Жыл басы Наурыз әр отбасына береке-бірлік, денсаулық, молшылық, елімізге тұрақтылық әкелсін дей отырып, бүгінгі айдарымызда осы мезгілдің тынысына орай жазылған туындыларды назарларыңызға ұсынбақпыз. Оның біріншісі әйгілі ақын А. Нұрбаевтың қызы Гүлнәрға арналған өлеңі, екіншісі-жас талапкер ақын М. Төктебайұлынікі.
А. Нұрбаев "Сегіз аяқ" (Қызым Гүлнәрға арнаймын) Келтіріп сазын, Толтырып назын, Көңілдің көркін басқандай. Құйқылжып барып, Құйылып талып, Төгілтіп маржан шашқандай. Тіл менен жақтың арасы- Сиқырлы үннің сабасы.
Шарықтап шалқып, Дірілдеп қалқып, Қанатын желге қақтырмай. Мамырлай кейде, Түскендей бейне, Көлге қонған аққудай. Ериді денең, балқиды Қиялдар билеп әр қилы!
Жаңбыры, қары, Мұңы мен зары, Күлкісі, назы арал
...
Толығымен (Подробнее)»
|
"Жан қысылса, тал қармайды"деген бар ғой. Сақтанып жүргенге не жетсін? Қалың түннің ортасында үйде жоқ дәрі-дәрмекті таба алмай, шарқ ұратын жағдайлар да болады. Сондай кезде бірталай адамдар басқадай амалдармен емделуге тырысады. Мұның, әрине, алуан түрлі амалдары көп. Алайда әрбір отбасында ең қажет деген дәрі-дәрмек пен құралдардың болғаны артық емес.Тәжірибелі кісілер үйдегі дәріхана бұрышында қандай дәрі-дәрмек болуы керек екенін жақсы біледі, ал жас отбастарының мұны жадында ұстағаны жақсы. Және керек-жарақтың бәрін бірден жинап аламын демей, біртіндеп толықтыруға да болады.Сонымен, күнделікті өмірде ең жиі кездесетін кінәрат не десек, ол, әрине суық тию. Мұндайда ең алдымен үйде адамның ыстығын өлшегіш, қыша қағаздары, дәрі-дәрмектен аспирин, аскорбин қышқылы, парацетамол керек. Бірақ ыстық көтерілсе
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Қызым бой жеткенде орта бойлы болар ма екен, әлде талдырмаш болар ма екен деп әрбір ана және қыз баланың өзі де көп ойлануы орынды нәрсе. Ғалымдар жеткіншектердің бойы қандай болатынын болжауға бола ма деген мәселені талай жылдардан бері зерттеп келеді. Бұл орайда болжамның екі түрлі нұсқасы бар. Чехословакиялық зерттеуші В. Каркурс баланың болашақта бойы қандай болатынын ата-анасының бойларына байланысты болжаудың мынадай нұсқасын ұсынады: Қыз бала үшін бұл формулаға сәйкес әкесінің бойын 0,923 деген санға көбейтіп, көбейтіндіге шешесінің бойын қосу керек екен де, қосындыны екі бөлгенде іздеп отырған шама шығатын көрінеді. Екінші нұсқа кесте түрінде беріледі. Төменде келтірілген әр жұп санның алғашқысы қыз баланың 10 жастағы бойының ұзындығы болса, соңғысы бойжеткен кезіндегі жететін шамасын көрсетеді: 120-149,3; 125-153,5; 130-157,8; 135-162,0; 140-
...
Толығымен (Подробнее)»
|
"Мұхамади" мешітіне келіп жүрген көз таныс қариялардың бірі намаздан кейін, үйіне қайтар алдында орындыққа тізе бүгіпті. Есік алдында жалғыз отырған Асқар ақсақалдың ойланыңқы жүзін көріп, себебін сұрастырдық: -Менімен жасты, биыл жетпістің сегізіне аяқ басқан ауылдағы Кенжехан деген бала кездегі жолдасым қайтыс болыпты. Бәріміз де о дүниелікпіз ғой, ақ өліммен кетсе, ештеңе емес-ау, оқыс кеткен екен. Сондай жақсы адам еді. Күндіз-түні жұмыстан бір қол үзбейтін. Кіші ұлы, келіні, екі немересімен бірге ауылдан оны-мұны шаруаларымен аудан орталығына келіп, қайтып бара бара жатқанда бір дөңестен төмендегенде, тізгін кіші баласының қолында екен, шегілген аттың қамыты босап кетіп, асауырақ неме, әлденеден үркіп дес бермей, дөйдалаға тұра қашқанда Кенжехан арбаның үстінен тастақ жерге құлап түседі, өзі науқас, содан ауруы асқынып, ауруханада төрт ай жатып, ақыры көз жұмған екен. Әйтеуір, ұлы, келіні немерелері аман қалыпты. Ауру-сырқ
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Бұқаралық ақпарат құралдарынан нешеме қызықтар білініп жатады. "Маған енді алты күн бересіз бе?-деп сұрапты француздың ұлы жазушысы Оноре де Бальзак өзін емдеген дәрігерден.-Алты күн-бұл көп емес қой… Мен өзімнің елу том шығармамды тездете қарап шығар едем… Оның нашар беттерін жұлып тастап, жақсысына ажар бере түсер едім. Адамның жігері небір ғажапты тудырады. Мен өзім жасаған сол дүниелерге алты күн ішінде мәңгі өлмес өмір берер едім".
|
 Мерзімді баспасөзде, әсерлеп, бейнелеп сөйлейтін сөз саптасында мақтаның "ақ алтын", мұнайдың "қара алтын" деп аталатынын білеміз. Бұл бейнелі атаулардың бір ұшы алғашқы бесжылдықтар кезіндегі "көмір-өнеркәсіптің наны" деген жаттанды сөзге барып тірелетін болар. Ал шынында осы "алтындардың" дүниежүзілік нарықтағы бағалары қандай арақатынаста екенін екінің бірі біле бермес. Сол тұрғыдан айтқанда, дүниежүзілік нарықта "ақ алтын" дейтін мақтаның бір тоннасының бағасы мың-мың екі жүз доллар шамасында. Мақтаның бір тоннасы тоғыз-он тонна мұнайдың бағасына тең екенін білгеннен соң, "ақ алтынның" "қара алтыннан" он есе қымбат екеніне көзіміз жетеді.Ал "сары алтын" деп атап, нақты алтынның өзін айтсақ, оның әр елдегі бағалары әр түрлі. Осы әр елдегі бағалар Лондон биржасында күнбе-күн тіркеліп, ортақ бір қорытынды баға шығарыл
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Адамда өз қателіктерінен басқа қанымен келген күнәлары болуы да мүмкін. Ол-адамның күнәсі өзінен артылып балаларына, одан олардың балаларына өтіп, соның есебінен ата-ананың күнәсі өз ұрпағына да зиянын тигізеді деген сөз. Сондықтан, күнә жасар алдында кісі өзін ғана емес, ұрпағын да ойлаған жөн. Адам Тәңіріне көңілі шындап бұрылып, өзінің еткен әрекеттері үшін кешірім өтінгенде, оның жаны мен тәнінде таң қаларлық өзгерістер болады. Адам өзінің жетілмегенін Жаратушы алдында мойындағанда, өзгеруге, әлем кеңістігімен кірігуге Жаратушыдан керекті күш алады. Тәңіріден кешірім сұрау дегеніміз істеген ағаттығыңа ұялып өзіңді мүжу, сөгу немесе өкіну емес. Ол-арылу, өзіңді өзгертуге ұмтылу, бар ойды соған бағыттау, келешекке еш уақытта ол қателікті болдырмау. Мырзагелді Кемел "Ақыл қалта", "Аударма баспасы, А., 2007ж., 131бет")
|
Ас тасыса қатығы төгілер, ашу тасыса ақылы төгілер.Үгітті ұққанға, ақылды жұққанға айту керек.Қойды қой деп қомсыңбаңдар, қойсыз елге үй бітпейді.Жігітті жылы сөз ширатпайды, сын ширатады.Ел мінін түзеймін деген әкім әуелі өз мінін түзесін. Болмаса қисық ағашты түземей тұрып, қисық көлеңкені түзеймін дегенге ұқсайды.Әйелдің жанынды ажым болмайды.Көркем өнердің міндеті табиғатқа еліктеу емес, оның сырын ашу.
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Егер жер астында қазына немесе байлық болса, сол жерде қар тоқтамай еріп кетеді. Жер асты байлықтарының бір нышаны-ұрығы себілмеген жерден райхан гүлі өсіп шығады. Бұл-осы маңда байлық бар деген сөз. Егер тау баурайында, жұрт тұратын жерден аулақта күнжіт немесе баклажан өскенін көрсең, сол жерде байлық бар дей бер. Егер сортаң жердің ортасында бұқа терісіндей ғана жақсы жер немесе домбаз, кірпіш құюға мүһр (лайдан жасалған арнаулы орын) жасауға жарайтын топырақ болса, сол жерде қазына бар екені белгілі. Егер жемтік, өлімтік жоқ жерде құзғындар айналып ұшып жүрсе, ол жер де қазына-байлықтан құр емес. Егер жаңбыр жауып тұрғанда шұңқырсыз тегіс жерге судан қақ тұрса, ол жерде де байлықтың бар болғаны. Егер қыстыкүні қайсыбір жерде қар тез еріп кетіп, айналасында қар қалса, ол жерде қазына бар деп есептелінеді. Егер тас бейне бір майланғандай жалтырап көрінсе және оған жаңбыр мен су жұқпаса, ол жерде де қазына бар делінеді. Егер таудан б
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Досбол Қарауыл Ордабайды ертіп Екі Шектіге дауға барады. Сөз арасында Ордабай жеңілдік қып күле беріпті.
Сонда Досболдың Ордабайға айтқаны: Көлде жүрген қоңыр қаз Шөл қадірін не білсін. Шөлде жүрген дуадақ Көл қадірін не білсін. Тауда жүріп, таста өскен, Ағайыннан басқа өскен Ордабай күлмей, кім күлсін! Б. Адамбаев
|
|
Ақсаңнан биік тау болмас, Бауырынан қашқан күзен көрінбес, Ақшам батпай түн болмас, Ажал жетпей жан шықпас. Етекті кессең жең болмас, Ежелгі дұшпан ел болмас. Қара қойдың терісін, Сабындап жусаң ағармас, Қалған көңіл табылмас, Қараша торғай қаз болмас, Шағала келмей жаз болмас, Шаңқан болмай боз болмас. Іштен қыңыр туғанда, Тезге салсаң түзелмес. Өзіңнен тумай ұл болмас, Сатып алмай құл болмас.
Құм жиылып тас болмас, Құл жиылып бас болмас. Екі жақсы қас болмас, Екі жаман дос болмас. Дос болғанмен хош болмас. Екі жақсы дос болмас, Дос болса түбі бос болмас. Жақын жерден шөп жесе, Жердің сәнін кетірер. Ағайынның аразы, Елдің сәнін кетірер. Абысынның аразы, Ауыл сәнін кетірер…
|
Байдебек би "бұлақ көрсең, көзің аш, құдық көрсең шегенде, оның басына тал ек" дейді екен. Малын өргізіп жайылым іздеген ауылдастарына "Қыстау, қорған салыңдар. Оны тастап кетпеңдер. Оған айналып соғып, қыс қыстап, жаз жайлап жүріңдер. Аттың тұяғы жеткен жер бекер қалмасын. Төбе басына оба үйіп, қада қағып, белгі тастап отырыңдар"-деп өсиет айтатын бопты. Байдебек бабаның осы өсиеті бекер емес екен.Бір жолы моңғол ма, жоңғар ма, әйтеуір бір елмен шекараға мал жайылымына талас туыпты. Сонда екі елдің ел басшы, билері орталарынан кісі шығарып шекараны анықтау үшін жүріп отырып, "мынау бұлақ кімдікі, мынау құдықты кім қазған, талды кім отырғызған?" десе, Байдебек ауылының адамдарынікі болып шыға беріпті. "Мынау обаны кім үйген, мынау қаданы кім қаққан?" десе де Байдебек адамдары ие бола беріпті. Айдан-анық, тайға таңба басқандай, белгі-дәлелдерін көріп, даукес елдердің амалы құрыпты. Көнбес
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Балаби қартайған шағында халқын жиып:Жерден ауыр не?Судан терең не?Оттан ыстық не?Көктен биік не?-деп,төрт сұрақ берген екен. Ешкім шеше алмапты. Сонда Балаби өзі айтқан сұрақтарын өзі былай деп шешкен екен:Жерден ауыр дегенім-ақыл, білім.Судан терең дегенім-оқу, ғылым.
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Махаббат-ең негізгі құрылым, егер ол бүтін болса, басқа қателіктер апатқа алып келмейді. Адамдар махаббатты көп сезімнің бірі деп ойлайды, оны өз қалауына бағындырғысы келеді. Ол дұрыс ниет емес. Біз өзіміз махаббаттың бір бөлігіміз, ол жер шарын құшақтап тұр. Махаббат пен өмір бізге берілген, біз оны бұзуға тиіс емеспіз. Ал бізде ұсақ жеке меншік пиғыл пайда болып, өзіміздегі махаббатты өлтіре бастасақ, онда-әлем кеңістігімен байланыстырып тұрған ең жоғары рухани құрылымды жойғанымыз, біздің өзімізге тиесілі емес нәрсені бағындырғымыз келгені. М. Кемел "Ақыл қалта" "Аударма"баспасы Астана 2007 ж, 132б
|
|
Кіріске қарай шығыс қыл: Кейде шығын шығар болса бір іске, Оның өзін шамалап ал кіріске. (Ю. Баласағұни.)
Үш нәрсе тұрақтамайды: Бірі-саудаға түспеген мал (дүние), Екіншісі–таласқа түспеген ғылым, Үшіншісі – саясаты жоқ патша. (С. Сарайи.)
Әр адамға сай келетін бір жұмыс бар, Әр жұмысқа сай келетін бір адам бар- Осыдан шығатын бір ғибрат бар: Әр адам өзі білетін ісімен айналыссын. (С. Сарайи.)
Табысың жоқ болса, шығатын шығыныңды азайт. (С. Сарайи.)
| |