Воскресенье, 07.12.2025, 10:06
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » Өмір өрнектері
« 1 2 ... 4 5 6 7 8 ... 13 14 »
Жазушы Әзілхан Нұршайықовтың кеңестерінен үзінді оқыңыздар: «Жақсы адам-магнит. Магниттің бірнеше темір шегені өзіне тартып ала алатыны сияқты, жақсы адамның да жанына жұрт көп үйіріледі. Өзің жақсы болсаң-айналаңда досың көп; жаман болсаң-жалғыз жүресің; орташа болсаң-сен де бір жақсының жанын жағалайсың. Досты сырттан іздеме, жақыннан ізде, өзіңнің ішіңнен, ішкі дүниеңнен ізде. Жаның жақсы, жүрегің жылы, ақылың парасатты болса-іздеген досың алыстан үйіріліп, өзі келеді». 
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 1065 | Добавил: модератор | Дата: 25.05.2012

Ағымдағы бұқаралық-ақпарат құралдарында елең еткізген бір хабар осыдан біраз бұрын жарияланған ең үлкен құран кітап туралы білгеніңіз артық болмас.
Онда былай делінген-бұған дейін әлемдегі ең үлкен Құран кітап Татарстандағы мұражайда болатын. Енді одан да зор қасиетті кітап жарық көрді.
Ауғанстанда тасқа басылған кітапты әзірлеуге каллиграфтар бақандай 5 жылын арнапты. Осынша уақыт ішінде әзірленген кітаптың сыртқы мұқабасын әзірлеуге 21 малдың терісінен иленген былғары кеткен екен.  218 беттен тұратын кітаптың салмағы 500 келі. Биіктігі-2,28 метр, ені-1,55 метр болатын кітапқа баспагерлер тек қағаз ғана емес, матаны да пайдаланыпты. Guardian сайты қасиетті кітаптың бағасы 360 мың евро екенін жазған.
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 908 | Добавил: модератор | Дата: 12.05.2012

Жақсы адам Парызын ойлайды,
Жаман адам Пайдасын ойлайды.
***
Мені ел танымай қалатын болды деп қорыққанша,
Мен осы Елді танымай қалмасам екен деп қорқу керек.
***
Мемлекет дегеніміз-үлкен отбасы,
Ал Отбасы дегеніміз-шағын мемлекет.
***
Бұл өмірдегі ең қиын нәрсе-әйелмен және төмен адамдармен қарым-қатынас орнату: жақындатсаң-Басыңа шығады, алыстатсаң-Жауығады.
***
< ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 1830 | Добавил: модератор | Дата: 09.05.2012

Түркияның белгілі ғалымы Мұстафа Исламұлының бала тәрбиесі туралы мына кеңестерін назарларыңызға ұсынып отырмыз.
-Ата-ана боламын деп шешім қабылдаған кезіңізде бала өсіруді дүниедегі асқан жауапкершілікті талап ететін міндет деп біліңіз. Бала өсіру гүл мен ағаш өсіруге ұқсамайтынын ұмытпаңыз. Бұл өте ауыр міндет. Бала тәрбиесі оған үнемі құрмет көрсетуді талап етеді. Ал оған құрмет көрсету өзіңізді қаншалықты құрметтей алатыныңызға байланысты. Өзін сыйлай алмағандар балаларын да сыйлай алмайды.
-Балалардың тұлғалық қасиеті жеті жасқа дейін қалыптасып бітеді. Мұның мәнін білмейтін ата-аналар барлық нәрсе жеті жастан кейін басталады деп ойлайды. Бұл-барлық нәрсенің басталатын уақыты емес, барлық нәрсе қалыптасып бітетін жас. Әлбетте, жеті жастан кейін де атқарар іс жетіп артылады. Дегенмен баланың тұлғалық қаңқасы алғашқы жеті жылдың ішінде ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 914 | Добавил: модератор | Дата: 01.05.2012

1. Күніне 2 кесе кофе ішу өт қалтасында тастың түзілуін 40 пайызға азайтады екен.
2. Неміс стоматологтарының айтуынша, күніне екі грейпфрут жеген адамның қызылиегі қанамайды.
3. Көктем махаббат құруға, ғашық болуға қолайлы кезең. Алайда бұл маусымда құрсақ көтеруге болмайды дейді мамандар. Себебі қыста туылған балалар өзге мезгілдерге қарағанда бронхиалды астма дертімен үш есе көп ауырады екен.
4. Астан жарты сағат бұрын 1 стақан су ішіп жүрген адамның тамаққа тәбеті жақсы болады. Сондай-ақ ол ағзадағы зат алмасу процесін реттеп, шлактар мен токсиндерден арылтады екен. Егер үш ай бойы таңғы астан бұрын су ішіп жүрсе, 7 килоға дейін салмақ тастауға болады.
5. Түскі тамақтан кейінгі ұйқы 2 типтегі қант диабеті ауруына шалдықтырады екен. Оның себебі күндіз ұйқысын қандырып алғ ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 897 | Добавил: модератор | Дата: 23.04.2012

Геронтология ғылымы саласындағы зерттеушілер еңбегіне көз салып жүрген әркімге-ақ пайдалы. Олар күнделікті Отандық бұқаралық-ақпарат құралдарында, алуан әдебиеттерде жарияланып жатады.
Мәселен, адам өзінің биологиялық қасиеттері бойынша, 120-140 жыл өмір сүре алатын көрінеді екен. Ұзақ жасау-екінің біріне бұйырмайтын бақыт. Бірақ өз өмірін ұзартқысы келетіндерге мынадай бірнеше ақыл-кеңес беруге болады:
1.Көп ұйықтамаңыз. Ұзақ жасаған адамдардың дені ұйқыдан ерте тұрған. 2.Тамақты көп жемеңіз. Семіздік өмірді қысқартады.
3.Болашаққа сеніммен қараңыз.
4.Көп қимылдаңыз, әсіресе зейнетке шыққаннан кейін.
5.Дәрі-дәрмектерді мейлінше шектеңіз.
6.Болмашы нәрселерге у ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 1195 | Добавил: модератор | Дата: 06.04.2012

Балалық күн
Балалық сенен артық күнім бар ма?
Бала күнде бойымда мінім бар ма?
Бәріне жетем деймін, алам деймін,
Жас қиялда тоқталып, тыным бар ма?
Балаға тең көрінер бай мен кедей,
Сүйеді жақсы, жаман, надан демей.
Күнә, сұмдық дегенді ол білмейді,
Айырмасыз ер, әйел бәрі бірдей.
Алыс-жақын деп білмес алалауды,
Аққа жауып жаланы қаралауды.
Өмір, өлім не нәрсе ұжмақ, дозақ,
Білмейді бақ, күндеу мен табалауды.
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 1288 | Добавил: модератор | Дата: 25.03.2012

Адамзат пияз көкөнісінің пайдасын ежелден жақсы білген. Пияз тамаққа дәм беріп қана қоймай, адамның иммунитетін күшейтеді, суық тиюдің алдын алады. Француз ғалымдары тамаққа үнемі пияз бен сарымсақты пайдалану сүт безі рагынан қорғайды деген қорытындыға келген. Ал жапондық ғалымдар пияз адам ағзасындағы қартаю процесін тежейді деген тұжырым жасады. Пияз құрамындағы пайдалы заттар адам қанына еніп, мидың бөліктеріне әсер етеді. Осылайша есте сақтау қабілетіне жауап беретін мидың бөлігін жақсартатын көрінеді.

Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 843 | Добавил: модератор | Дата: 06.03.2012

Кәсіптік аурулар дегеніміз-адамның еңбек еткен ортасындағы ағзаға жайсыз  әсер ететін факторлар әсерінен қалыптасқан дерттер. Мамандар бұл ауруларды этиологиялық принцип бойынша бес топқа бөліп қарайды.
1)Химиялық факторлар әсерінен туындаған аурулар. Бұған жедел-өтпелі және созылмалы улану мен оның салдары жатады. Яғни жұмыс барысында ағзаның жекелеген мүшелері мен жүйелері ауруға ұшырауы мүмкін.
2)Шаң-тозаң әсерінен болатын аурулар (дәнекерлеушілерде, тозаңды істейтіндерде болатын силикатоз, пневмокониоз-силикоз, металлоколниоз)
3)Физикалық факторлардан пайда болатын аурулар. Бұған вибрациялық, шудан электоромагнитті сәулелену мен таралған лазерлік сәулеленуден болатын дерттер, сәулелік ауру, атмосфералық қысымнан туындайтын кеселдер жатады.
4)Жүйке ширығуынан болатын аурулар.
5)Биологиялық факторлардан туындайтын ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 3529 | Добавил: модератор | Дата: 22.02.2012

Бүгінде компьютерсіз үйді елестету қиын. Бұл заманауи  техника балалар үшін тапсырмас оный, әрі дүниетанымын арттыратын сабақ болып тұр. Бірақ біз осы күнге дейін компьютер бала үшін өте зиянды деп келдік. Ал оның зиянынан пайдасы басым болу үшін ата-ана нені білуге тиіс?
-Компьютерде бағдарламалар жеткілікті. Шет тілін, соның ішінде ағылшын, француз, неміс, түрік, корей, қытай тілін үйрететін бағдарламалар бар.
-Таным-талғамын арттыратын әртүрлі суреттерге толы энциклопедиялар, табиғат әлемі, өсімдік, жан-жануарлар, мұхит пен тау-тасты, аспан әлеміне арналған тағы басқа тақырыптарды табуға болады.
-Жеткіншектің ой-қиялын дамытуға арналған, тілін жаттықтыратын сұрақ-жауап түріндегі ойындар, ойлау қабылеті мен есте сақтау қабылетін жетілдіретін ойын нұсқалары толып жатыр.
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 1322 | Добавил: модератор | Дата: 21.02.2012

Өткен іске опық жеген үлкен-кішілердің «миымнан шатастым ба білмеймін, әлде басқалардікінен кем бе, өзгеріп кетті ме?»-десіп қалжың-шыны аралас толғанатындары бар.
Ал енді осы жөнін зерттеушілердің тұжырымдары қызық екен.
Адам баласының ми құрылысы 35 миллиард жасушадан тұрады. Әрбір жасушаның атқаратын жеке қызметтері бар. Аса ғұлама оқымыстылардың өзі барша ғұмырында сол ми жасушаларының 20-25 пайызын ғана пайдаланатын көрінеді. Археолог ғалымдардың айтуынша, адамның бас сүйегі және ми көлемі өте көне дәуірден бері бірқалыпты өзгеріссіз келеді екен.

Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 889 | Добавил: модератор | Дата: 08.02.2012


Патша заманында Көкше өңірінің Қозыбай деген бір жақсы адамы Семей жаққа жер ауып келіпті. Сонда Темірғали шешеннің айтқан жұбату сөзі:
-Жақсыға жаман кесір, жақсы кетсе-жесір. Табында жақсы болса пайдасы тиер, еліңде тентек болса, найзасы тиер, кең қолтық қоғамшыл болсаң халқың сүйеу. Шошынбас жүрек болмас, тосылмас жүйрік болмас, дәміңді алыстан жазса, бармасқа басыңда ерік болмас.
Қисық ағаш тезден мұқайды, дау сөзден мұқайды, ел ішінен шыққан дұшпан жаман, өзінен-өзі мұқайды. Ер жігітке тағылған шынжыр, арқан-ар емес, қайратпен оны сүйретпеген нар емес. Біздің елдің жаманы басыңыздан пәле кетпеспестей көріп жүрген шығар. Сіздің елдің жаманы енді оралып келместей көріп жүрген шығар. Дәміңізді алыстан жазса, топырағыңызды туған жерден жазар, ешнәрсе ойламаңыз.
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 1150 | Добавил: модератор | Дата: 30.01.2012

Қарадос би  бір жолы Қарақалпақтың 90 жасқа келіп отырған Маман би деген қарт биіне сәлем бере келсе, үйінде бір жас әйел жұмыс істеп жүреді. Ол әйел Маманның кімі екенін Қарадос біле алмайды, әйел сыртқа шығып кеткенде, Қарадос Маман биге:
-Мәке, жасыңыз нешеге келді?-деп сұрақ қояды. Оған Маман түсіне қалып:
-Ой, шырағым Қарадос. Менің жасымның несін сұрайсың? Мен алпысымда алпері, жетпісімде желпері, сексенімде ару ері болдым. Тоқсанымда топтан торай шалдырмадым, жүзге келсем де алғанымның көңілін қалдырмаймын,-депті.
Оған Қарадос:
-«Мен сіздің ерекше қабілетіңізге таласым жоқ. Бірақ та жалпы алғанда кісі алпысында әрлі-берлі, жетпісінде жер таянып тұрады, сексенінде сегіз көзінен айырылады, тоқсанында тоқалы келмей қасына, жүзге келгенде қарға-құзғын да қонбайды-ау басына»,-депті.
Н. Төреқұлұлы

Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 890 | Добавил: модератор | Дата: 25.01.2012

Жалғасы...
Мұным бар болсын, әлгі қыз мені көре салысымен көк шалғында жатқан ақ көйлегі қолына ілінуі мұң екен, қаша жөнелгені ғой. Тура мен жаққа тартты. «Қарындасым, қорықпа», деген болып ем, құлағына да ілген жоқ, еліктің лағынша безді. Мен жүрген жерде дүние жай ғана айналмай, дөңгелеп тұра ма, деп соңынан қарап қалдым. «Оның қалай?» дейсіздер-ау. Енді әлгі үркек сұлу анда барып бірдеңе десе, тағы да ұятқа белшеден баттым емес пе?
Осы оймен суға шала-мала шомылдым да, іле артынан жеттім. Ақсақалдың өзі қарсы алып, үйге кіргізді. Жаюлы тұрған дастарханның қасына быжылдап сары самауыр да келе қалды. Қалампыр апай үнді шайының бір кеспесін ақ шәйнекке салды да, ыстық су ағызып, самауырдың қалпағына қоя қойды. Сон-соң төргі бөлме жаққа дауыстады:
-Дәнікеш атаңа шай құйып берші, нан көтеріліп кетті ме? Ауыз үйге барайын,-деп шоланға шыға берд ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 1073 | Добавил: модератор | Дата: 18.01.2012

Жалғасы...(Басы)
Енді міне, селоның ортасында, радио орнатылған бағананың түбінде, жаңағы өткен жайларды ойыма алып, маңдайым күнге тершіп тұрмын. Күз дегеніңіз болмаса күннің ыстықтығы шілдеңізден кем емес.
Бөлме басқарушы ұзын бойлы, денелі, ақсары жігіт Нысанбек: «қазір кетеміз» деп еді, көзге шалынар емес.
Бір уақытта мотоциклі дыр етіп, сол жағымнан шыға келді:
-Апыр-ау, әлі тұрмысың?
-Енді қайтейін? Бірге кетеміз деп едің ғой.
-Шырағым-ау, сені біреу жетектеп жүру керек пе? Шаруадан қол тиіп жүр ме? Қырманға деген соң, сабылысқан машина, ар жағын өзің білесің біліп ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 971 | Добавил: модератор | Дата: 17.01.2012

Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2025  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz