|
Шөп шауып жатқан кездер төр жайлауда, Ат, өгізбен түсуші ек терең сайға, Ай туғанша тер төгіп еңбектеніп, Қайтушы едік, ол күндер енді қайда? Ізі де жоқ қосымыз-әлі есімде, Өрге бастар шатқалдың дәл төсінде, Қасында төмен аққан тау бұлағы, Енді көрем, шырт ұйқыда–түсімде. Оп-оңай жасаушы едік талдан күрке, Кейінгілер үйренді бірте-бірте, Сәбирәш, бізді күткен аспаз едің Айқабақ, тостақан көз, киген күрте… Мен кеттім оқу іздеп көп арманда Енді, міне, сен де арманда, мен де арманда Ұмытылмай жылы демің, ыстық құшақ Сені ойлаумен жүріп келем бұл жалғанда. М. Күркебайұлы
|
Ақсақалдардың «артық жұмыстан пайда жоқ» деген сөздеріне секемденбеңіз.
Лондон университетінің ғалымдары күніне сегіз сағаттан артық жұмыс істеу
зиян дейді. Бұл қорытындыға келмес бұрын олар 26 жылдық зерттеу жүргізіпті.
Нәтижесінде күніне 10 сағаттан артық жұмыс жасайтындардың 67 пайызында инфарктке
шалдығу қаупі жоғары болатынын, 71 пайызының көзінің көру қабілеті
нашарлайтынын дәлелдеген. Деніңнің сау болғанына не жетсін?! Дегенмен, мұның
өзі білек сыбана еңбек етудің орнына «жұмысқа үстірт қара» деген пікір емес.
|
(«Алтын
шаңырақ», №1, 2011ж)
Өзге ұлттың қыз балаларын қайдам, біздің қазақтың қыздарының құлағын тесіп
сырға салуы міндетті сияқты көрінеді. Құлағында сыңғырлаған сырғасы бар қазақ
қыздары ерекше сұлу, ерекше әдемі. Сырға таққан қыздарға ақындар өлең арнап,
сазгерлер сырлы ән шығарған. Ал біз осы қарапайым өмірде қыздың құлағын не үшін
тесетініне үңіліп көрдік пе? Жалпы, қазақ қыздарының құлағын қай жаста тескен?
Құлақ тесіп, сырға салып қоюдың не мәні бар?
Құлақ тесуде де тәрбие жатыр
Қазақта қыз баланың өміріндегі айтулы күн-құлағын тесу. Тоғыз жасты балиғатқа
толған кез деп айтады екен, ал жеті-қазақ үшін қасиетті санның бірі. Қыздың
құлағын көп жағдайда тек жеті
...
Толығымен (Подробнее)»
|
|
Ғашықтар жүрген жерде қайғы да бар. С. Сарайи
Ажырасар болған соң, құшып сүйгеннен не пайда. С. Сарайи
«Бұл дүние-ғашықтар дүниесі» деп айтады біліктілер. Құтып
Махаббат-қашып құтыла алмайтын қайғы. Р. Хорезми
Көрсетсе мейірбандық бейімделіп, Шапағат сыйла сен де пейілденіп. Р. Хорезми
Жаны таза адам сұлулыққа жаны құмар келеді. Р. Хорезми
Жылуы жоқ жүрек-қуыс кеуде. Ж. Баласағұн
|
 Қоңырқай үстелімнің үстінде ежелгі әдетім бойынша жаңадан әкелінген газеттерді қарастырып отыр едім, шаштары желбіреп күлім қағып немерем Рәзия жетіп келді. Қуанышында шек жоқ секілді. Кішкентай ғана сұқ саусақтарымен маңдай тісі жақты нұсқап: «Ата, аузыма қарашы, түсіп қалды»,-деді жымыңдап. Шынында бірнеше күн бойы босап жүрген бір тісі түсіп қалыпты. Оның солқылдап тұрғанын үйдегілеріміздің бәріміз көріп, жанына батып ауырмасын ойластырып, жан-жақтан «кеңес» бергенбіз: «Қозғама. Өзі әрі-бері қозғалып, босағанда қалай түсіп қалғанын білмейсің»,-дегенбіз. Айтқанымыз келгені ме, әлде қалай, біз де бір тұңғыш рет жеңіл мәшине сатып алған кісілердей қуандық. Мұның мән-жайына да сондай кеңірек тоқталып жүрміз әлсін-әлі. Мәселен, келесі күні келінім Маржан: «ұйқыдан оянғанымызда менен бұрын төсегінде отырып маған: «мама, мә, түсті» деп түскен тісін ұстатты, кішкене дорбама салып қойды
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Мамандар велосипедпен серуендеудің бірнеше пайдасы барын айтады. Дұрыс тебе білген жағдайда, яғни педальдерін дәлірек айналдырса аяқ сымбатты, ал бөксе шымыр болады екен. Ол сондай-ақ шыдамдылыққа жаттықтыратын, адамды аса шаршатпай-ақ белсенді жұмыс істеуге үйрететін құрал болып табылады. Оның көмегімен жүрек түткішелерінде қалып отыратын зиянды холестериннің деңгейін төмендетуге де болады екен. Бұл кезде адам жеңіл дем алғанмен, венада қан тезірек айналып, ол оттегімен толыға түседі. Оның жүрек үшін пайдасы өте зор. Ол үшін велосипедпен серуендеуді 15 минуттан бастаңыз. Мұндай серуеннің бұдан басқа да сырлары көп екен: сұрай жатарсыздар, қажет десеңіздер жауап қатуға әзірміз.
|
Қасым Аманжолов
Достар қайда жүрсіңдер
Достар, қайда жүрсіңдер, қай майданда? Мен де келе жатырмын малтып қанға. Ең болмаса біреуің кездессең ед, Ыстық, суық күндерде сағынғанда.
Күндер өтті, үңілдім сендерді іздеп, Айлар өтті: «көрмедік, білмейміз» деп, Жылдар өтті, таппадым, қайдасыңдар? Мені қуантсаңдаршы,-бірің кез кеп?
1945ж
Дариға сол қыз
Өңімде ме еді; Түсімде ме еді, Көріп ем ғой бір Армандай қызды...
Бір нәзік сәуле Күлімдеп еді, Сұрапыл соғыс Соқты да бұзды.
Сапырды дауыл, Тебренді теңіз, Тулады толқын, Шайқалды шың-құз...
Қып-қызыл өрттің Ішінде жүрміз, Қайда екен, қайда, Дариға сол қыз?!
Оқ тиді келіп, Қайратым кеміп, Барамын сөніп, Келмейді өлгім!
Тұрғандай сол қыз Жаныма келіп, Талпына берді Қайран жа
...
Толығымен (Подробнее)»
|
ҮзілістеКөп жердегідей Өскемен қаласының № 43 мектебінде де оқу жылы аяқталып келеді. Оның ішінде, әсіресе, бірінші сыныпқа әзірлік тобында оқып жүргендердің күнделікті өмірлері аса қызықты. Осында оқыйтын кішкене қызы Рәзияны күтіп алуға келген анасы Маржан мен топ мұғалімі Әлия апай балалардың үзілісінде күлкіге қарқ болды.Қалай дейсіз ғой?Маржан Рәзиядан әлдеқайда кіші үш жарым жастағы ұлы Ибрагимді мектепке ерте келген. Сол сынып есігі ашық кезінде ішке қарап тұрып, қолындағы әкесінің фотокамерасымен сыныптағыларды суретке түсіріп алмақшы болды. Өзі тіпті салмақты:-Суретке түсіріп алайын ба?-де
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Швециядағы шағын бір деревняның үш жүздей тұрғыны өз жерлестері сараң бай Хольгер Нильссонға онша назар аудармайтын. Сыра қайнату мен электр станциясынан тапқан талай миллионы бола тұра, ол жиырма жыл бұрынғы «вольвосын» мініп, сәннен әлдеқашан қалған киімімен жүретін, салық қызметкерлерін суқаны сүймейтін. Осы Хольгер 85 жасқа келіп қайтқанда өз жерлестерінің әрқайсысына 100 мың швед кронынан беруді өсиет еткені белгілі болды. Алайда жерлестері оның бұл қарекетін де бізге мейірі түскендіктен емес, салық төлегісі келмей өткендігінен деп бағалады.
|
Құранда: «(Мұхаммед) (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оларға: «Егер құлшылықтарың (дұғаларың) болмаса, Раббым, сендерді неге бағаласың?.. (Фурқан) сүресі, 77); «(Мұхаммед)! Егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса: Өте жақынмын, қашан менен тілесе, тілеушінің тілегіне жауап берем. Ендеше олар да әмірімді қабыл етсін. Және маған сенсін. Әрине тура жол тапқан болар еді»,-деп әмір етеді (Бақара,186).
Дұға жасаудың әдептеріне: қасиетті уақыттарда жасау, дұға жасаған кезде құбылаға қарап және екі қолын көкке көтеру, жоғарғы да емес және бәсең де емес орташа дауыспен дұға ету, жалбарынушы кейіпте болу байсалды кейіпте, Жаратушыдан қорқып сұрау, дұғасынде бек тұру, қабыл болатындығына күмән келтірмеу, тілек-дұғаны тоқтатпау, дұғаны Аллаһқа мақтау және Пайғамбарға салауат айтумен бастау, тәубе етіп тазарту, сөзімен және іс-
...
Толығымен (Подробнее)»
|
"Қайда жүрсең де Алла тағаладан қорық! Егер әлде бір қате іс істесең, оны жуып-шаятын ізгілік жаса! Адамдармен әрдайым жақсы мінезбен қарым-қатынаста бол!" "Иман келтірмейінше жұмаққа кірмейсіңдер. Ал бір-біріңді жақсы көрмейінше толық иман еткен болмайсыңдар. Ендеше сендерге бір-біріңді жақсы көруге себеп болар істі көрсетейін бе? Бір-бірлеріңе сәлем беріп, араларыңда тыныштық пен бейбітшілікті жайыңдар!""Бір-бірлеріңе сыйлық беріңдер. Сонда араларыңда сүйіспеншілік оянады". "Шынайы мұсылман-өзгеге қолымен де, тілімен де зиян тигізбеген адам"."Өздеріңе қалағанды өзгеге де қаламайынша толық иманға жетпейсіңдер"."Кімде-кім дүниені қаласа, Құранды басшылыққа алсын! Ал кімде-кім ақыретті қаласа, Құранды басшылыққа алсын! Ал кімде-к
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Өскемен қаласымен шектесіп жатқан Меновное ауылдық округінде тұратын халық ежелден мал ұстап, егіншілікпен шұғылданып келеді. Осыған байланысты туындайтын көптеген мәселелердің түйіндерін шешіп, белгіленген шаралардың көңілдегідей жүзеге асуына әкім Ерсейіт Қабдуәлиұлы Нұралдинов барынша мән беріп отырады. Мәселен, әлеуметтік маңызы бар бір мәселе-мұсылмандар бейіті мәселесі еді: Ахмер ауылындағы бейіттің жері түгесілгендіктен жабылғанда қалалық бейітке арналып, Самсоновка ауылының маңынан он бес гектар жер бөлінді. Бұл бір ғана мысал. Ал шариғат ережелерін дәстүрлі әдет-ғұрыптармен ұштастыру жөнінде ол Мұхамади атындағы мешіттің қызметкерлерімен ой бөлісіп тұратыны да құптарлық жай дер едік. Өйткені аталған мәселе бұл мешітке келуші мұсылман ағайындар арасында дұрыс уағыздалып, мазмұнды түсіндірме жұмыстары жүргізіліп тұрады. М. Абдуллин
|
Бір сөз айтсаң жақсыға, Аталы сөзге тоқтайды, Бір сөз айтсаң жаманға, Өмірінде ұқпайды. Надандықтың белгісі, Өзін-өзі мақтайды. Көкірегі соқырға Өмірде таң атпайды. Шешеннің сөзі шын асыл, Қап түбінде жатпайды.
Тон бітпеске тон бітсе, Қағуменен тоздырар. Жаман болса алғаны, Бір жігітті аздырар. Жақсыменен сөйлескен, Құмарыңды қандырар. Жаманменен сөйлессең, Көңіліңді қалдырар. Кез болсаңыз суайтқа, Өтірік айтып нандырар. Өсекшімен сөйлессең, Ұрмай-соқпай талдырар. Жолдас болсаң сараңмен, Жол үстінде қалдырар. Жаман болса достарың, Өзіңді жауға алдырар.
Жаман болса жақын жау, Шайпау болса қатын жау. Шабан болса атың жау. Тартыншақ болса түйең жау, Тебеген болса биең жау. Күнде келсе күйеу жау, Жымысқы болса жиен жау. Тіл алмаса ұлың жау, Арсыз болса қызың жау. Портрет: <
...
Толығымен (Подробнее)»
|
 Халқымыз үшін Жаңа жыл мейрамы наурыздың 22-сінде басталғанын бүгінде қалың жұртшылық жақсы біледі. Байырғы мереке бүгін мен ертеңге және үлкендер мен кішілерге өмірлеріне рухани азық боларлық ой салары анық. Осыған байланысты мына бір жәйіттерге назар аударылыңызды өтініп, Жанқұттының туындысын ұсынбақпыз.
Ай аттары Наурыз-хамал-март. Көкек-сәуір-апрель. Мамыр-зауза-май. Маусым-саратан-июнь. Шілде-әсет-июль. Тамыз-сүмбіле-август. Қыркүйек-мизан-сентябрь. Қазан-ақырап-октябрь. Қараша-қауыс-ноябрь. Желтоқсан-жәди-декабрь. Қаңтар-дәлу-январь. Ақпан-хұт-февраль.
Мүшел жас 1-мүшел-13 жас (ер жете бастау) 2-мүшел-25 жас (жігіттік шақ) 3-мүшел-37 жас (ақыл тоқтату) 4-мүшел-49 жа
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Көктемде сең жүреді астан-кестен, Бауырын ақ түйенің арқан тескен. Ұлыстың ұлы күні бас қосқанда Құрбыжан, өлеңінді айт қатар өскен.
Қарасу есік алды бойлағаным, Жалғанның қызығына тоймағаным. Кетер ме көмілсем де көкейімнен Қалқаммен ұлыс күні ойнағаным.
Ұлы істің ұлы күні наурызда Дос түгіл татуласар жауыңыз да. Жер баптап, бұлақтардың көзін ашып, Көшет ек, бақша-бауыңызға.
Етегі Қаратаудың көктегенім, Үлкеннің алдын кесіп өтпегенмін, Ұлыстың ұлы күні таңдап тапқан, Өзіңнен асқан сұлу жоқ дер едім.
Қаратау жазда менің жайлағаным, Көгалға жылда бие байлағанмын. Ұлыстың ұлы күні кездесіп ек Сен болдың ала жаздай ойлағаным.
Саласы Қаратаудың күздегенім, Құрбыңның білші күдер үзбегенін. Ұлыстың ұлы күні танысып ек Сен болдың жиын-тойда іздегенім.
Қойнауы Қаратаудың қыстағаным,
...
Толығымен (Подробнее)»
| |