Воскресенье, 07.12.2025, 07:56
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 11
Гостей: 11
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » Өмір өрнектері
« 1 2 3 4 5 6 7 ... 13 14 »
2013 жылдан бастап Европада жаңа көлік түрі сатылымға түсетін болды. Ұзатып, қайта жиналса өзінің ұзындығынан екі есеге дейін ықшамдалатын көлік. Hiriko деп аталады. Жалпақ тілге аударғанда «қалалық» деген мағына үстейтін көліктің жобасымен танысқан мамандар жоғары баға берді. Испанияның 5 компаниясы тізе қосып, бірлесе құрастырған жеңіл көлікке тек екі адам ғана сыяды.
Өзге көліктерден ерекшелігі-бұл көліктің төрт дөңгелегі де бірдей бұрылады екен. Мәселен,  тұрған орныңнан кері бағытқа бұрылу үшін рульді бұрсаң  болды, қарсы бағытқа шықпайсың. Көлік тұрған орнында кері бұрылады.
Тағы бір ерекшелігі-қуатының молдығы. Электр құрылғысы жоғары технологиямен жарақталған Hirikoмен жолда қалмайсың. Өзінің қуаты бітіп, қосалқы қуаты болмаса да, автомобиль 120 шақырым жолды өндіре алады. Қалалықтарға лайықталып өндірілген темір тұлпардың тежегіші кере ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 785 | Добавил: модератор | Дата: 06.12.2012

Калифорния Университетінің ғалымдары жүргізген зерттеулерге қарағанда, адам қанының құрамында кездесетін рак жасушаларының қозып, көбеюіне аз ғана жарақат себепші болады екен. Тәжірибе барысы көрсеткендей, денеге жарақат түскен жерде қатерлі дертке бастайтын жасушалар жиналып, нәтижесінде ісік пайда болады. Ғалымдардың пікірінше, қимылсыз тұрған жасушалардың алапат қозғалысқа түсуіне де осы дененің тілінген тұсы себепші екен. Денеге тиген қатты соққының салдарынан көгеріп, қанталайтыны бар. Міне, осылардың соңы да рак жасушасының көбеюіне апарып соғатын көрінеді. Осындай зерттеулердің көрсеткішіне қарап, күйеуі қол көтеретін әйелдердің келешекте қатерлі дертке шалдығуы әбден мүмкін деген қорытындыға келеді мамандар. Сондай-ақ олар күшпен тәрбиелеуші ата-аналар да перзентінің денсаулығын естен шығармағаны жөн дейді.
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 828 | Добавил: модератор | Дата: 25.11.2012

The Japan Times басылымының жазуынша, спорт, ғылым және технология министрі Макико Танака әріптестеріне мынадай ұсыныс айтыпты: «Құрметті министрлер, әрқайсысымыз 5-10 мың иенді (60-120 доллар шамасында) өз қалтамыздан шығарып, Нобель сыйлығының иегері Синъя Яманакеге кір жуатын жаңа мәшине алып берейік».
Министрдің бұл ұсынысын әріптестері бірауыздан қолдап, жылу жинауға кірісіп те кетіпті. Макико Танаканың бұлай етуіне не түрткі болды?
Елу жастағы ғалым Синъя Яманакеге Нобель сыйлығының иегері атанғаны жөнінде телефон арқылы хабарлап айтқанда, ол қайта-қайта бұзыла беретін ескі кіржуғыш мәшинесін терлеп-тепшіп жөндеп жатыпты. «Медицина және физиология саласынан Нобель сыйлығының лауреаты атандыңыз» (сыйлық қоры 1,1 миллион доллар) деген жаңалықты естігенде, Синъя Яманаке кір-кір қолымен тершіген маңдайын сүртіп, жымиып қана қойыпты... < ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 867 | Добавил: модератор | Дата: 14.11.2012

Өмір болған соң қуану, шаттану, ашулану, күйіну сынды жайлар орын алып тұрады. Осы күнге дейін дәрігерлер тым қатты және бірден қуану немесе өкіну, күйіну денсаулыққа, әсіресе жүрек пен жүйке жүйесіне зиян деп келген болатын. Дегенмен іштегі «шерді» сыртқа шығару керектігі жайлы да айтылып қалушы еді. Ал жақында Испанияның Валенсия атындағы университетінің бір топ дәрігерлері бір уақыт ашуланып, айқайласып ұрысып алғанның пайдасын ғылыми түрде дәлелдеп шықты.
Зерттеу барысында түрлі сала дәрігерлері 30 адамды бақылуға алған. Оларды көңілді сәттерінде тексеруден өткізіп болған соң біртіндеп ашуландырады. Ашу барысында жүрек соғысы, қан қысымы, тыныс алу үнемі назарда болады. Сонда дәрігерлер ашуын іркіп, ішінде ұстайтындардың денсаулығы тез сыр бергенін, ал айқайлап «от души» ұрсып алған адамның жағдайы тәуір болатынын байқаған. Атап айтқанда, ашуды дер кезінде сыртқа «төге» білген адамны ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 846 | Добавил: модератор | Дата: 22.10.2012

Сіз білесіз бе, Филиппин теңізіндегі жапондық арал Окинавада әлемдегі ұзақ ғұмыр жасайтын адамдардың қарасы өте көп. Осы мекенде 100 жастан жоғары ғұмыр кешіп жатқан жандардың саны 500-ден асып кетеді.Тіпті, 1000 жанға шаққанда 35 адамнан келеді екен. Бұл әлем бойынша ең үлкен көрсеткіш болып табылады.
Жергілікті тұрғындар өздерінің бұлайша ұзақ ғұмыр сүрулерінің сырын аралдағы ауыз суымен байланыстырады. Себебі, оның құрамында кальций иондары өте көп екен. Бірақ, ғалымдар бұл құпияның сырын адамдардың дұрыс тамақтануымен және олардың өмірге деген дұрыс көзқарастарымен түсіндіріп отыр. Арал тұрғындары көбінесе жеміс-жидекті, күрішпен теңіз  тағамдарын талғажау етеді. Окинавалықтардың басты ұраны-әр атқан таңды қуанышпен қарсы алу. Егер ұзақ ғұмыр иелері тұратын ауылға жолыңыз түссе, ауылға кіре берістегі бас бағанға жазылған жазуға назар аударуды ұмытып кетпеңіз. Онда: «70 жаста әлі баласы ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 841 | Добавил: модератор | Дата: 03.10.2012

Милан университетінің профессоры Энцо Низолиді әріптестері сиқыршы санайды. Бірақ оның емшілік, сиқыршылық қасиеті жоқ, бар болғаны ғалым адамды жасартып, өмірді ұзартатын сусын жасап шығарған. Сусынның пайдалы, шипалық қасиеті күткеннен де жақсы нәтиже көрсетіпті. Әсіресе асқынған жүрек дертімен бұл жалғаннан күдер үзе төсек тартып жатқандар өз бетімен жүріп-тұруға жараған көрінеді. Осыдан кейін Энцо Низолиге «Өлгенді тірілтетін адам» аты таңылыпты.
Ал сусын жайына келер болсақ, оның құрамында валин, лейцин және изолейцин атты амин қышқылдары бар екен. Лабороториялық зерттеу бұл қышқылдардың өмірді 12 пайызға дейін ұзартатынын, ағзаны 17 пайызға жасартатынын анықтапты. Сонымен қатар сусынды тұрақты ішіп жүрген адамдарды жүрек аурулары онша мазаламайды екен, қан қысымы да қалыпты келетін көрінеді. Тіпті белсенділікті арттыратыны мәлім болған. Қышқылдардың қалыпты болуына байланысты бұл сусынның ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 975 | Добавил: модератор | Дата: 19.09.2012

 Мәселен, Англияда 3 миллиондай мұсылман бар екен.
 Улыбритания мұсылманданып келеді «Англияның діндер бойынша құзырлы мекемесі халыққа жариялаған 2010 жылдың есебінде өте қызықты деректерді алға тартады. Тек қана Лондонның өзінде бір жыл ішінде 1400 ағылшын Ислам дінін қабылдаған. Ал, ел бойынша 5200 адам мұсылмандар қатарын көбейткен. Бұл жыл сайын олардың саны 2 есеге көбейеді деген сөз! Мұның бәрі ресми мәліметтер екенін ескерсек, мүміндердің нақты саны бұдан бірнеше есе көп деп айтуға болады.
  Улыбританиядағы мұсылмандар негізінен Пәкістан мен Үндістаннан қоныс аударғандар. Алайда, соңғы жылдары ағылшындардың да Ислам дінін қабылдай бастағаны анықталды.
  Осыдан 10 жыл бұрынғы санақты ел мүміндерінің саны 1 миллион 647 мың болса, бүгінде 2 миллион 870 мың адамды құрады. Бұл пайғамбарымыз ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 930 | Добавил: модератор | Дата: 03.09.2012

Жалғасы...
•    Бампердің де жөндеуден өткенін білуге болады. Ол үшін саусақ сыртымен бампердің әр жерін сыртылдап ұрып көріңіз. Оның да қалың қалың бояу жағылған жері мен жағылмаған тұсынан әр түрлі дыбыстар шығады.
•    Көліктің әйнектеріне назар аударыңыз. Әр әйнектің төменгі тұсына оның зауыттан шыққан уақыты міндетті түрде жазылады. Әйнектердің жасалған уақыты әртүрлі болса, ол көліктің апатқа ұшырағанының айғағы. Сол сияқты жаңадан ауыстырылған фарлар да кішігірім соқтығысулардан хабар береді.
•    Жүксалғыш табанындағы кілемшенің астын анықтап қараңыз. Онда дәнекерленген тұстарға назар аударыңыз. Заманауи көліктердің қорабының дәнекерленген тұстары онша білінбейді. Ал ол қайта жөндеуден өтсе, көзге бадырайып көрініп тұрады.
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 891 | Добавил: модератор | Дата: 27.08.2012

  Сіздің көлік сатып алғыңыз келді делік. Зауыттан жаңа шыққан көлік құнын сіздің қалтаңыз көтермейді. Сондықтан бұрын ұсталған, пайданылған көлікті іздейсіз. Жарнама арқылы немесе көлік базарынан өзіңіздің көңіліңіз қалаған темір тұлпарды таптыңыз. Бірақ оның бұрын қандай жағдайға ұшырағандығынан хабарыңыз жоқ. Яғни, көліктің қай күні сыр беретінін білмейсіз. «Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме» деген, сол сөзді есіңізге сақтап алар-алмасыңызды білмей бөгеліп тұрсыз. Ол үшін біздің кеңесімізге құлақ түрсеңіз, бұл мәселенің түйінін оңай шешесіз.
•    Ең алдымен автокөлікті алналдыра сыртынан қарап шығыңыз. Әсіресе сыртқы қораптың түсіне мұқият қараңыз. Бұрын апатқа ұшыраған көлік болса, онда оның өз түсі мен кейіннен жөнделіп, үстінен боялған тұстары ерекшеленіп көрініп тұрады. Көліктің де таза болғанына назар аударыңыз. Міні жоқ көлікті иесі тазалап, айнадай жарқыратып әке ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 964 | Добавил: модератор | Дата: 26.08.2012

Кекештік әдетте мектеп жасына дейінгі ер балаларда жиі кездеседі. Мұндай жағдайда баланың жүйке жүйесінің тұрақтылығын төмендетуін туғызатын жағдайлардың (тұқым қуалаушылық немесе жүре пайда болған ашушаңдық, ызақорлық) ролі зор. Сонымен бірге кейде балаға араласып жүрген тілі мүкіс адамдарға еліктеп сөйлеуі де әсер етеді. Сондай-ақ баланы тәрбиелеуші адамның тілінің мүкістігі мен басқадай кемшіліктері де кекештіктің ұлғаюына ықпал жасайды. Баланың туған-туыстары мен тәрбиешісінің жылдам сөйлеуі, баланы қалыптан тыс көп оқыту, т.б. кекештіктің пайда болуының басты себептері. Тілі кешігіп шыққан балаларда да кекештік кездеседі. Ол көбінесе мектеп жасына дейінгі балаларда және оқушыларда жиі көрініс береді. Кейде кекештік сырқаттанып тұрғаннан кейін (тұмау, көкжөтел, қызылша), сондай-ақ, қатты шошынудан, отбасыдағы айқай-шудан да пайда болуы мүмкін. Кекештеніп сөйлейтін бала өсе келе қорғаншақ, ұялшақ, тұнжырыңқы болады. Оның тіліндегі ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 990 | Добавил: модератор | Дата: 14.08.2012

Қартаймаудың амалы табылды бірақ оның қауіпті тұстары да бар сияқты. Қазақстан өткен маусым айында әлемдегі жасушалық технологиялардың негізіндегі наномедицинаға ресми түрде мүшелікке өткен болатын. Сөйтіп біздің елдің денсаулық сақтаушылары жуырда американдық Мейнард Хоу басқаратын «Стамедика Сэлл Техн., Инк» компаниясымен бес жылға арналған жоба бойынша жұмыс істеуді бастады. Үш кезеңнен тұратын бұл жоба бойынша біздің ел де науқастарды діңдік жасуша (стволовые клетки) арқылы емдеуді қолға алмақ.
Діңдік жасуша дегеніміз не? Діңдік жасуша әйел мен ер адамның жұмыртқа жасушасы қосылған кезде пайда болады. Яғни ұрықтанудан кейінгі, болашақ адам пайда болардан алдыңғы саты. Бұл жасушада болашақ ағза, оның құрылысы мен дамуы туралы бүкіл ақпарат сақталады. Эмбрионның дәл осы бұзылмаған кезінде онда бүкіл гендік: жүйке, ми, бұлшық ет, сүйек құрылымы, жалпы болашақ адамға қатысты барлық ақпа ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 1145 | Добавил: модератор | Дата: 03.08.2012

Жапонның апатқа ұшыраған «Фукусима-1» атом стансасынан 40 шақырым қашықтықтағы Иитатэ және Кавамата қалаларының тұрғындарын тексергенде 15 адамның зәрінен радияция табылды. Бұл не деген сөз? Бұл-радиация 40 шақырым аумақтағы (бәлкім, одан да көп) тірі жәндіктің бәрінің ағзасына өтіп кетті деген сөз.
Жапон билігі қатты алаңдаулы. Аймақтағы екі миллион адамның денсаулығын қадағалау жөнінде арнайы бағдарлама жасалды. Бұл дегеніңіз, Фукусима префектурасының түгелге жуық тұрғыны. Бағдарлама  30 жылға есептелген. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін 1,3 миллиард доллар қаражат бөлініпті.
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 811 | Добавил: модератор | Дата: 23.07.2012

Ғалымдар некедегі әр адамдардың әйелдерімен не себептен ажырасытынын анықтады. Сауалнама жүргізген арнайы мамандар ерлі-зайыптылар көбіне мінезі жараспағандықтан айырылысатынына көз жеткізіпті. Еркектердің 25 пайызы о бастан отбасылық өмірге дайын болмағанын, қателікке бой алдырғандықтан ажырасқандарын айтқан. Қалған 40 пайызы неке қиылған соң қалыңдық мінезі құбылып сала беретінін, ол мүлде басқа адамға айналып шыға келеді деген уәжін алға тартқан.
Сауалднама нәтижесі көбіне-көп отыз жасқа дейін тұрмыс құрған ерлі-зайыптылар ажырасатынын көрсетті. Бір қызығы, жұбайларының көзіне шөп салатын еркектер жеме-жемге келгенде олармен айырылысуға асықпайды  екен. Шеттен көңілдес тапқан ерлердің он үш пайызы ғана жарларымен ажырасуға белін бекем буған.
Сондай-ақ мамандар айырылысу туралы бастаманы ер-азаматтардан гөрі әйелдер көбірек көтеретінін айтады. Ажы ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 863 | Добавил: модератор | Дата: 10.07.2012

Өмір жолымызда елеп-ескермейтін жәйіттерден ұтылатынымыз бар. Сондықтан ішіп-жейтін тамақтарымызға ден қойып жүрген абзал демекпіз.
Мәселен, алманы көп жейтін адамның жүрек ауруына бейім келетіні ғылымда дәлелденген. Жемістің бұл түріне деген құмарлық холестериннің көптігінен хабар береді. Оны төмендету үшін алма жеу керектігін ағзаның өзі айтып тұр. Мәселен, алманы жақсы көретін адамдар дәрігердің алдына бармай-ақ, өзіне жүрегім ауырады деп диагноз қоя берсе болады.
-Ал лимонға деген құштарлық өт жолы мен бауыр ауруының белгісі.
-Капустаны көп жеген адамның ішек жолдары ауырады деуге болады.
-Зәйтүнге құмарлық қалқанша безінің дұрыс жұмыс істемеуінен хабар береді.
-Балмұздаққа құштар адамның тірек-қим ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 946 | Добавил: модератор | Дата: 27.06.2012

Доктор Лайнус Полинг атты кісі күнделікті таңертең құрамында 12000 мг С дәрумен (витамині) бар апельсин шырынын ішкен екен. Ол 93 жыл өмір сүріп, денсаулығы мықты болған. Қайтыс болар алдында бір жыл бұрын оған қуық асты безінің қатерлі ісігі (рак) деген диагноз қойған. Лайнус Полингтің өзінің айтуы бойынша, егер ол апельсин шырынын осылай ішпегенде бұл ауру ондаған жылдар бұрын басталар екен.
Шылым шеккіштердің есіне! Шегілген бір сигарет 25 мг С дәруменін жояды екен. Бұл дәруменнің осындай мөлшері бір апельсинде болады.
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 826 | Добавил: модератор | Дата: 17.06.2012

Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2025  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz