттан асты деп, Кеңессіз сөз бастама. Жеңемін деп біреуді Өтірік сөзбен қостама.
|
Шариат бойынша адал (халал) мен арамды (харам) анықтаудың он бір түрлі тәсілі бар. Бірінші-әрбір заттың әуелден бар болуы. О баста құдіретті Алланың өзі адам баласының пайдалануына арнап жаратқан нәрселерінің бәрі адал. (Бұл турасында қасиетті Құранның "Бақара" сүресінде, 29-аят, "Лұқман" сүресінде, 20-аят, "Жүніс" сүресінде, 59-аят, айтылған). Екінші-әрбір нәрсенің адалдығы мен арамдығын белгілеу хұқына Алла ғана ие. Ешбір білгіш ғұлама-ғалым, әйтпесе билік басында отырғандар өз беттерімен "мынау адал", "мынау арам" деп әмір жүргізе алмайды. (Бұл турасында қасиетті Құранның "Жүніс"сүресінде, 59-аят, "Нақыл"сүресінде, 119-аят, айтылған). Үшінші-адалға тыйым салып, арамға жол беру де Алланың еркінен тыс болмауы керек. Мәселен, дінсіздер кейде адал нәрсенің өзіне тыйым салып жатады. Олар Исламда жеуге рұқсат етілген кейбір мал еттерін, жемістерді, балықтарды арам қатарына қосады. (Бұл турасында қасиетті Құранның "Әнғам" с
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Омар Һайам әрі этнограф, тарихшы, шипагер тәуіп есебінде де көрінеді. Ол адам ағзасының заманнан-заманға, ұрпақтан ұрпаққа өткенде қандай өзгерістерге ұшырайтынын да назарға алып, аса құнды, қажетті емдік мәслихаттарды алға тартады. Мәселен, басқаны былай қойып, бір ғана арпаның мың дертке дауа екендігін дәлелдейді. Ал мұны біз қазір қаперімізге де ілмейміз. Немесе, жүзім шырынынан әзірленген сусынның, шараптың пайдасы мен зиянын мөлшерлеуге нендей жәйттерге назар аудару керектігін де еске салады. Бұл арада айта кететін бір жәйт, Омар Һайам сөз етіп отырған шарапты қазіргі спирттік ішімдіктермен ұқсастыруға мүлдем келмейді. Аса пәкиза күйде, таза жүзім сөлінен жасалған емдік, шипалық сусындарға ол кезде екінің бірінің қолы жете бермеген. А. Самад, филология ғылымдарының кандидаты
|
Халқымызда "Жиен ел болмас, желке ас болмас" және оған қарама-қарсы "Жиен ел болар-малы болса, желке ас болар-майы болса" деген мақалдар бар. Мұндағы "Жиен ел болмас, желке ас болмас" дегені жиенді қанша бағып, қағып тәрбиелесең де түбі сіңбейді, атасы бөлек, өз еліне кетіп қалады. Өз елінің сөзін сөйлеп, сойылын соғады деген мағынада айтылған сөз. Шындығында да нағашы жұрты қанша жақсы болса да, жігіт өз елін аңсап, кейде ел арасы бұзылып сын сағаты келгенде өз жағына шығып кететін болған. Бұдан біз адамға өз жұртының қаншалықты ыстық, қымбат екенін аңғарамыз. Ал, жорағыдағы екінші мақал-жиеніміз дәулетті, малды, жілігі татитын ел жұртқа сыйлы, сөзі өтімді, беделді азамат болса бізге де жақсы, алыс беріс жасап, араласып, қысылғанда арқа тұтып жүреміз деген ұғымды білдіреді. Жалпы елі, жері, атасы басқа болғандықтан нағашы мен жиен бірін-бірі күндемеген. Ағайын арасының ұсақ кикілжіңі олардың арасында жат қылық саналған. Біріне бір
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Ұлы Отан соғысының ардагері, қарт майдангер Қинаят ата малта туралы мынадай бір хикая шертті. Соғыс даласындағы қырғын шайқаста, қатарымыз селдіреп, біздің взвод қорғаныс шебін тастап, шегінуге мәжбүр болды. Күші басым жау әскерінің танктері екі қанаттан орап, ту сыртымызға өтіп кеткен. Тірі қалған бес жауынгер сай-жыраны сағалап, жайдың тылында қалып қойдық. Аштық пен шөл бірдей қысқанда жүк қапшығымды ақтарып отырып, бес-алты құрт тауып алдым. Майданға келгеніме сегіз ай болса да, "елдің дәмі ғой",-деп ырымдап, жемей жүргенмін. Сенсеңіз, балам, сол тығылған жерімізде төрт күн, төрт түн тырп ептей жаттық. Өйткені мидай жазық далада жаудың көзіне түсіп қалудан қорықтық. Шынымды айтсам, ол уақытта тұтқын болғаннан гөрі, өлгенді артық санайтынбыз. "Пленде болыпты" деген қаңқу ілінген қызыләскерлерге елдің бәрі сенімсіздікпен қарайды. Бесінші күні таң ата біздің бөлім қарсы шабуылға шығып, қару-ж
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Уайым-қайғысыздығыңда уайым-қайғы қыл-дағы, сол уайым-қайғысыздықтан құтыларлық орынды қарекет тап. Әрбір орынды қарекет өзі де уайым-қайғыны азайтады. Уайым-қайғыңды орынсыз күлкімен азайтпа, орынды қарекетпен азайт. (Қ. Өмірәлиев, "Абай афоризмдері" шығармасынан)
|
"Көз тиді" деген сөздерді естиміз.Бұл жөніндегі мынадай қысқаша пікірлерге назар салсақ артық болмас.Психотерапевт,медицина ғылымдарының кандидаты Марат Әсіпов-"көз, тіл-сұқ" дегендерді медициналық негізде тұжырымдап беруге талпынып жүрген дәрігерлердің "пионері". Психологтың айтуынша, кейбір адамдардың көз жанарының табиғи сәулесі, ал алақанының биологиялық энергиясы мөлшерден көп болып кездесетіндігін, оның қазақы ұғымдағы "жүзі жұқа", медициналық терминде "қорғашын иммунитеті төмен" сәбилерге ерекше әсер ететіндігін, мұндай жағдайда медицина мен халық емін ұштастырудың зияны жоқтығын айтады. Мамандар адам бойындағы кері әсер етер сәулекүштің қандай құбылыстардан қуаттанатынын түсінбей әлек. Тіпті қатарымызда екі-үш жасқа келгенше баласына мейірлене қарауға жүрексінетін әкелер де бар. Сөз соңында ғана табиғи түйсігі өзгелерден ерекшеленіп тұратындар
...
Толығымен (Подробнее)»
|
"Әр елдің заңы басқа, иттері қара қасқа"-деген сөздің жаны бар. Арқаны мекендейтін ел, "жөргем" деп тоқішектің ет пен шажырқай қосып өрмелеген түрін айтады. Ал, Жетісу өңіріндегі қазақтар өкпені бір елідей ғып жіңішкелеп іліп шығады да ішек сияқты өреді. Мұны олар "жөргем" дейді. Бір ғажабы тоқ ішек те, өкпе де қонақтың табағына салынбайды. Балқаш бойындағы қазақтар ертеде қыстаудан жайлауға көшкенде қыстаудың төбесін жапқан бастырма ағашқа жөргемді іліп кетеді екен. Өзегі талған жолаушы осы жөргемді талғажау еткен. Мұндай үрдіс Сібірдегі жергілікті халықтардың да тұрмыс-салтында кездеседі.
|
Ертегілерде жеті басты жылан, үш басы бар жылан деген кереметтер жиі айтылады. Шындық болмыста табиғатта ондайлар болмағанмен, екі басты жыландар кездеседі екен. Американың әр түрлі университеттерінің террариумдарында екі басты бірнеше экспонат бар. Теннеси университетінің биологтары он жылдан артық уақыттан бері өздеріндегі екі басты жыланның тіршілігін зерттеумен айналысуда. Жыланның бір басы ірірек әрі енжарлау, ал екіншісі шағындау болғанымен, ширақ. Ал осы екі бас жейтін тамақтары екі өңешпен бір асқазанға баратын болса да, тамаққа жиі таласып қалады. Бір бас тойынып шыққанда, екінші бас әлі қомағайлана тамақтанып жатады. Бірінші бас (үлкені) тамақтың ірі кесектеріне ұмтылып, баяу жұтса, екіншісі кішілеу кесектері таңдайды, бірақ апыл-ғұпыл тез жұтады. Жыл өткен сайын ғалымдардың бұл құпияны ашамыз деген сенімдері де жұқара түсіп келе жатқан көрінеді.
|
Ғалымдардың айтуынша, асқабақ бұдан бес мың жылдай бұрын қолдан өсіріле бастаған. Оны ең алғаш ежелгі египеттер, мексикалықтар, орта азиялықтар өсіретін болған. Европаға оның он алтыншы ғасырдың басында Солтүстік Америкадан әкелінгені мәлім. Асқабақтың жер-жерге жаппай тарағына өткен ғасырда. Асқабақтың тойымды тамақ болуына қоса, емдік, шипалық қасиеттері баршылық. Ол жүрек-қолқа жүйесінде кінәрат болғанда, семіріп кеткен жағдайда пайдалы. Халық ем-домында оның несеп жүргізетін, ыстықты түсіретін қасиеттері белгілі.Асқабақтың өзінің осындай тамақтық, шипалық қасиеттері болса, оның дәмінің бағалы екені кейінгі уақытта кеңінен мәлім бола бастады. Оны балмен араластырып жеп, ішек құрттарын түсіру үшін пайдаланады. Ежелгі емшілер асқабақтың шырынын ем ретінде ішкізген. Бүйрек, бауыр ауырған жағдайда күнін
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Әрбір мұсылман Құранды өзі ғана оқып үйреніп қоймай, оны бала-шағасына да үйретуге міндетті. Себебі пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) хадис шарифте:"Сіздердің ең жақсыларыңыз Құранды үйреніп, оны басқаларға үйреткен-деріңіз"-деген.Құрансыз өмір бос, мәнсіз екендігін әрбір мұсылман жақсы түсінуі керек. Құран оқылмаған үйде, жерде, елде береке, тыныштық болмайтынын есте сақтау ләзім. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұл туралы хадис шарифте былай дейді: "Үйлеріңізде Құран Кәрімді көп оқыңыздар. Себебі Құран оқылмаған үйде жақсылық, береке аз болады. Ондай үй-іші әрдайым қиыншылықта болады" Яғни ондай үйде тыныштық болмайды. Дүниедегі еш нәрсе адам баласын Құрансыз бақытты ете алмайды. Отбасында тыныштық, татулықты тек Құран ғана бере алады. Әс
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Лұқпан хакім қартайып, өлерінде: «Есіктегі басым төрге жеткендей болған жоқпын»,-деген екен. Өмірдің байқаусыз зырғып өте шығатынына мысал бұл. Бір күннің өткенде жай ғана бір күнім өтті деме, өмірімнің бір бөлігі өтті де. Солып, төгіле бастаған гүл жапырақтарына қарап, кейін сен де солай болатыныңды ойла. Жаңа күнге жеңетініңе сенімді күреске, жаңа өмірге кіргендей жарқын көңілмен кір. «Ағарып атқан әрбір таң қиындықтан шығу жолын көрсетеді»,-депті Омар Хайям наурыз хадистерінде. Дұрыс пайдалана білгендерге өмір қысқа емес. Дұрыс пайдалана білмегендерге уақыт жетпей қалған сияқты болады. Тығырыққа тірелдім деп түңілгендер-өзіне берілген уақытты өздері қысқартып жүргендер. Өмірден өш алғысы келгендер өзіне-өзі қол жұмсайды, өзіне-өзі наразы адамдар өмірден өш алғысы келгендей етіп жұмыс істейді.
М. Кемел (Ақыл қалта, А., 2007ж)
| |