Воскресенье, 07.12.2025, 10:06
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » Өмір өрнектері
« 1 2 ... 8 9 10 11 12 13 14 »

Аз өмір қараңғы үйдің шамындайсың,

Қуар ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 1074 | Добавил: модератор | Дата: 28.10.2010

Тапқырлығы, алғырлығы, әділдігімен ел құрметіне бөленген Мәтжанды ел 20 жасында-ақ болыс етіп сайлайды. Оншақты жылдан кейін өткен қайта сайлау кезінде бұл мәнсаптан өзі бас тартады. Үйез бастығына "мені сайламаңдар" деп арыз береді. Мұны есіткен ағайындас байлар:
-Басыңа қонған бақытты тепкенің қалай?-дейді. Сонда Мәтжан тұрып:
-Мен болыс болсам, халқыма пайдам тие ме деуші едім, оным бекер екен. Анау патшаның шен-шекпенді жандаралдың көңілін табуым керек. Өйтсем мен халқымды қанап-тонауым керек. Олай етіп болыс болғанша, болыс болмағанның, өзі артық емес пе,-депті.
-Аққумен істес болсаң көңілің пәк болады. Қаршығамен істес болсаң-тамағың тоқ болады. Қарғамен істес болсаң-шоқығаның боқ болады. Осыған көзім жетті,-деген екен. ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 917 | Добавил: модератор | Дата: 24.10.2010

Жасында тырысқан-қартайғанда қуанады.
(М. Қашқари.)

Уақыт жасты қартайтса-опа-далап ар емес.
(М. Қашқари.)

Лақтың жілік майы жоқ,
Баланың білік ойы жоқ.
(М. Қашқари.)

Жасы үлкенді қадірлесе-құт болар.
(М. Қашқари.)

Ер өскен сайын қамы көбейер.
(Ю. Баласағұни.)

Қартайған қызға ту сыртынан қара.
(Көне ұйғыр жазу ескерткіші.)

Кәріге жігіттік қылған жараспайды.
(Құтып.)

Қартайғанда жігіттік қайта оралмайды.
(Құтып.)

Қарттың сөзі (ескерусіз) қалмайды,
Жас шыбықтан тоқылған жазылмайды (тарқатылмайды).
(М. Қашқари.)

Ақылсыз қарт өкінішпен қартаяр,
Есті қарт қайғырмай-ақ қартаяр.
(Ю. Баласағұни.)
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 1420 | Добавил: модератор | Дата: 14.10.2010

Денсаулығына күнбе-күн көп көңіл бөлетін адамның дәрігер мен дәрі-дәрмекке көп қаржы шығармайтыны дәлелдеуді керек етпейтін болса керек. Токионың "Иомиура" газеті осы тұрғыда 2200 жапондықтың пікір-сыңайын сұрастырып, оның нәтижелерін жариялаған. Жауап бергендердің  60 пайызы (проценті) диета ұстанып, денсаулыққа пайдалы деген өнімдерді ғана тамақ қылатынын, 42 пайызы (проценті) күн тәртібін бұлжытпай ұстанатынын айтқан. Үштен бірі спортпен шұғылданады, шынығады, ал 14 пайызы (проценті) ішімдік мен темекіні қойған.
Осындай тазалық пен күтінудің нәтижесі медицинаның көмек-жәрдеміне жұмсалатын қаржының азаюы болып оралады. Жауап бергендердің, шамамен, үштен бірі бұл мақсатқа айына 5 мың иен ғана жұмсайтындарын айтқан (жапон жұмысшылары мен қызметшілерінің айлық орташа табысы 393 мың иен деп есептеледі, бұл 3500 доллардан асады). Халықтың әл-ауқатының, денсаулығының, елдегі медициналық қызметтің жай-күйінің анық бір көрсеткіші ад ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 945 | Добавил: модератор | Дата: 05.10.2010

Айналасын жер жұтқан
Айды батпас демеңіз,
Айнала ішсе таусылмас
Көл суалмас демеңіз.
Құрсағы құшақ байлардан
Дәулет таймас демеңіз,
Жарлыны жарлы демеңіз,
Жарлы байға тең келіп,
Жайлауға жарыса көшпес демеңіз.
Жалғызды жалғыз демеңіз,
Жалғыз көпке теңеліп,
Бір жапанда соғысып,
Кегін алмас демеңіз.
Құландар ойнар қу тақыр
Қурай бітпес демеңіз.
Қурай бітпес құба жон
Құлан жортпас демеңіз.
Құрсағы жуан боз бие
Құлын салмас демеңіз.
Қулық туған құлаша
Құрсақтанбас демеңіз.
Қу таяқты кедейге
Дәулет бітпес демеңіз.

Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 1037 | Добавил: модератор | Дата: 27.09.2010

Екі жігіт жол жүріп келе жатып, бір үйге сусындауға келіп түсіпті. Олардың біреуінің руы-сүгір, бірі–матай екен. Үйде бойжеткен қыздан бөтен жан болмайды. Төрге шығып отырған екі жігітке қыз сабадан пісіп-пісіп, қымыз құйып, тегенені алып, екінші қолымен кебежеге сүйеніп тұра бергенде, қаусаған кебеже сықыр ете қалған. Оны басқаша ойлаған жігіттің бірі:
-Құдаша, мерген болсаң, қасқыр атшы,
Басына ана таудың асыра атшы,
Дауысы мылтығыңның күшті-ақ екен,
Тағы да үсті-үстіне тарсылдатшы,-депті.
Қыз жігіттердің жүздеріне назар салып қараса, біреуінің ат тепкеннен танауында жырық қалғанын байқайды. Қолындағы қымыз толы тегенені ұсына берген қыз:
-Дейсің ғой: «арам желі шығып кетті»,
Бір матай, бір сүгірге тиіп кетті,
Мылтықтың қарауылы түзу болмай,
Танауын біреуінің жырып кетті,-деген екен.
С. Әбілғазин
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 992 | Добавил: модератор | Дата: 15.09.2010

Жер шарындағы халықтардың тілдері әр түрлі болатыны секілді ишара-ымдары да әр басқа. Мұның өзі сәлемдесуден-ақ басталады. Америкалық қол алысуға қоса иықтан қақса, жапондық иіліп-бүгіледі. Кениядағы акамба деген халықтың баласы сізге деген құрметін көрсеткісі келсе, үстіңізге түкіреді, ал массам деген халықта жерге бір, қолына бір түкіріп алып амандасатын салт бар.
Сұхбат кезінде мақұлдаса, бас изеп, құп көрмесе, бас шайқайтын ишара болғарларда мүлдем қарама-қарсы мағынада ұғынылады. Жапондықтың әңгімелесіп қайта-қайта бас изеп отырғанын сізбен келісіп отыр деп ұғынсаңыз, қателесесіз. Ол сізді мұқият тыңдап отырмын дегеннің ишарасы, сондықтан басын изеп отырып, әңгіме соңында «жоқ» дер болса, таңданбаңыз.
Алжирде сөйлесіп отырған кісі әңгіме ортасында қолын ұсынса, ыңғайсызданып қаларыңыз анық. Қоштасқаны болар деп ойлайсыз. Ал бұл елде жарасымды әзіл, ұтымды сөз естісе, бір-бірін алақанынан қағатын әдет бар. Араб қоштасқанда ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 1362 | Добавил: модератор | Дата: 09.09.2010

Адамның жасы ұлғайған сайын ұмытшақ бола бастайды. Кейде бір нәрсеге жұмсағыңыз келген балаңыздың атын ұмытып, үйдегі бар ұл-қыздарыңыздың атын түгендеп шығасыз. Немесе жұмыста біреуге тапсырма бергіңіз келсе, атып ұмытып: «Кім...  Кім... бері келші... былай істеші?..» деп отырғаныңыз. Мұндай ыңғайсыз жағдайдан құтылудың жолы: В12, В6, витаминдерін, Е витаминін, бидайдың талқанын, бидайдың өркенін, жұмыртқаны, қоңыр түсті күрішті, қара жидекті көп пайдаланыңыз. Балықта, жаңғақта (грек), шемішкеде жүйке жұмысын жақсартатын омега-3 қышқылы көп. Сонымен қатар, бұлар мидың жұмыс істеу қабілетін де жақсартады және ұмытшақтықты болдырмайды. Асқабақтың шопағында цинк бар, ол есте сақтау қабілетінің және мидың жақсы жұмыс істеуіне көп септігін тигізеді. Күніне бір уыс асқабақтың шопағын жеуді дағдыға айналдырған дұрыс. Мидың анықтығына қарақат жидегінің де көмегі көп.
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 989 | Добавил: модератор | Дата: 01.09.2010

Көңлім-гүл, өмірім-бақша, тілім-бұлбұл,
Адамзат осы үшеумен жайнайды гүл.
Өмірі адамзаттың жаз бен қыстай,
Гүлденіп тұрады ол жасап жыл-жыл.
Жапанның жайсыз жатқан даласындай,
Көрінед өткен өмір бұлдыр-бұлдыр.
Бұлтартпай сол бұлдырмен жүргеніңде,
Ордаңдап ор қояндай өмір зырғыр.
Өң бермей өтінішке өте шығар,
Жалынып десең-дағы «өмір-құрғыр».
Қызылдың жол асатын қиясындай,
Артыңда талай заман қалар қыр-қыр.
Сүргінде соныменен жүргеніңде,
Аяққа айрылмастай түсер шылбыр.
Тотыдай торға түскен отырарсың,
Рас сөз, ақылыңмен аңда, шын біл.
Қызықты қызық көрер шағың осы,
Ертерек, есің болса, мұны біл біл.
«Темірді қызған кезде соқ»,-деген бар,
Жастарым, ойна да күл, ойлай да біл!
Мен-дағы осы өмірді ерте ойлап,
Көркейтіп көңілімді жырлайын жыр.
Кезінде қызғылықты сүру үшін,
Қош көрдім көңіл қоспақ жақсымен бір.
Білгенше әртүрлі сөз теріп айтсам,
Секілді тарқайтындай іштегі сыр.
Ж ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 1216 | Добавил: модератор | Дата: 23.08.2010

От анасы: Ол бүкіл өмірін өзінің отбасына, балаларының тәрбиесіне, отбасының бақытына арнайды. Ондай әйел бар үй қашанда мұнтаздай, бақ-берекеге толы. Ондай әйелдер ерінің ісіне жөнсіз киліге бермейді.
Ұтарыңыз: Балаларыңыз тәрбиелі, үйіңізде береке, достарыңыз да, туыстарыңыз да риза.
Ұтыларыңыз: Бизнес-леди сияқты ойдан-қырдан ақша жасап, шапқылауды ұнатпайды. Отбасын қаржымен қамту барлық еркектер тәрізді сіздің мойныңызда болады.

Сылқым келіншек: Бұл-барын киіп, «байпағын қолына ұстап», той томалақтан қалмайтын, тапқаныңды бояуы мен киіміне жұмсайтын ерке әйел.
Ұтарыңыз: Жиын-тойда сырын білмейтін ел қызыға қарауы мүмкін.
Ұтыларыңыз: Тапқан табысы ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 1073 | Добавил: модератор | Дата: 23.08.2010

…Бар айтқаны келді.  Ойға түсіп жүргені де кейін белгілі болды. Жарықтық ауырып жүріпті ғой. Ауыр науқастан қайтыс болып ел жыйналғанда бір-екі жолдасына ғана сырын ашыпты.
Уақыт, шіркін, тосып тұра ма? Сейітқазы да ер жетіп, қалың көпшілік сияқты ауылдан жұмыс таба алмай, облыс орталығы-Өскеменге келіп құрылысшылардың қатарына қосылды. Бәрі жап-жақсы еді, айлықтарын уақытында алып, енді әредікте ауылға әйелі, бала-шағасына оралуды ойлады. Көшіп келу керек пе, әлде келіншегінің не деген ойы бар-білу шарт.
Келсе, келіншегі де бұл жақта қарап отырмапты. Едел-жедел туған ересек тартқан екі қызын алып, Алматыдағы туыстарына кетіп қалыпты. Кеткенде құр кетпепті: ауылдағы екі бірдей үйді Моңғолиядан келген қандастарымызға сатып ақшасын ала кетіпті. Әмбе "ат құйрығын" мүлде үзіп кеткен екен. Бұл жөнінде бірнеше жыл жақсы араласып тұрған көршісіне ауызба-ауыз айтып, қысқаша хат тастап кетіпті. Әкесі "астыңдағы атыңа сенбе, қойныңд ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 923 | Добавил: модератор | Дата: 15.08.2010

Сейітқазы ерте үйленген. Бидай өңді жіңішкелеу келген ұзын бойлы оның денесіне тамақты қанша жесе де жасынан бір шыр бітпеді. Елуге жақындап қалса да қатарластарына ұқсап "қарнын бір шығара алмады". Мұның бәрін қойшы, марқұм әкесінің бар айтқаны келді: бұл жастай кезінде "кішкене толсам" деп күні-түні ауылдағы мектептің турнигіне асылып көтеріліп жүргенде Аспандияр әкесі: "Құлыншағым, соған асылғанды қойшы, денің сау болса, дегеніңе онсыз-ақ жетесің. Мен саған ертең жақсы қимылдайтын жұмыс тауып берейін",-деді. Онда ол өздерінің елдің көбі жақтыра қоймайтын Үржар жақтағы бір ауылда, сүйікті туған жерінде тұратын. Әкесі ауылда беделді, айтқанын екі еткізбей орындататын жан еді. Ұжымшар кезінде де, кеңшар уақытысында да бригадир болды. Аспандияр ашық мінезді, ешкімді іренжітпейтін әке болса да, көрші-көлеңге балаларына қатыгездеу көрінетін. Оның бар бала-шағасы, зайыбы жайлы әңгімелеп, бүгінгі таңда көп оқығысы келмейтін ұрпақтың "басын ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 887 | Добавил: модератор | Дата: 10.08.2010

Қаланың алып ұшқан сан мәшинелеріне толы көшелерін кесіп өтудің өзі бір шаруа екенін екінің бірі біледі ғой деп жүрсе, бұл кәперіне де кірмейтін жандар да жиі кездесетінін Асылхан күні бүгінге шейін ескермеген сияқты. Ережесін сақтап ептеп бері шыққаны сол еді, соңынан асфальтты тағалы аттай тарсылдатып келе жатқан дауысты құлағы шалды. Бері тротуар алаңқайына шығып еріксіз көз салды: "рұқсат шамның" өшіп тұрғанына қарамастан жетектеген төрт-бес жас шамасындағы қара домалақ ұлын дедектеп сүйрелеп бір келіншек "шапқылап" келе жатыр екен. Елуге тақап, шашын қырау шалып, салмақтанып қалған ол бұл әйелдің жасы отыз екі-отыз үште, соншама неге "жын ұрғандай" жүгірді деп, өзінше азаматтық борышын өтеуге кірісті: "-Айналайын, балаңды аясаңшы тым құрығанда! Мәшине қағып кетсе қайтесің?!"-деді ақыл айтпақшы болып.
Келіншектің ақ кеудешесінің кіндігі ашық, созалаң ақ дамбал киіп алыпты, шашын қысқа қиып жалбыратып қойған екен, бұған бұрышта ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 938 | Добавил: модератор | Дата: 04.08.2010

Түсіндіруге "мәстір" шопырды ол жерде тоспаса, ол оны қайдан табады?.. Қойшы, әйтеуір, ептеп құтылдық. Бала-шағамызбен "залдан" шықпаймыз. Хасенғазылар кеткен соң, әйелім: "Құдай-ай, менің сонша не жазығым бар еді, көрмегенді көрдім-ау деп екі-үш күн жылап жүрді. Ол кезде мұғалім еді, мектебінен хабар келіп, аздап тыйышталды: ашық сабақ өткізуі керек екен.
Төргі бөлмедегі өзінің барлық киім кешектерін, кітап, оны мұнысын, балаларға керекті нәрселердің бәрін мен шығарып бердім. Өйткені ол жаққа аттап басқанын қойды:
"Мәйітханаңа" өзің жат!"-деді. Бұл енді ұзын сонар әңгіме. Сондықтан қысқарта сөйлейін. Шынында әйелім тұр ғой өзім де төргі бөлмеге кірсем, аузы ырсиып Есентай жатқандай болады да тұрады. Хасенғазының қылығын, өзімнің ақмақтығымды ойласам күні осы уақытқа шейін ұйқым бұзылып кетеді.
-Сен үйім, тар дейсің. Құдайдың бергеніне шүкіршілік ету керек,-деді Бейсенбек көршісі Қалижарға көшеде әңгімелесіп жүр ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 879 | Добавил: модератор | Дата: 26.07.2010

Алайда, әлден уақытта, жайма шуақ көңілім жай түскендей бұзылды. "Жедел мәшинемен" жеткізген Хасенғазының әкесін екі мықты жігіт зембілмен (носилкемен) көтеріп алып келіп: "қайда жатқызамыз?" дегенде шалқамнан түсе жаздадым. Ең алғашында ештеңеден хабарым жоқ, дайындап қойған төргі бөлмедегі төсекті көрсетіп едім, әлгілер ептеп кіргізіп, кереуетке жатқызғандарын да жөнді көре алмай, соңдарынан қыстырыла қарағанымда олар зембілін қолдарына ұстап алыпты. Жүрегімнің дір еткені-науқастың беті ақ матамен жауып қойыпты. Үстінде ауруханадан ала келген ескілеу ала одеял… Мен аузымды аштым да қалдым. Ойбай-ау, мұнысы несі? Төсек салынған жоқ болатын. Шыжыған ыстықта қымтап жауып кеткендердің қылығы таң қалдырды.
Үйге кешіге кірген Хасенғазы сөйлей кірді: "ақша бірдеңе бермесең, бүгінде ешкім ештеңе істемейді ғой, осылардың өзін әрең тауып келістім. Не қылған адамдар?! Ешқайсысынан қайыр-опа жоқ. Әкесі ө ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 972 | Добавил: модератор | Дата: 24.07.2010

Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2025  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz